•
Тәуелсіз директорлардың байланысы көптеген есіктерді ашуға
қабілетті;
•
Тәуелсіз директор — беделді кеңесші.
Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар сайланатын компаниялардың саны
тұрақты түрде өсіп келетінін атап өткен маңызды. Алайда директорлар кеңесіндегі
тәуелсіз директорлардың сандық құрамы жөніндегі сұрақ тек қана акционерлердің
жиналысында шешіледі.
Компанияның қызметіне тәуелсіз директорлардың
ықпал етуі туралы
сұрақтарды қарастыра отырып, мұндай ықпалдың үш түрін бөлуге болады. Бірінші
Кеңеске 1-2 тәуелсіз директорлар кіреді. Бұл деңгейде компанияның айқындылығы,
акционерлердің барлық топтарының мүдделері артады. Екінші деңгей-
директорлар
кеңесінің төрттен бір немесе одан көбірек бөлігі тәуелсіз болған жағдайда бизнес-
шешімдер, бірлескен саясат және стратегияға ықпал ету мүмкін. Үшінші деңгей –
директорлар кеңесінің көпшілігі тәуелсіз. Бұл ықпал деңгейінің кері жағы да бар –
қабылданған шешімдердің салдары үшін тәуелсіз директорлардың максималды
жауапкершілігі.
Тәуелсіз директорлардың институтын мән-мағынасыз деп санайтын скептиктер
біз атап өткен мысалды алға тартады, Enron
американдық компаниясының
активтері компанияның кеңесінде көптеген тәуелсіз диреторлардың болғанына
қарамастан қолды болған. Бірақ бұл орын алған оқиға тәуелсіз директордың
мәртебесіне еш қатысы жоқ.
Resmi Group директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев «ТМД елдерінің
тәуелсіз директорларының бірінші саммитінде»
атап көрсеткендей, тәуелсіз
директорлар капиталдардың белгілі-бір нарығына қол жеткізу үшін ғана емес,
институттық инвесторлар бағалау үшін де керек. Ол: «Тәуелсіз директорлар
компанияның стратегиялық міндеттерін орындауға экспертиза енгізу үшін керек.
Бұл компанияны басқарудың тиімділігіне әсер етеді. Демек, компания тұрақты,
анағұрлым тиімдірек бола түседі, егер ол қоғамдық болмаса да,
бұл кез-келген
жағдайда оның нарықтық бағасына әсер етеді»-деп атап айтты.
А.Жамаловтың пікірі бойынша, басты кемшілік ҚР заңында тәуелсіз
директорлардың міндеттері мен құқықтары жазылмаған.
Сондықтан, егер құқық
жоқ болса, міндетер мен жауапкершілік те жоқ. Оның пікірі бойынша тәуелсіз
директорлар компанияда не үшін жауап беретіні және
олардың құзыреттілігінің
қандай екені айқын емес. Сондықтан мәжіліс депутаты тәуелсіз директордың
міндеттерін заңды түрде анықтауды ұсынады.
1
Достарыңызбен бөлісу: