Ұлан ауданының 2011 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі74.96 Kb.
#7822



Ұлан ауданының 2011 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2011 жылдың 9 айында жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 7938,4 млн.теңгені құрады, физикалық көлем индексі 99,0% құрады. Соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары - 1385,7 млн.теңге (ФКИ 113,4%), өңдеу өндірісі - 5836,0 млн.теңге (ФКИ 94,3 %).

Өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңде ет өңдеу және ет өнімдерін өндіру физикалық көлем индексі 0,5%-ға, сүт өнімдерін өндіру - 16,4%-ға, жарма өнімдерін өндіру - 25,1%-ға азайғандығы байқалады.

Ауыл шаруашылығы. Мұздалған құс етінің көрсеткіші 76,4% құрағандықтан, ет өңдеу және ет өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, мал етінен дайындалған және консервіленген азық-түлік 54,1% құраған.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ жетілдіру және ондағы ескі жабдықтарды жаңасымен ауыстыру жоғарыда аталған көрсеткіштердің төмендеуінің бір себебі болып отыр, алайда, жаңа технологиялар орнатылған соң мұздалған өнім шығарыла бастады, оның көлемі 3,1 мың тоннаны немесе былтырғы кезеңдегімен салыстырғанда 238,5% құрайды. Бұл өнім облысымыздың, Астана және Алматы қалаларының тұрғындарының үлкен сұранысына ие.

Жалпы алғанда, 9,4 мың тонна ет өңделген бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,2% құрайды.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ болжамы бойынша, жыл соңына дейін 12,4 тонна ет өндіріледі, бұл өткен жылғыдан 406 тоннаға артық.

2011 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 99,8 % құрады немесе салыстырмалы бағамен алғанда 8284,0 млн.теңге.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының кейбір көрсеткіштері түсіп кеткен. Мысалы, сүт – 41266,6 тонна немесе 98,7%, жұмыртқа – 11517,4 мың дана немесе 89,2 %.

Сүт өңдеумен ауданның екі кәсіпорыны айналысады: «Багратион Ұлан» ЖШС және «Восток Молоко» ЖШС.

Аудан кәсіпорындарында өндірілген сүт өнімдері 8,3 тоннаны құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 90,7%.

Өңделген сұйық сүт немесе кілегей көлемі 4,2 тоннаны немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96,9 % құрады, сары май 0,3 мың тонна немесе 72,2 %, ірімшік 0,6 тонна немесе 83,9 %, пісіп жетілмеген ірімшік 0,2 тонна немесе 85,6 %, өзге сүт өнімдері (йогурт, сүт және кілегей, ферменттелген немесе ұйытылған) 3,1 мың тонна немесе 86,9 %.

«Багратион Ұлан» ЖШС бойынша сүт өнімдерін өндіру көлемі 85,0%-ға орындалған. Өңделген сүт өнімі 149 тоннаға, айран 120 тоннаға, қаймақ 24 тоннаға, сары май 35 тоннаға, қатты ірімшік 9 тоннаға орындалмаған. Себебі – Глубокое ауданынан және Каменка а/о сүт сатып алатын «Крыкпаев» шаруа қожалығынан 200 тонна сүт түспеген. «Багратион Ұлан» ЖШС төлемді уақытында төлемегендіктен, «Крыкпаев» ШҚ сүтті тамыз айынан бастап «Эмиль» ЖШС-не тапсыруда. Өндіріс жүктемелігі - 43,0%.

«Восток Молоко» ЖШС бойынша өңдеуге түскен сүт 2011 жылы 8000 тоннаны құрайды, өткен жылмен салыстырғанда сүт 2000 тоннаға немесе 20%-ға кеміген. Кәсіпорын жүктелімі 59%. Себебі – Өскемен қаласында «Восток Молоко» ЖШС сүт қабылдау пункті ашылуына байланысты, Азов а/о, Таврия а/о, Бородулиха а/о - «Аубакирова» ШҚ, «Красный Яр» ШҚ, Курчумского ауданының – «Ақ қайнар» ШҚ сүт түспеуі болып отыр.

Ұн тарту өндірісінің өнімі былтырғымен салыстырғанда 25,1% орындалмаған. Бұл Жарма, ірі ұнтақталған ұн және дәнді дақыл өнімдері көрсеткіштерінің 40,9 %төмендеуінен болып отыр.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін екі кәсіпорын тіркелген, оның «Колос» атты кәсіпорыны айналымында қаражаты болмағандықтан жұмыс істемейді, ал «Алтай» ЖШС 70 тонна қарақұмық жармасын өңдеген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40,9 %. Шикізат болмауы себебінен өңдеу көлемі орындалмады. «Алтай» ЖШС қазіргі уақытта шарттар ресімдеумен және шикізат сатып алумен айналысуда. Жыл соңына дейін өткен жыл деңгейіне жеткізу көзделіп отыр.

2011 жылдың 1 қазаны жағдайында ауданда 47,5 мың бас ірі қара (98,2%) бар, бұл 2010 жылдың осы кезеңдегісінен 876 басқа аз, соның ішінде 17,8 мың сиыр (100,4%), 14,8 мың бас жылқы (101,1% немесе 168 басқа өскен), қой және ешкі 116,2 мың бас (98,3% немесе 1,9 мың бас аз), шошқа 8,0 мың бас (100,7% немесе 54 бас көп), құс 1134,1 мың бас (107,7% немесе 80,9 мың бас көп).

2011 жылдың басынан ірі қара мал басының төмендеуі байқалады: «Дархан» ш/қ мал өсіруден бас тартып, 400 басты құрайтын бар малын етке тапсырды, «Сара» ш/қ 43 бас бұзау сатты, «Багратион-2» ш/қ 4 бас бұқа және 50 бас торпақты ауданнан тысқары жерге сатқан, ірі жәрмеңкелерде 150 бас ірі қара мал басы сатылды.

Малдың бруцеллез ауруына шалдығуына байланысты, 2011 жылдың 9 айында өндірістік қайта өңдеуге 582 бас ірі қара малы 472 ұсақ мал жіберілді (2010 жылы – 56 ІҚМ және 521 ұсақ мал).

Тек «Украинка» ш/қ ғана бруцеллез ауруына шалдыққан мал анықталып, өндірістік қайта өңдеуге 140 бас асыл тұқымды сүтті сиырлар өткізілді, осыған байланысты, 2011 жылға жоспарланған Чехиядан 600 бас жоғары өнімді сүт беретін торпақтарды әкелуден «Украинка» ш/қ бас тартты.

Шаруа қожалықтарындағы сүт өнімінің төмендеуіне қазақтың таза ақбас тұқымының бұқаларын будандастыру және селекциялық тұқымдастыру жұмыстарын жүргізу арқылы асыл тұқымды емес малды етті малға айырбастау себеп болды. 2011 жылдың 9 айында сауылған сүт Бозанбай а/о («Фариза» ш/қ) бойынша - 5006 ц., Егинсу а/о бойынша («Есберген» ш/қ) - 961 ц., Каменский а/о(«Кунжыра» ш/қ) - 1558 ц., Саратов а/о («Агро Бам» және «Солтанбек» ш/қ) - 5148 ц., Өскемен а/о («Екимбаев» ш/қ) - 1310 ц., 2011 есепке алынбаған сүт 13983 центнер (бұзауларды емізу).

2010 жылдың аяғында «Колос» ш/қ құс фермасы жабылуына байланысты жұмыртқа өнімі азайып, 2000 бас тауық кеміді, Багратион, Бозанбай, Т-Тохтаров ауылдық және Асу-Бұлақ, Огневка кент округтері жұмыртқа өнімін негізсіз азайтқан.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да құс жайларын жетілдіру жұмыстары аяқталып қалды және жыл соңында толық өндірістік қуаттылыққа шығу жоспарлануда. Жұмысртқа кәсіпорынның соңғы өнімі болып табылмайтындықтан, олар тек инкубацияға жіберіледі және сұрыптау нәтижесін ескергендегі балапан басып шығару пайызы 2011 жылдың 9 айында 74,8% құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға жоғары, бұл ретте жұмыртқа саны анағұрлым төмендеді.

«Сагинкумаров» ш/қ 1000 бас асыл тұқымды қой, «Акшатау» ш/қ - 460 бас, «Сара» ш/қ - 367 бас сатқан, кіші шаруа қожалықтары 3000 бас қойды ауданнан тысқары жерлерге сатқан.

Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 1532,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 497,7 млн.теңгеге өскен.

Аудан халқы пайдалануға енгізген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2433 шаршы метрді немесе 2010 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 86,5 % құрайды. 2011 жылғы жоспар 5500 шаршы метр болғанда, 9 айдың жоспары 4370 шаршы метрді құрайды, осыған сәйкес, ағымдағы жоспардың 55,7% орындалған.



Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 1094713,0 мың. теңгені құрады. ФИК – 137,8 %.

Шағын бизнес. Ауданда 105 кәсіпорын тіркелген, оның 69-ы жұмыс істеп тұр, белсенді кәсіпорындар – 52. 2011 жыл басынан бері Ұлан ауданы бойынша 9 кәсіпорын тіркелген, олар – «KazEcosistem» ЖШС, «Saganak» ЖШС (құрылыс компаниялары), «НовоДонское» ЖШС (мал шаруашылығы), «Алтай» ауыл шаруашылығы кәсіпорыны» ЖШС (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу), «Белеу» ЖШС; «ЕртісАгропродукт», ЖШС, сонымен бірге, «Багдаулет несие», «Бастау» және «Сұр» атты 3 кредиттік серіктестік.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2011 жылдың 1 қазаны жағдайында жұмыссыздар ретінде 170 адам тіркелген, жұмыссыздар үлесі 0,7 % құрады. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды, бұл облыстық деңгейден 0,4% төмен.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 455 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп, есепті кезеңде 781 адам жұмысқа орналастырылды (бағдарлама 1,7 есе орындалды), сонымен бірге, 630 жұмыссыздарды ақылы жұмысқа жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 607 адамы жұмысқа жолданып, 33,0 млн.теңге төленді.

2011 жылы 70 жұмыссыз адамды оқуға жіберу жоспарланып, 77 адам 3,3 млн.теңге сомасына оқуға жіберілді. Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адамды жұмысқа жіберу жоспарланып, бүгінгі күні 18 адам жұмысқа орналастырылды, сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 15 әлеуметтік жұмыс орны қарастырылды және ол толықтай орындалды.

2011 жылдың 9 айындағы орташа айлық жалақы көлемі - 59353 теңге, облыстық көрсеткіш 76091 теңгені құрайды.



Білім беру. Қазіргі таңда ауданда 41 білім беру мекемелері мен ұйымдары жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептер - 35, оқу жылының басында оқушылар саны 4381 баланы құрады.

Аудандағы 4 балабақшада 333 бала қамтылған, сондай-ақ мектептер жанында 31 шағын орталық жұмыс істейді және онда 943 бала қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту 106,5% құрады, яғни 2010 жылы мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен 1198 бала қамтылған (80,5%), ал 2011 жылы - 1276 бала (82,5%).

2011 жылдың 9 айының жоспарына сәйкес, 35 спорт жарыстары өткізілді, оның 12-і «XY Халықтар ойындары» бағдарламасы бойынша. «Сәулетай» VIII облыстық балалар ойындарында Ұлан ауданының оқушылары 1-ші орынды иеленді. Ағымдағы жылдың қазанында волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі ойындары бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, күзгі каникул кезінде оқушылар арасында волейбол, футбол, тоғыз құмалақ, шахмат, компьютер ойындары бойынша жарыстар ұйымдастыру жоспарлауда.

Тұрақты түрде спортпен шұғылданатындар саны 7561 адамды құрады. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 103,6%-ға өскен.

Денсаулық сақтау. Ұлан ауданының медициналық бірлестігінде 2 ауылдық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория және 1 жекеменшік иелігіндегі стоматология бар.

Аудан халқына 25 медициналық пункт және 4 ФАП дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

2011 жылдың 9 айында 400 сәби дүниеге келді, өткен жылдың осы кезеңінде туған балалар саны – 399, ағымдағы кезеңде қайтыс болған балалар саны – 6, өткен жылы – 14. Сәбилер өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың 9 айында - 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда 19,5 бала санын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңдегісінен 2 есе төмен (2010 жыл– 1000 жаңа туған сәбиге шаққандағы бала саны 39,0).

Аудан бойынша туберкулезбен ауырғандар саны 2010 жылы 25,6 болса, 2011 жылы 35,0 санына өскен, бұл облыстық көрсеткіштен 1,3 есе көп. Былтырғы жылдың есепті кезеңдегісімен салыстырғанда туберкулез аруынан қайтыс болғандар саны 4,7-ден 2,5-ге дейін азайған.



Қылмыстық деңгейі. 2011 жылдың 9 айында Ұлан ауданының аумағында 283 жалпы қылмыстық қылмыстар тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5% көп. Қылмыстың ашылуы 67,5% құрады.

2011 жылдың 9 айындағы қылмыс динамикасы 2010 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда мынаны байқатады: адамның өліміне әкелетін қасақана қастандық жасау қылмысы 33,3% -ға азайғандығын (3-тен 2-ге), зорлау - 41,7% -ға (12-ден 7-ге дейін) азайған, бұзақылық жасау – 62,5%-ға (24-тен 9-ға), алаяқтық 75,0%-ға (4-тен 1-ге дейін), қорқытып алушылық -55,6% (9-дан 4-ке дейін), көлік айдап кету - 60,0% -ға (10-нан 4-ке дейін), өлімге әкелетін ЖКА 40,0%-ға (5-тен 3-ке дейін), әйелдерге қатысты қылмыстар 18,6%-ға (118-ден 96-ға дейін), кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 44,4%-ға (18-ден 10-ға дейін), кәмелет жасын толмағандар жасаған қылмыстар 36,4% -ға (11-ден 7-ге) азайған.

Жасөспірімдер арсындағы қылмыстың азаюы байқалады. 2010 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 11 болса, 2011 жылдың осы кезеңінде жасөспірімдермен 7 қылмыс жасалған және олар жасаған қылмыстың меншікті салмағы 2010 жылдың 9 айында 6,5 % болса 2011 жылдың осы кезеңінде - 5,1 %ға дейін төмендеген.

Қоғамдық орындаода жасалатын қылмыстардың саны өсікендігі байқалады, соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік көрсеткіші болып табылатын көшелерде. 2009 жылы көшелерде 5 қылмыс жасалған, меншік үлесі - 2,5%, 2010 жылы 6 қылмыс жасалған, меншік үлесі 2,3%. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде көшелерде 12 пқылмыс жасалған, меншік үлесі 3,7 % құрайды.



2011 жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда ауданда меншікке құныққан қылмыс саны өскендігі байқалады, 54,3%-ға өскен (164-тен 253-ке), соның ішінде мал ұрлау 57,9%-ға (57-ден 90-ға) өскен. Қылмыстың осы түрінің ашылуы ағымдағы жылы 38,3 % құрады.

Ұлан ауданының экономика

және қаржы бөлімінің

бастығы Г. Курмашева



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет