Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі Жүргізуші Алтынгул


Сөз БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшелері Шканова Замзагул Зайтқызы мен Кальченко Ирина Константиновнаға беріледі



бет5/6
Дата03.10.2023
өлшемі39.31 Kb.
#479651
1   2   3   4   5   6
Сценарий Ш.Х.

Сөз БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің мүшелері Шканова Замзагул Зайтқызы мен Кальченко Ирина Константиновнаға беріледі.

«Қазақ биі». Жауқазын би ансамблі. Жетекшісі Қуанышева Гүлмейрам.

Студенттердің сұрақтары:

  1. Сіз педагог-ғалым ретінде бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторысыз. Сіздің оқулықтарыңызды қолданып жүрміз. Оқулық жазудың қиыншылығы қандай? Оқулық жазуға қандай шеберлік керек?

  2. Сізден қазақ әйеліне тән қайсарлық пен табиғи сұлулықты көреміз. Сұлулықтың сыры неде?

  3. Аналар Кеңесінің төрайымы ретінде қазіргі қыздарға көңіліңіз тола ма? Қазіргі қыздарды тәрбиелеуде қандай ұсыныс, кеңестер берер едіңіз?



Жүргізуші Алтынгүл:
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала - шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз! -
Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Білім бәсекесінде колледждің жұлдызының жарқырауы Сіздің есіміңізбен тығыз байланысты.
Шалқыма Хайроллақызының шығармашылық жұмысы мен табандылығының нәтижесінде педагогикалық колледж «Үздік әдістемелік қызмет», «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының үздігі» республикалық байқауларының жүлдегері атанды.
Сөз ұстаздардың ұстазы Шалқыма Хайроллақызына беріледі.

Жүргізуші Гүлнар: Жүрегі жұртым деп соққан апамызды елі де құрметтеді. Өмір жолы өнегеге толы, жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ерекше тұлғаның біліктілігі мен беделі, ғылым жолындағы биіктігі, қабілет-қарымы бағаланып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Ол «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР Білім беру ісінің озаты», «Нұр Отан» ХДП белсенді қызметі үшін төсбелгісімен, Ы.Алтынсарин медалінің, «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің, «Экономика мақтанышы», «Ұлт мақтанышы» ордендерінің иегері.
Қазақстанның бірнеше са­ла­­лық ғылымдар акаде­мия­лары­ның толық мүшесі, педагогика ғылым­дары­ның докторы, профессор Шалқыма Хайроллақызы болмысы бөлек танымал тұлға, әлі де берері мол ғалым.
Иә, Жайықтың жайсаң жанды игі жақсылары санатындағы ұлағаты мол ұстаз, тереңнен тылсым терген ғажап ғалым, қайсар да қажырлы қайраткер ретінде Шалқыма Құрманәлинаның тәуелсіз еліміздің тарихындағы орны, есімі елге аян. Осынау ұзақ та саналы еңбек жолында, жап-жас әрі көрікті ару қалпында ұлағатты ұстаздығымен қанаттанып, өзгелерді де қанаттандырып жүре беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет