Лабораториялық жұмыс №1 Тұз еруінің интегралды жылуын анықтау



бет2/6
Дата04.02.2024
өлшемі214 Kb.
#490758
1   2   3   4   5   6
Бақылау сұрақтары:

  1. ерітінді дегеніміз не?

  2. ерітінді концентрациясы немен өлешенеді?

  3. идеалды ерітінді дегеніміз не?

  4. идеалды және сұйытылған ерітінділер үшін Рауль заңын жызыңыз.

  5. сұйықтың қайнау температурасы дегеніміз не? Таза еріткіштің қайнау температурасына қарағанда ерітіндінің қайнау температурасы қалай өзгереді?

  6. сұйықтың қату температурасы дегеніміз не? Таза еріткіштің қату температурасына қарағанда ерітіндінің қату температурасы қалай өзгереді?

  7. концентрацияға тәуелді болғанда ерітіндінің қайнау және қату температуралары қалай өзгереді? Рауль заңының салдарын жазыңыз. Сурет түрінде көрсетіңіз.

  8. криоскопиялық және эбулиоскопиялық тұрақтылары дегеніміз не? Олардың физикалық мағыналары неде?

  9. еріген заттың молекулярлы массасын анықтаудың криоскопиялық әдісі неге негізделген?

  10. заттың (бейэлектролиттің) молекулярлы массасы оның қату температурасының төмендеуіне байланысты қалай есептелінеді?

  11. еріген заттың электролиттік диссоциациясы ∆tзам шамасына қалай әсер етеді?

  12. изотоникалық коэффициент дегеніміз не?

  13. диссоциация дәрежесі мен изотоникалық коэффициенттің арасындағы байланысын көрсетіңіз.

tзам КРИОСКОПИЯЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


Криоскопиялық әдістің көмегімен кез келген тапсырманы орындағанда қату температурасының төмендеуін – ∆tзам дәл анықтауға болады. Осы мақсатпен криоскопиялық тәжірибелерде температуралар айырмасын 0,010-қа дейін (ал лупаның көмегімен 0,0020-қа дейін) дәлдігімен анықтауға мүмкіндік беретін Бекманның дифференциалды термометрі қолданылады. Сынап бар қосымша қордың болуы термометрді температуралардың белгіленген интервалында жұмыс істеу үшін күйге келтіруге болады. Бекманның термометрі арқылы анықтауға болатын температуралардың (∆tзам) максимал айырмасы 5-60 құрайды.


Жұмыс криостатта орындалады (1 сур). Криостат араластырғышы 4 бар қардан (немесе ұсақталған мұз), судан және тұздан салқындатқыш қоспаны дайындайтын үлкен стаканнан 5 құралған.
Салқындатқыш қоспаға пробирканы 2 түсіреді; ақырғысы стаканның қақпасында жақсы тіркелуі және салқындатқыш қоспамен біркелкі қоршалуы керек. 2-пробиркаға араластырғышы 6 және Бекман термометрі 3 бар басқа пробирка 1 салынады.

1 сур. Криоскопиялық өлшеулерге арналған аспап.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет