Лабораториялық сабақтардың календарлы-тақырыптық жоспарлары
Ап
та
ла
р
Лабораториялық сабақтар (2 сағ/апта)
Берілген тақырып бойынша лабораториялық жұмыстардың тізімі
1
Кіріспе сабағы. Физикалық зерттеудегі тәжірибенің рөлі. Физикалық
практикум «Жалпы физика» курсының айырылмас бір бөлігі. Қателіктер
теориясының элементтері және өлшеу нәтижелерін өңдеу. Лабораториялық
жұмыс бойынша есептеулерді рәміздеу. Механика бойынша лабораториялық
жұмыстарға қысқаша сипаттама. Физикалық практикумдағы студенттердің
оқу-зерттеу жұмыстары. Механика бойынша лабораториядағы қауіпсіздік
техникасы бойынша инструктаж.
2
№ 1 лабораториялық жұмыс. Өлшеу нәтижесінде пайда болатын
статистикалық заңдылықтар.
3
№ 2 лабораториялық жұмыс. Ұзындықты, ауданды және көлемді өлшеу.
4-15
№ 3 лабораториялық жұмыс. Дискінің инерция моментін анықтау.
№ 4 лабораториялық жұмыс. Қатты дененің айналмалы қозғалыс
динамикасының негізгі заңын зерттеу.
№ 5 лабораториялық жұмыс. Физикалық маятниктің тербеліс заңдарын
зерттеу.
№ 6 лабораториялық жұмыс. Көлденең қимасы айнымалы құбырдың
бойымен сұйықтың стационар ағысын зерттеу.
Бернулли теоремасы.
№ 7 лабораториялық жұмыс. Көлбеу маятниктегі домалау үйкелісін зерттеу.
№ 8 лабораториялық жұмыс. Айналма маятниктің көмегімен денелердің
инерция моменттерін анықтау.
№ 9 лабораториялық жұмыс. Шарлардың серпімді соқтығысын зерттеу және
Юнг модулін анықтау.
№10 лабораториялық жұмыс. Айналмалы-баллистикалық маятниктің
көмегімен дененің ұшу жылдамдығын анықтау.
№11 лабораториялық жұмыс. Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлығын
анықтау.
№12 лабораториялық жұмыс. Аударылмалы маятниктің көмегімен ауырлық
күшінің үдеуін анықтау.
№13 лабораториялық жұмыс. Сыбайлас жүйелердің тербелістерін зерттеу.
№14 лабораториялық жұмыс. Атвуд машинасында ауырлық күші өрісіндегі
денелердің ілгерілемелі түзусызықты
қозғалыс заңдарын зерттеу.
№ 15 лабораториялық жұмыс. Гироскоп.
Семестр бойында студент, курстың барлық бөлімдері бойынша, міндетті
түрде кем дегенде 10 лабораториялық жұмыстарды орындауы керек. №1 және №2
лабораториялық жұмыстар фронталды әдіспен орындалады. №3 - №15
лабораториялық жұмыстардың орындалу реті мұғалім тарапынан әрбір студент
үшін жеке тәртіпте жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |