Ұлан ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, бюджеттің орындалуы және 2011 жылға міндеттер



жүктеу 143.29 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі143.29 Kb.
Ұлан ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, бюджеттің орындалуы және 2011 жылға міндеттер

2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 100 пайыздан артық орындалды.


Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 9458,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 139,0 пайыз.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды игеру көлемі 2065,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,3 пайызға азайған.
Агроөнеркәсіп кешені 1 акционерлік қоғамнан, 1207 шаруа қожалықтарынан және 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, 2 өндіріс кооперативінен құралған.
Аудан аумағында барлығы 962481 гектар жер бар, оның 527877 гектары ауыл шаруашылығына арналған.
2010 жылы 39965 гектарға дәнді дақылдар, 25321,8 гектарға күнбағыс, 1074 гектарға картоп, 243 гектарға көкөніс, 1604 гектарға сүрлемдік жүгері, 27293 гектарға бір жылдық және көпжылдық шөп егілді.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында, 6 тұқым шаруашылықтары және  2 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар жұмыс істеуде. Ауданның үлкенді-кішілі шаруашылықтары жоғары сапалы тұқымдармен толықтай қамтамасыз етілді. Барлығы 2010 жылы 8800 тонна бидай қамбаға салынып, оның 4303 тоннасы тексерілді.


2010 жылы ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 37 мың гектарға егістік егілді.
Аудан шаруашылықтары көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 88,0 млн. теңге субсидия алды. Өткен жылы құны 290,1 млн. теңге құрайтын 58 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды.      
2010 жылы дәнді дақылдардан 43,8 мың тонна өнім жиналып, 1 гектардан 11 центнер түсім алынды. 
Өткен жылы арзандатылған 331 тонна минералдық тыңайтқыштар алынды, 2009 жылмен салыстырғанда 235 тоннаға артық.
Өткен жылы 230 тонна шөп, 6,4 тонна сенаж, 49,4 тонна сүрлем және 27,1 тонна сабан дайындалды.
2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42764 басты, қой-ешкі 97234 басты, жылқы 13416 басты, шошқа 7916 басты және құс 996380 басты құрады. Қой-ешкі 0,3 пайызға, жылқы 3,9 пайызға, шошқа 1,9 пайызға өсті, марал және түйенің басы 100 пайызды құрады.
2011 жылдың 1 қаңтарына 23439 тонна ет, 49456 тонна сүт, 17179,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, ет 106,0 пайызға, сүт 101,1 пайыз, жүн 107,1 пайызға өсіп, жұмыртқа 99,8 пайызды құрады.

2010 жылы 6 шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесі беріліп, олардың саны 22-ге жетті. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы ірі қара мал бойынша 8,0 пайыз, жылқы 11,4 пайыз, ұсақ мал 9,6 пайыз, шошқа 16,2 пайызды құрады, бұл облыс көрсеткіштермен салыстырсақ, ірі қара бойынша 2,5, ұсақ мал бойынша 3,6, жылқы 8,2, шошқа 15,0 пайызға артық.


«Құнжыра», «Екимбаев» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас сиырларын, ал «Қайрат» шаруа қожалығы сүтті симментал сиырларын және «Көрпебай» шаруа қожалығы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу жөнінде жұмыстар ұйымдастыруда. 
Малдарды бордақылайтын 25 алаңшаларда 3435 бас ірі қара және 5 алаңшада 2750 бас шошқа бордақыланып, онда өндірілген 687 тонна ірі қара малдың еті, шошқаның 220 тонна еті сауда орындарында сатылды. Мемлекет тарапынан ірі қара етіне 69,0 млн. теңге, жылқы етіне 2,0 млн. теңге, қой етіне 2,2 млн. теңге, шошқа етіне 21,0 млн. теңге, қымызға 1,0 млн. теңге субсидия берілді.
«Шығыс Сүт» корпорациясы, «Багратион Ұлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері елді мекендерде 33 орталықтандырылған сүт жинау пункттерін ұйымдастырып, өткізілген сүтке 43,0 млн. теңге субсидия алды. 
Ірі қара малын қолдан ұрықтандыруға қажетті 12 пункт, мал соятын 21 пункттер мен алаңшалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істеуде. 2010 жылы 5 мал сою алаңы, 2 мал қорымы салынып іске қосылды.        
Құнсыздану үдірістерін тежеу мақсатында, Ұлан ауданы мен Өскемен қаласы әкімдерінің меморандумы негізінде, ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем», «Шығыс Таңы», «Заречный» базарларының сату орындарында және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде 413 тонна ірі қара, 205,9 тонна шошқа, 14,25 тонна қой және 1,57 тонна жылқы еттері сатылды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істерді атқару жоспарлануда:

- ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жерін 105 мың гектарға ұлғайту;


- «Екимбаев» шаруа қожалығы негізінде I, II, III репродукциялық картоп және астық өндіретін асыл тұқымды шаруашылық құру;
- Аблакет, Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде картоп және көкөніс салатын суармалы жерлерді ұлғайту;
- Каменка ауылдық округінде 500 бас ірі қара малды бордақылайтын алаң салу;
- Украинка ауылында мың бас және Тарғын ауылында жүз бас сауын сиырға арналған сүт тауарлы фермасын салу;
- Өскемен, Каменка, Саратовка ауылдық округтерінде асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар құру;
- Егінсу ауылдық округінде асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық құру;
- Саратовка, Гагарин ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде 3 мал қорымын салу;
- Аблакет, Егінсу ауылдық округтерінде тұтынушы кооперативтерін құру;
- Аблакет ауылдық округінде және Асубулак кентінде жылыжайлар салу;
- Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде, Асубулак кентінде наубайханалар ашу.

Аудан көлемінде 1013 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Олардың 108 заңды тұлғалар, 905 жеке кәсіпкерлер. Кәсіпкерлік саласындағы жеке және заңды тұлғалардан жергілікті бюджетке 185,0 млн. теңге салық түсті, өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсті.


2010 жылы шағын және орта бизнес саласында 36 нысан ашылды. Олардың қатарында: 8 дүкен, 7 мал сою алаңы, 3 жылыжай, 2 кафе, 2 аяқ киім жөндеу пункті, 2 сүт тауарлы ферма, 2 мал бордақылау алаңы, шаштараз, автомобиль дөңгелектерін және тұрмыстық техника жөндеу пункттері, шағын наубайхана, қымыз сату орны, жанар-жағармай құю стансасы және демалу базасы бар.   
Өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен 49 рет аудандық деңгейде жәрмеңкелер өтті.
Нан және ұн өнімдерінің бағаларын арзандату мақсатында 2010 жылы облыстық тұрақтандыру қорынан 70,7 тонна әлеуметтік ұн бөлінді.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істер жоспарланды:

- Сағыр ауылында инвестициялық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын, «Өскемен полиэтилен трубалары зауытының» үшінші линиясын іске қосу; 
- Герасимовка ауылында инвестициялық жобалық құны 30,0 млн. теңгені кұрайтын, «Остметал ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің металлопрокат және құю цехін ашу;
- жобалық құны 905,0 млн. теңгеден тұратын, «Украинка» шаруа қожалығының мың басты сүт-тауарлы фермасы құрылысын бастау;
- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы жобалық құны 2455,0 млн. теңгеден тұратын, 20,0 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін өндірісті ұлғайту;
- «Өскемен – Самар» тас жолында сауда қатарларын ашу;
- Молодежный кентінде шағын муниципалдық базар ашу.
Ауданның бюджеттік көлемі 2010 жылы 2469823,0 мың теңгені құрады, соның ішінде трансферттер көлемі 1906,0 млн. теңге.       
Меншікті кірістің көлемі 551759,0 мың теңгені құрап, 104 пайызға орындалды. Болжамдағы сомадан 21159,0 мың теңге артық түсті. 2009 жылмен салыстырғанда өсім 17 пайыз болды.

Салық және салық емес төлемдер түсімдерінің 100 пайызға орындалуы қамтамасыз етілді.


Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды немесе 2465359,0 мың теңге игерілді. 
2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шотында 31463,8 теңге қалдық қалды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақылары толық көлемде төленді.
Ауданда 39 білім беру мекемелері жұмыс істейді. 35 мектепте 4411 оқушы білім алады, 4 балабақшада 315 бала және 30 шағын-орталықта 923 бала тәрбиеленеді.  
Білім беру мекемелерінде оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Манат ауылындағы Қ. Ақжолов атындағы орта мектебі оқушы санының азаюына байланысты, негізгі мектеп болып ауыстырылды. 
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге мектеп бітірген 365 түлектің 241 қатысып, аудан бойынша орташа балл 80,6 құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 балға жоғары (71,3 балл).
Жоғары оқу орындарына 134 түлек, колледждерге 289 түлек түсті. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 15 түлек жіберілді (10 мұғалім, 5 дәрігер). 
1-4 сынып оқушыларды және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бұл үшін бюджеттен 2010 жылы 34740,0 мың теңге қаражат бөлінді. 

Ауданның барлық мектептері интернет жүйесіне қосылған. 9 мектептің спутниктік жүйесі бар, бұған 2010 жылы 3999,0 мың. теңге бөлінді.  


Өткен жылғы жаз уақытында 215 оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалды. Осы іс-шараға жалпыға білім беру қорынан 1998,0 мың теңге бөлінді.  
2010 жылы 97574,0 мың теңге қаражатқа 3 нысан күрделі және 42998,0 мың теңгеге білім беру мекемелері ағымды жөндеуден өтіп, 22025,0 мың теңгеге пәндік және мультимедиялық кабинеттер және 10256,0 мың теңге қаражатқа оқулықтар сатып алынды.     
Мұғалімдерге көмір сатып алу үшін 4575,0 мың теңге және 47,71 млн. сауықтыру жәрдемақысы төленді. Аудан мектептері 25 жас маманмен толықты. 729 мұғалім тегін медициналық тексеруден өтті.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында ағымды жөндеу жұмыстарына 162248,4 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. 3006,0 мың теңге үнемделді. 181 адам жұмысқа орналасты. Орташа еңбек ақылары 30-35 мың теңгені құрады. 

2011 жылға жоспарланған жұмыстар:

1) Молодежный кентінде жобалық құны 500,0 млн. теңге 600 орындық қазақ орта мектебінің құрылысын бастау;
2) Ново-Одесское ауылында 220 орындық орта мектептің құрылысын бастау;
3) Жаңа Қанай ауылында 130 орындық орта мектептің құрылысын бастау «Бизнестік жол карта» бағдарламасы бойынша:
1) Бозанбай орта мектебінде күрделі жөндеу жүргізу (19554,0 мың теңге);
2) «Балапан» бағдарламасына 19466,0 мың теңге бөлу;
3) Бозанбай ауылындағы «Росинка» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу (50711,0 мың тенге).

2011 жылы арнайы кабинеттерді жабдықтауға 19276,0 мың теңге, үйден оқитын балаларды қашықтықтан оқытуға 3064,0 мың тенге қаражат бөлінді.  


Жалпы білім беру саласына 2011 жылы бөлінген қаражат соммасы 1566382,0 мың тенгені құрады.
«Аудандық медициналық бірлестік» құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана және 11 дәрігерлік амбулаториялар кіріп, халыққа дәрігерлік қызмет көрсетуде.
2010 жылы ауданға 4 дәрігер және арнайы-орта медициналық білімімен 8 жас мамандар келіп жұмысқа орналасты. Олардың әр қайсысына 98,91 мың теңге мөлшерінде көтерме ақы берілді. Сонымен қатар, Бозанбай ауылдық ауруханасының терапевт дәрігеріне тұрғын үй сатып алуға, 890,19 мың тенге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.
Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттен 381729,5 мың теңге бөлініп игерілді. Стационарлық науқастарды емдеуге 146420,6 мың теңге, жедел жәрдеммен емдеуге 41,0 млн. теңге, кәсіптік тексерілуге 6,0 млн. теңге, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетуге 180258,5 мың теңге бөлінді.   
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер дәрілерді жеңілдетілген бағамен сатып алу үшін 1399,0 мың. теңге және диспансерлік науқастарды 50 пайыздық жеңілдікпен емдеуге 12065,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Республикалық трансферттен 829,5 мың теңгеге (Таврия ауылындағы зертхана үшін спектро-фото калориметр, фото-электро калориметр, Молодежный кентіндегі амбулаторияға медициналық кептіру шкафы, алты каналды электро кардиограф) медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Таврия ауылындағы жас маман терапевт дәрігерге аудандық бюджеттен 300,0 мың теңгеге 2 бөлмелі пәтер сатып алынды.


2010 жылы аудандық орталық ауруханада өрт сөндіру сигналдарын жөндеу, І. Айттықов, Тарғын және Жаңа-Канай ауылдарындағы денсаулық сақтау мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы Мамай батыр ауылындағы фельдшерлік пункттің шатырын, Сағыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын жөндеу және Асубұлақ кентіндегі аурухананың жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Медициналық мекемелерді кадрлармен толықтыру мақсатында жоғарғы оқу орнын бітірген 9 түлектерді ауданда тұрақтандыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау ретінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 160867,0 мың теңге әлеуметтік көмектер төленді.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша:

  1. 450 адамды жұмысқа орналастыруға жоспарланған. 1410 адам жұмыспен қамтылды;

  2. 505 жұмыс орнын ашу қаралған болса, нақты 747 жұмыс орны ашылды;

  3. 70 жұмыссыз тұлғаларды оқуға жіберу жоспарланған, аудан бойынша 76 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді;

  4.  «Жастар-іс тәжірибесін өткізу» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланды, 19 адам жіберілді, тұрақты жұмысқа 7 адам орналасты;

  5. әлеуметтік жұмыс орнына 15 жұмыссыз тұлға жұмысқа жіберілді, тұрақты жұмысқа 9 адам орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 630 адамды қатыстыру көзделген, 650 жұмыссыз тұлға жіберілді, оларға 30080,0 мың теңге төленді.
Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 160 адамды құрайды, жұмыссыздар үлесі 0,7 пайыз.
«Жол карта» бағдарламасы негізінде 38 жоба бойынша 353 жаңа жұмыс орындары жоспарлаған, нақты жұмысқа 411 жұмыссыз тұлға жіберілді.
«Әлеуметтік жұмыс орындарына» 25 жұмыс орны жоспарланды, 35 жұмыссыз тұлғалар жіберілді, оның ішінде 19 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 15 адам жоспарланды, 24 адам жіберілді, 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлауға 150 адам жоспарланған, Саратовка ауыл шаруашылық колледжі «Тракторист», «Газбендәнекерлеуші», «Тас қалаушы», «Сылақшы», «Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері» және «Есепші» мамандықтары бойынша 157 жұмыссыз тұлға оқуға жіберіліп, олардың 41 тұрақты жұмысқа орналасты.
2010 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 263 отбасы 896 адамға ұсыныс жасады, осыған 13209,0 мың теңге төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетің жәрдемақы алу үшін 924 отбасы 2093 балаға ұсыныс берді, оларға 2797,0 мың теңге төленді, 2009 жылмен салыстырғанда 46 бала санына азайды (әлеуметтік көмектің осы түрін 2139 бала алды). Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын 17 мүгедек балаларға 1400,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 1307 отбасына 16891,0 мың теңге төленді.
Ұлан ауданында зейнеткерлер саны 5578 адам, олардың ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлер саны 37 адам, мүгедектер саны 1314 адам, 81 мүгедек бала.
2010 жылы мүгедектерге 1440,0 мың теңге бөлінді. Мүгедектерге арналған 15 арбаша алындыі. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша протез-ортопедиялық көмекке мұқтаж 9 мүгедек азаматтың өтініші қанағаттандырылды. 43 әлеуметтік жұмыскер 33 мүгедекке, 188 жалғыз басты зейнеткерлерге және 33 мүгедек балаларға үйде қызмет көрсетеді.
Бюджеттен 483 көп балалы аналарға 4830,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
«Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек» туралы облыстық мәслихат шешіміне сәйкес, 253 адамға 9555,0 мың тенге көмек берілді.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жоғары оқу орындарында оқып жүрген балалардың оқу төлем ақысын, шәкіртақысын және жатақханада тұруы үшін 53 студентке 16470,0 мың теңге төленді.  
Материалдық көмек бөлу және төлеу туралы арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша 1453 адамға 6256,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек берілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай, 40800,0 мың теңгеге үйлер сатып алынып, 24 соғыс ардагеріне берілді.


Республикалық бюджеттен 15915,0 мың теңге қаражат бөлініп, 43 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 60 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге және 1162 тыл еңбеккерлеріне төленді.
Сонымен қатар, 42 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 11 Ұлы Отан соғысына теңестірілгендерге, 6 тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек жергілікті бюджеттен 2135,0 мың теңге төленді.
7 мүгедек бала «Алтайская бухта» демалыс базасында ата-анасымен бірге 10 күн дем алды. Мүгедек, азқамтылған, жетім және қамқоршысынан айырылған 330 балаларға барлығы 825,0 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлық берілді.
Ауданның елді мекендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың ғимараттарының сыртқы келбеттерін сәулеттік талаптарға сәйкестендіру мақсатында, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 163 нысанға нұсқаулық хаттар тапсырылды. 

Аудан көлемінде 10 сәулеттік-жобалау тапсырмасы жасалып, 6 жобалық құжаттар келісілді. Олардың қатарында:       


- Төртқара көлінің жағалауындағы саяжай үй құрылысы; 
- Молодежный кентіндегі пәтердің бір бөлмесін дүкен жасақтау;
- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы балапандарды өсіретін үш цех құрылысы;
- Молодежный кентіндегі жеке тұрғын үй құрылысы; 
- Гагарино ауылындағы  тұрғын үйдің екі бөлмесін дүкен жасақтау;  
- «Аюда» демалыс базасындағы типтік коттедждердің құрылысы.

2010 жылы жалпы алаңы 4 мың шаршы метрді құрайтын, 41 жеке тұрғын үйлер, 13 саяжай үйлері, 4 дүкен, 3 жазғы үйлер, полиэтилен құбырлар зауыты, дәмхана, нотариус, және мал сою алаңы пайдалануға қабылданды.    


2010 жылы Таврия ауылында жалпы сметалық құны 115521,98 мың теңгені құрайтын, сумен жабдықтау жүйесін қайта құрастыру жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.
Молодежный кентінде жалпы сметалық құны 26102,0 мың теңге болатын, электр желісін тарту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, салуға жоспарланған 600 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамасының оң қорытындысы алынды.

2011 жылы құрылыс саласына байланысты төмендегідей жұмыстар жоспарлануда:   

1) Жалпы құны 161883,0 мың теңгені құрайтын, «Ново-Азовое ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру; 
2) Жалпы құны 186104,0 мың теңгені құрайтын, «Ұлан ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру».
3) «Донское ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу;
4) «Привольный ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу.
5) Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылысын бастау;
6) Ново-Одесское ауылындағы 220 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттарын түзету;
7) Тарғын ауылындағы мектептің жұмсақ жабындысын шатыр етіп  жасаудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, құрылысын жүргізу.

Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 707 шақырым, соның ішінде, республикалық жолдар 152 шақырымды, облыстық жолдар 162 шақырымды, жергілікті жолдар 393 шақырымды құрайды. 


2010 жылы жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуден өткізуге 59995,0 мың теңге қаражат бөлінді. Оның 19382,0 мың теңге қаражаты жолдар мен көшелерді қыста тазалауға, ал 39024,0 мың теңгесі ағымды жөндеуге жұмсалды. 
«Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданы 5,6 шаршы метр көшелер, үш көпір ағымды жөндеуден өтіп, оған 28241,0 мың теңге қаржы жұмсалды. 29 адам жұмысқа тартылып, олардың 19 жұмыспен қамту бөлімі арқылы жіберілгендер.
«Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының жарғы қорына 11295,0 мың теңге қаражат бөлініп, оған 2 тиегіш және шнекороторға қажетті құралдар сатып алынды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 58 жол белгілері және ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.
Тұрғындардың 47,4 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 2010 жылы сумен қамтамасыз ету және су қайтару жүйелерінің қызметіне 7408,0 мың теңге бөлініп, қоғамдық скважиналарды бұрғылау, сумен жабдықтау және канализация жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Молодежный кентінде 615 метр жылу жүйелері құбырлары ауыстырылып, 3370,0 мың теңге қаражат жұмсалды. «Жол карта» бағдарламасы бойынша 50218,0 мың теңге бөлініп, Молодежный кентінің жылу және сумен жабдықтау желілерінде ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді. Жалпы 59 адамға жұмыс орны ашылып, оның 36 жұмыссыздар санатынан қабылданды.
2010 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға, санитарлық тазалауға және көркейту мен көгалдандыруға бюджеттен 20409,0 мың теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға артық болды.

2011 жылы бюджетте елді мекендерді санитарлық тазалауға – 2 млн. 580 мың теңге, көркейту мен көгаландыруға – 4400,0 мың теңге және көшелерді жарықтандыруға – 8459,0 мың теңге қаржы жоспарланды. 


2011 жылға аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын ұстау және ағымды жөндеуге 45925,0 мың теңге, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – 1200,0 мың теңге қарастырылды.
«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» бағдарламасына 14923,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Митрофановка, Привольное ауылдарында, Огневка және Молодежный кенттерінде сумен жабдықтау жүйесін ұстау және ағымды жөндеу, сондай-ақ Бозанбай ауылында скважина бұрғылау және Молодежный кентінің канализациялық сорап станциясына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Тұрғындарға 41 спорт зал, 36 баскетбол мен волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабтары, 33 футбол алаңдары қызмет көрсетуде. Онда 7160 адам спортпен шұғылданады, яғни аудан тұрғындарының 17 пайызын құрайды.
14 облыстық халықтық спорт ойындарында ауданның құрама командасы төртінші орынды иеленсе, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы облыстық жарыста жалпы есепте бірінші орынға шықты.
Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған облыстық 5-ші жазғы спартакиадада мектеп және колледж оқушыларының құрама командасы 2-ші орынды иеленді.

Ауданда қысқы спорт түрлерін дамытуда үлкен көңіл бөлінуде. 35 мектепте шаңғы спортымен 915 оқушы, шайбалы хоккеймен 260 оқушы шұғылданады.


2011 жылға көпшілік спорттық іс-шаралар жоспарлануда:
Аудан әкімінің жүлдесіне арналған 15 халықтық ойындар, «Саулетай» атты жасөспірімдер арасында 9 спорттық ойындар, Ұлы Отан Соғысының батыры                 Т. Тохтаров жүлдесіне мұғалімдер спартакиадасы, Совет Одағының батыры Н. Лутты және ауған соғысының жауынгері М. Қожановты еске алуға арналған шайбалы хоккейден турнирлер, сондай-ақ «Шаңғы тебуге шақырамыз», «Президенттік қысқы жарыстар», «Қыстық спорттық бағыт» атты қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізу.
Аудандық мәдениет жүйесіне 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі, 18 ауылдық клубтар және 9 кітапхана кіреді. 
2010 жылы мәдениет мекемелерінің жұмысына 77906,0 мың теңге қаражат қарастырылды, оның 55803,0 мың теңгесі мәдениет және клуб үйлерінің жұмысына және 15799,0 мың теңге қаржы 9 кітапханаға бөлінді.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 12268,0 мың теңге қаражатқа Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты жөнделді. 3500,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің электр жүйелері жаңаланды.
2010 жылы «халықтық» атағы бар 5 ұжым және «Үлгілі» атағы бар 1 ұжым өз мәртебесін қайтадан қорғады. 3 шығармашылық ұжым жаңадан «халықтық» атаққа ие болды.

Үстіміздегі жылы Таврия ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жәндеу жоспарлануда. 


2010 жылғы статистикалық мәліметтер ауыр қылмыстар саны 28,6 пайызға (35-тен 25-ке), аса ауыр қылмыстардың саны 28,6 пайызға (7-ден 5-ке), денсаулыққа әдейлеп ауыр зақым келтіру 54,5 пайызға (11-ден 5-ке), тонаушылық 63,6 пайызға (11-ден 4-ке), топ ішінде жасалған қылмыстардың саны 33,3 пайызға (39-дан 26-ға), алкоголь және есірткіден мас болып жасалған қылмыстардың саны 36,4 пайызға (22-ден 14-ке) төмендегенін көрсетті.
Дегенмен де, аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыс түрлерінің азаюына, оларды болдырмауға бағытталған ішкі істер органдарының жұмыстарында олқылықтар жоқ емес.
Мәселен, қылмыстардың саны 26 пайызға (254-тен 320-ға), алаяқтық 75,0 пайызға, орта ауырлықтағы қылмыстар 38 пайызға (212-ден 290-ға), ұрлық 37,3 пайызға (161-ден 221-ге), оның ішінде мал ұрлығы 71,4 пайызға (42- ден 72-ге), автокөліктерді айдап кету 33,3 пайызға (6-дан 8-ге), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 22,2 пайызға (9-дан 11-ге), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны 14,3 пайызға (14-тен 16-ға) өсті.
Нашақорлықтың таралуы және есірткі заттарының таратылуы аландатушылық тудыруда. Есірткіні пайдаланушылардың қатарында кәмелетке толмағандар және жастар саны арта түсуде. 2010 жылы 14 есірткі қылмысы айқындалды (2009 жылы - 14).
Құқық бұзушылықты жасауға мүмкіндік туғызатын себептерді зерттеу және алдын алу шараларын өткізу мақсатында жұмыстық топтар құрылды.
«Сарбаз» құқық қорғау отрядтарықоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде  мақсатты жұмыс жүргізуде. Аумақтағы құқықбұзушылық жағдайы талқыланып, мал ұрлығының деңгейі аса жоғары ауылдық округтерде жылқы малын жаюдың кезекшілік тізімі жасалуда.

 

Экономика және қаржы бөлімі


бастығының міндетін атқарушы  Г. Курмашева

 



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет