Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет162/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

«ҚОР ТОБЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК 
БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» атымен толық тарау қарастырылған. 
Оның мазмұны төмендегідей: 
8-
бап. Қор органдары 
Қор органдары: 
1) жоғары орган - жалғыз акционер; 
2) басқару органы - директорлар кеңесі; 
3) атқарушы орган - басқарма; 
4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады. 
9-
бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері 
1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан 
Республикасының Үкіметі болып табылады. 
2. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және 
(немесе) Қордың жарғысында оның жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған 
255 


мәселелер жөніндегі шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі 
қабылдайды. 
3. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне: 
1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа 
редакцияда бекіту; 
2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 
3) Қордың даму стратегиясын бекіту; 
4) Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату; 
5) Қордың жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қордың 
орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім 
қабылдау; 
6) Қордың директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін 
айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын 
тоқтату, сондай-ақ Қордың директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз 
директорлардың санын өз қалауынша айқындау; 
7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбедегі компаниялардың 
акцияларын иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлікпен 
басқаруға беру; 
8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбедегі компанияларды тарату, 
қайта ұйымдастыру туралы шешу; 
9) Қор басқармасының төрағасын лауазымға тағайындау және лауазымынан 
мерзімінен бұрын босату; 
10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, 
жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың 
бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту; 
11) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 
көзделген жағдайлар басталған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу 
туралы шешім қабылдау; 
12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау; 
13) Қор "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңына сәйкес акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін 
бекіту; 
14) басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық айлық ақыларының 
мөлшерін және олардың еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы берудің шарттарын 
айқындау; 
15) банктердің акцияларын сатып алу және иеліктен шығару, сондай-ақ 
көрсетілген акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру;
16) осы Заңға және Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 
4. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға 
қатысты осы баптың 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер 
бойынша шешімдерді кейіннен компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) 
жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің дауыс беруі мақсатында 
Қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз 
акционері қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет