Лабораториялық жұмыс №1 Тұз еруінің интегралды жылуын анықтау



бет3/6
Дата04.02.2024
өлшемі214 Kb.
#490758
1   2   3   4   5   6
АНЫҚТАУ БАРЫСЫ



  1. Жұмыстың басында қардан (немесе мұздан), судан және тұздан салқындатқыш қоспаны дайындайды. Жылы аудиторияда қоспаның температурасы -10 ± -120С болуы керек. Қоспаға кең пробирканы 2 салады және оны салқындатқыш қоспамен қоршайды.

  2. Пипеткамен 30 мл суды өлшеп, пробиркаға 1 құяды және жай лабораториялық термометрмен бірге салқындатқыш қоспаға криостаттан тыс алдын ала салқындату үшін салады.

  3. Пробиркада 1 еріткіш +1 ± +20С дейін суығанда, пробирканы 1 криостаттағы кең пробиркаға 2 салуға болады және Бекман термометрін орнатуға болады.

  4. Секундометрді қосып, әрбір 30 с еріткішті араластырғышпен 6 біркелкі араластырып, 0,0020 дейінгі дәлдігімен Бекман термометрі бойынша температураны жазу.

  5. Сынап бағаны төмендейді, және нөлдік нүктесінен шамамен 0,50 үлкен температурада араластыруды тоқтатып, еріткіштің әрі қарай тоңазытуын қадағалау.

  6. Тоңазыту Бекман термометрдің нөлдік нүктесіне қарағанда 0,5-10 жіберіледі, содан кейін сұйықты қарқынды араластыруды бастайды. Осыдан температура тез өседі, сұйықтың қату температурасының шамасына дейін жетеді де тұрақты болады. Температураны тағы 2-3 өлшеу.

  7. Пробирканы шығарып, қолмен кристалдардың еруіне дейін жылыту (Бекман термометрін еритін мұзға салу) және тәжірибені қайталау, содан кейін орташа мәнін алу.

  8. Пробиркаға 1 заттың керек мөлшерін салу. Алынған ерітінді үшін тәжірибені сол кезекте өткізу, бірақ тоңазытуды 0,50 жоғары жібермеу. Тәжірибені қайталау және орташа мәнін алу.

  9. Бақылаудың нәтижесі бойынша су (еріткіш) мен ерітіндінің салқындату қисығы салынады. Ордината осіне температура, ал абсцисса осіне – уақыт (мин) жазылады.

2 сур. Салқындату қисықтары: 1 – еріткіш


2 – ерітінді

Қисықтың 1 минималды нүктесі тоңазыту температурасына жауап береді, өсуінен кейінгі тоқтату судың қату температурасына сәйкес келеді. Қисық 2 үшін де солай.


Ескерту.

  1. Салқындатқыш қоспаны және тәжірибеге криостатты дайындау кезінде Бекман термометрін мұзы бар суда ұстау керек.

  2. Есінде болу керек, Бекман термометрі абай обращение талап етеді: кенет сілкіну болмайды. Еріткішке термометрді салғанда ол пробирканың түбіне 1-2 см жетпеу және араластырғышқа тимеу керек. Осындай термометрді тек тік күйінде ғана ұстауға болады.

  3. Бекман термометрі үшін нөлдік нүкте орнатылады – бұл еритін мұздың (қардың) температурасына сәйкес келетін термометрдің шкаласындағы температура. Бекман термометрін еритін мұзға салады да шкалада жай лабораториялық термометр бойынша 00С сәйкес келетін сынап бағанасын белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет