Ұлан ауданының 2015 жылғы 1 тоқсанға әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама



Дата23.02.2016
өлшемі25.66 Kb.
#7616
Ұлан ауданының 2015 жылғы 1 тоқсанға әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындысы туралы

анықтама
Есепті кезенде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болып сипатталады. Барлық көрсеткіштер болымды динамиканы көрсетті.

2015 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша өнеркәсібінің көлемі 4140,8 млн.теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 25,7% артық. Нақты көлемінің индексі (НКИ) 141,4% құрады.

Өнеркәсібінің негізгі үлесі (87,0%) өңдеу өнеркәсіп болып табылады. 2015 жылдың 1 тоқсанда бұл бағытта өнеркәсібінің көлемі 3603,7 млн. теңгені құрап, 25,8% артты. НКИ – 142,9%.

Тау-кен өнеркәсібінде 4,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 140,7%.

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылатын инвестицияның көлемі 726,5 млн. теңгені құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 35,5% өсуімен. Құрылым бойынша инвестициялардын көлемі өз және қарыз қаражат есебінен орындалды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 2,2 есеге.

2015 жылдың 1 сәуіріне шағын бизнестің 161 кәсіпорны тіркелген, олардың саны өткен жылдан 29,8% артты. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрғандарының саны 39 бірлікке немесе 50,0% артып, 117 бірлікті құрады. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 40,3% өсуімен 101 бірлікті құрады.

Ауданның аграрлық секторында 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының көлемі 3664,5 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,7% артық, НКИ – 106,0%.

8,0 мың тонна ет (өсім 7,1%), сүт – 8,3 мың тонна (өсім 4,5%), жұмыртқа – 4,9 млн. дана (өсім 3,5%) өндірілді.

Ірі қара малдың саны 55,6 мың басқа (өсім 4,4%), соның ішінде сиырлар 21,3 мың басқа (өсім 9,9%), қой мен ешкі 107,8 мың басқа (өсім 8,0%), жылқы 19,2 мың басқа (өсім 16,6%), құс 1656,2 мың басқа (өсім 16,9%) артқан.

Шошқа басының саны 7,1 мың басқа дейін немесе 11,5% төмендеген.

Бөлшек сауда тауар айналымы 946,1 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 9,5% артты, НКИ-104,7%.

2015 жылдың 1 тоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 18,4% артып, 514,8 млн.теңгені құрады. НКИ – 116,3%.

2015 жылдың 1 сәуіріне 1267 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді, өсім 3,9%.

2015 жылдың 1 сәуіріне меншік кірістер бойынша аудан бюджетіне 231,2 млн.теңге түсті, жоспар 191,3 млн. теңге болғанда асыра орындау 9,6 млн.теңгені немесе 104,5% құрады. Бюджеттің меншік кірістер көлемінің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 120,9% құрады.

Ауданның 9 бала бақшада (3 мемлекеттік, 3 жеке, 3 мектеп-бала бақша) және 27 шағын орталықтарда мектепке дейінгі оқумен 1-5 жас аралығында 1680 бала немесе 85% (қамтылуыға тиісті 1-5 жас аралығында 1994 бала) қамтылды. Мектепке дейінгі оқумен 3-6 жас аралығында 100% құрады.

Ауданда туберкулезге шалдыққандар саны 5 бірлікке төмендеп тұр, 2014 жылы 14,9-дан 2015 жылы 9,9 –ға дейін төмендеді (100 мың халық ішінен). Туберкулезбен ауырғандардың санының деңгейі 100 мың халыққа 66,4% құрады.

Ішкі істер бөлімінің мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың 1 тоқсанда аудан бойынша 75 қылмыс тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2,7% құрады. Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі 100,5% құрады.

Ішкі істер бөлімі бойынша 2015 жылдың 1 тоқсанда ауыр және аса ауыр қылмыстардын ашылуы 100,0% құрады.



2015 жылдың 1 тоқсан бойынша Ұлан ауданы 19 аудан және қала аралығында 3 орын алды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы Р. Манапов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет