Ұлан ауданының әкімі А. Садыковтың 2013 жылы атқарылған жұмыстар және 2014 жылдың жаңа міндеттері туралы есепті баяндамасың жобасы



жүктеу 388.32 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі388.32 Kb.
Ұлан ауданының әкімі А.Садыковтың 2013 жылы атқарылған

жұмыстар және 2014 жылдың жаңа міндеттері туралы

есепті баяндамасың жобасы
Ұлан ауданының 2013 жыл ішіндегі экономикасы мен әлеуметтік салалар дамуының алдын ала қорытындыларын шығара отырып, негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама жақсара түскендігін атап өтуге болады.

Ұлан ауданының 2011 – 2015 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасы жасалып, ондағы жоспарлар мен міндеттер жүйелі түрде жүзеге асырылуда.


БЮДЖЕТ
2013 жылға ауданның бекітілген бюджеті 4653,215 млн. теңгені құрады. Жыл ішінде ауданның бюджеті 5278,6 млн. теңгеге өсті немесе өсу деңгейі 113,4 пайызды құрады. Соның ішінде: субвенциялар, облыстық және республикалық бюджеттен түскен трансферттердің көлемі 4246,5 млн. теңге, меншікті кірістің көлемі 804,3 млн. теңге, несиенің қаражаты 187,1 млн. теңге. Меншікті кірістің көлемі болжамдалған сомадан 28,8 млн. теңгеге артық түсті немесе 103,6 пайызға орындалды.

2014 жылға арналған аудандық бюджеттің кірісі мен шығысы аудандық мәслихаттың сессия шешімімен 4632,013 млн. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде меншікті кірістің көлемі 900,614 млн. теңге, субвенциялар мен трансферттер 3255,6 млн. теңге, несие қаражатының көлемі 336,948 млн. теңге.



ИФО

Агроөнеркәсіп кешені
Ауданның 2013 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің жұмыс нәтижесі, аталған саланың тұрақты дамығандығын көрсетті, оң динамикасын сақтады.

Өткен жылғы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы түсімінің көлемі 19612,7 млн. теңгені құрады. Бұл 2012 жылғы өлшемнен 10,1% асады. Оның ішінде мал шаруашылығында 14799,9 млн. теңге (103,5%). Ауданның агроөнеркәсіп кешені жеке салмақ үлесі облыстық өнімнің жалпы түсім көлемінің 7% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша аудан 6 орында.

Тамақ кәсіпорындары мен қайта өңдеу өнеркәсібі 10,6 млрд. теңгенің тауарлық өнім өндірді, Азық - түлік тауарларының физикалық индекс көлемі 114,5 % құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда өсу 14,5 % құрады.
Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Өнімдердің индекс көлемі (ИФО) 110,1% құрады, бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Ет өндіру 2012 жылғы көрсеткіштен 4,5 пайызға, сүт өндіру 1,9 пайызға артты. Жұмыртқа өндіру өткен жылдың деңгейінде.

Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша ірі қара мал саны 46,5 мың басты немесе 2012 жылдан 107,4% құрады. Сиыр саны 474 басқа немесе 2,6%-ға өсті. Жылқы саны 16,3 мың басты құрады (2012 жылдан 102,1%) немесе 340 басқа артық. Шошқа 8,1 мың бас. Құс саны 8,8% немесе 107,3 мың басқа, қой-ешкі саны 1,9% немесе 1531 басқа өсті.

Мал өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында қолдан ұрықтандыру және селекциялық асылдандыру жұмыстары атқарылуда. Соның нәтижесінде ірі – қара асыл тұқымды мал санының үлесі артты.

Ауданда 37 асыл тұқымды шаруашылық тіркелген, оның ішінде етті өсіретін 9 шаруашылық, сүтті ірі – қара өсіретін 4 шаруашылық, қой өсіретін 6, жылқы өсіретін 8, ара өсіретін 8, марал өсіретін 1, шошқа өсіретін 1 шаруашылық бар.

Асылдандыру-сұрыптау жұмыстарының нәтижесінде барлық мал ішіндегі асыл тұқымды мал үлесі ірі қара мал шаруашылығы бойынша 14%, қой-ешкі шаруашылығы бойынша 12%, жылқы шаруашылығы бойынша 14,9%, ара шаруашылығы бойынша 40,8%, шошқа шаруашылығы бойынша 19,3%, марал шаруашылығы бойынша 100%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер облыстық орта көрсеткіштен жоғары.

Еттің экспорттық потенциалын арттыру мақсатында «Багратион-2», «Сағынқұмаров» шаруа қожалықтары негізінде асыл тұқымды репродукторлар құрылды.

Үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасы және басқа да несие көздері арқылы 105,0 млн. теңге несие алынды, оған 521 бас асыл тұқымды ірі қара мал, оның ішінде 32 бас бұқа сатып алынды.

Одан басқа, шаруа қожалықтары өз қаражаттарына 427 бас асыл тұқымды ірі қара мал, оның ішінде 71 бас бұқа және 310 бас жылқы сатып алды.

Аудан бойынша 28 ірі қара малдарын бордақылау алаңдары жұмыс істеуде, оларда 4 мыңға дейін ірі қара мал бордақыланып, 650-700 тонна ет өндіріледі.

Ауданда 4 мал сою пункті, 13 мал сою алаңы жұмыс істеуде.

Жаңа ғимараттарды салу және ескі қораларды жөндеудің нәтижесінде 1604 бастық 9 фермада 5840,9 тонна сүт өндіріліп, бір сауын сиырдан 2751 кг сүт сауылды.

Мал шаруашылығын қолдауға және дамытуға өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттерден 1591,9 млн. теңге субсидия бөлінді.

«Ұлан мал дәрігері» мекемесі сиырды қолдан ұрықтандыру пункті бар ветеринарлық пункттер құрды. Ірі қара мал, ұсақ мүйізді малдар толығымен бірдейлендірілді, 707 бас қаңғыбас иттер ұстап құртылды.

Мал өнімдерінің көлемін ұлғайту мақсатында азық-түлік қоры толықтырылуда. Азықтық дақылдар көлемі 17,9 мың гектардан 42,6 мың гектарға ұлғайды.

Сонымен қатар мал шаруашылығының дамуына кедергі келтіретін, шешімін таппаған сұрақтар да бар, Олар:

Шару қожалықтарының ұсақтығы, мал шаруашылығына иннавациялық технологияларды енгізуге және осы технологияларды енгізу үшін берілетін несие қаражатына қол жеткізу үшін кепілдік жетіспеушілігі кедергі келтіруде.

Мал шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізуге малдың көп бөлігі жеке шаруашылықтарда болуы (65 пайыздан артық). Бұл тауар өндірушілердің инновацияны енгізуге мүмкіндіктері төмен.

2014 жылы мал басының санын ірі қара малдар бойынша 47914, оның ішінде сиырды 19255, жылқыны 16767, қой - ешкіні 81537, шошқаны 8275, құс санын 1 361 199 басқа – 103 пайызға жеткізу жоспарланды.

Үстіміздегі жылы 29255 тонна ет, 52058 тонна сүт, 19856 мың дана жұмыртқа, 206 тонна жүн өндіріледі.
Өсімдік шаруашылығы

Өткен жылы кондициялық тұқымды дәнді дақылдар 42,5мың га алқапқа егілді. Күнбағыс 26,8мың га, картоп 1,1 мың га, көкөніс 0,25 мың га және мал азықтық дақылдар 46,5 мың га жерге егілді.

Дәнді дақылдардың орташа түсімі әр гектарынан 8,5 центнерді құрады. Күнбағыс 8,8 цн., картоп 302,7 цн., көкөніс 300 цн. құрады.

Астықтан 36,2 мың тонна, күнбағыстан 23,7 мың тонна, картоптан 33,3 мың тонна, көкөністен 7,3 мың тонна өнім алды.

Ауданда I, II, III репродукциялы тұқым өндіретін 6 тұқым шаруашылығы және 2 элиталы тұқым шаруашылығы бар.

«ВВГ Багратион» шаруа қожалығы «Фрегат» пайдалану арқылы егіс алқаптарын жаңбырлату қондырғыларын және тамшылатып суаруда «Екимбаев», «Украинское» шаруа қожалықтары Канадалық «Валлей» жаңбырлату жүйесін пайдалануда. Суармалы жерлер көлемі 1880 га құрайды.

2013 жылы аталған технология 53,2 гектар жерде пайдаланылды. Алдағы жылдарда осы технология бойынша суарылатын жер көлемін ұлғайту көзделуде.

Мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарына субсидия төлеу арқылы қолдау көрсетілуде. Мәселен, өткен жылы өсімдік шаруашылығын қолдауға 171,4 млн. теңге төленді. Оның ішінде:

- Жанар-жағар май құнын арзандату үшін 133,4 млн. теңге, элиталық тұқым құнын арзандату үшін 30,3 млн. теңге, суармалы жерлерге берілетін су құнын арзандату үшін 7,7 млн. теңге берілді.

Аудан бойынша барлығы 2499 бірлік ауылшаруашылық техникалары тіркелген, оның ішінде 1403 трактор, 336 комбайн, 748 тіркеме, 2 жол-құрылыс және 10 қарда жүретін техника. Көлемі 387,0 млн. теңгені құрайтын 61 ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Оның ішінде «КазАгро»ҰБХ арқылы 97,0 млн. теңгеге 15 техника және 2 егу комплексі, 8 астық комбайны, 20 трактор, 13 басқа да техникалар сатып алынды.


Қайта өңдеу
Аудандағы азық-түлік пен қайта өңдеу өнеркәсібі 8 саланы қамтиды (ет, сүт, ұн өңдеу, нан-тоқаш пісіру, макарон, жарма, май, алкогольсіз ішімдіктер), соның ішінде 3 ірі кәсіпорын.

Статистикалық есеп бойынша қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 12265,5 мың теңгені құрады.

Көлем индексі (ИФО) «Өскемен құс фабрикасы» республикадағы ірі құс етін өндіруші кәсіпорындар қатарына жатады. Онда жылына 20,0 мың тонна ет өндіріледі. 2013 жылы 18366 тонна ет өндірілді. 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1782 тоннаға немесе 11пайыз артық.

«Багратион Ұлан ЖШС» және «Восток Молоко» ЖШС сүт өңдеумен айналысады. Өнеркәсіп қуаты 72 пайызға пайдаланылуда. Ауданда 10204 тонна сүт өнімдері өндірілсе, оның ішінде «Восток Молоко» ЖШС -7422 тонна, «Багратион Ұлан» ЖШС -2782,2 тонна сүт өндіреді.

Аудандағы 9 сүт-тауарлы фермаларда 2653 бас аналық және жас сиырлар бағылуда. Аналық малдар қолдан ұрықтандырылады.

Ауданда 31 орталықтандырылған сүт қабылдау пункттері ұйымдастырылып, олар 2 сүт өңдеу кәсіпорындарын қамтамасыз етеді. Аталған кәсіпорындарда ауылшаруашылығы құрылымдарымен өңдірілетін сүттің 74 % және тұрғындар өндіретін сүттің 16 % қайта өңделеді.

«Багратион-2» шаруа қожалығы 800 басқа арналған сүтті - тауарлық ферманың құрылысын бастау көзделді. Жобаның құны 220,0 млн. теңге. Ауданда 5 ауылшаруашылығы тұтыну кооперативтері бар, олардың 3-уі өсімдік шаруашылық бағытында, 2–уі мал шаруашылығы бағытында.

Көкөністерді қайта өңдеу үшін Қасым Қайсенов кентінде өңдеу мен консервілеу цехының құрылысы басталды. Жобаның құны 21,0 млн. теңгені құрайды, қаржыландыру «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 12 адам жұмыспен қамтылады.


Кәсіпкерлік

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп саласында өткен жылы өнім көлемі (тауар және қызмет) 12265,5 млн. теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі 105,4 пайыз, соның ішінде тау кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу – 19,5 млн. теңге (ФИК 1,4% ), қайта өңдеу өнеркәсібі – 10915,8 млн. теңге (ФИК 112,7 %), оның ішінде азық түлік өнімі 10595,1 млн. теңге (ФИК 114,5% ).

Есептік кезеңде негізгі капиталға 5696,6 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 117,3 пайыз.

Шағын бизнес. Экономиканың нақты секторының басым бағыттардың бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамуы болып табылады.

2014 жылдың 1 қаңтарына 3073 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген немесе былтырғы жылдан 100,9 % жоғары. Оның 116 – заңды тұлғалар, 718 жеке кәсіпкерлер.

Ауданда орташажалақы 72246 теңгені құрайды ол былтырғы жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға артық.

Ауданда 204 дүкен, 14 киоск, 1 нан зауыты, 15 шағын наубайхана, 11 ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін цех, 8 шаштараз, 9 дәріхана, 3 тігін цехы, 21 дәмхана, 5 жанар-жағар май стансасы, 2 жиһаз, 4 аяқ киім жөңдеу цехы, 2 фотоателье бар.

2013 жылы 25 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылды. Ол 9 дүкен, 2 дүнгіршек, 4 дәмхана, 1 аяқ киім жөңдеу пункті, 2 кіші наубайхана, 4 шаштараз, 1 матрас пен көрпе жөндеу цехі, т.б.

Шағын бизнесті қолдау. Ауданда шағын бизнесті қолдауға және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында, «Казагромаркетинг» АҚ, «Көмек» ЖШС, «Айыртау несие» ЖШС, «ВК Консалтинг» жеке кәсіпкер, «Султан» жеке кәсіпкер және «Ұлан» ЖШС қызмет көрсетеді.

Өткен жылы Қасым Қайсенов кентінде жеке кәсіпкерлік пен айналысуға және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге көмек көрсететін «Кәсіпкерлік орталығы» ашылды.

ҮИИД бағдарламасы. Үдемелі индустриалды инновациялық бағдарлама аясында аймақтық индустриаландыру картасына «Өскемен полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС полиэтилен трубаларын өндіру жобасы (құны 150,0 млн. теңге), «Айтас МП» ЖШС еттен және құс етінен тамақ өндіретін зауыттың құрылысы енді (жоба құны 1594 млн. теңге).

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, аудандағы 6 шағын және орта бизнес субъектілеріне бизнес жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау ретінде 417,0 млн. теңге көлемінде кредит берілді. Мәселен, Өскемен құс фабрикасына 84,2 млн. теңге, Өскемен полиэтилен құбырлар зауытына 50,0 млн. теңге және жеке кәсіпкер Назаренкоға 4,0 млн. теңге көлемінде субсидия жасалды.

Инфляция. Инфляциялық мәселелерді реттеу, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу, бағасын тұрақтандыруға қол жеткізді.

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер арасында әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларын 10 % аспайтын үстеме мен саудалау туралы 215 меморандумға қол қойылды.

Ауылшаруашылығы өнімдерін сату бойынша «Демалыс күнгі» жәрмеңкені өткізу қарқын алды. 2013 жылы 52 жәрмеңке өткізіліп, 35,0 млн. теңге сомасында базар бағасынан төмен бағамен ауылшаруашылығы өнімдері сатылды.



2014 жылға белгіленген тапсырмалар:

  1. Алға қойылған өндірістік индекс көлемінің көрсеткіштерін орындау;\

  2. Өнеркәсіпте 100,5 %;

  3. Тау-кен өнеркәсібінде – 100,5 %;

  4. Өңдеу өнеркәсібінде – 100,7 %;

  5. Республиклық және аймақтық индустриялдық картаға қосылған жоба санын көбейту;

  6. Инновациялық-белсенді кәсіпорындар санын көбейту;

  7. Шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді санын арттыру;

  8. Азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексінің жоғарылауын болдырмау;

  9. Мемлекеттік сатып алу бойынша мекемелерде және кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнды 95,3 % жеткізу;

  10. «Бизнестің жол картасы -2020» және «Өнімділік-2020»бағдарламалары бойынша жобаларды жетілдіру;


Жер пайдалану

Ауданның аумағы - 962 481 га құрайды, оның ішінде:

- ауылшарушылық мақсатындағы жерлер – 510 728 га,

- елді мекендердің жерлері - 76 606 га,

- өнеркәсіп, көлік, ауылшаруашылық мақсатына жатпайтын жерлер 8 746 га,


  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 91 га,

  • орман қорының жерлері – 131 616 га,

  • су қорының жерлері – 15 753 га,

  • Қосалқы жерлер – 210 383 га,

Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлердегі егістік көлемі 136 419 га құрайды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3286 га артық.

2012 жылы мемлекеттік қаражат есебінен, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу жүргізілді. Қорытындысы бойынша ауылшаруашылық жерлерінің бір түрінен екінші түріне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жер кодексінің бабтарына сәйкес, жалпы көлемі 18640 га құрайтын жер, тараптардың келісімі бойынша 113 жер пайдаланушымен жалдау келісім шарты бұзылды.

2013 жыл бойынша жалпы көлемі 29536 га 128 жер телімі қосалқы жер санатына ауыстырылды. Жерді ауыстыру жер пайдаланушылардың өз еркімен жер телімдерінен бас тарту, сондай-ақ, жер телімдерінің жалдау мерзімдерінің бітуіне байланысты жүзеге асырылды.

Жыл басынан бергі түгендеу нәтижесінде жалпы көлемі – 3200 га құрайтын пайдаланылмаған жер телімдері немесе заңды бұзу арқылы пайдаланылған 33 жер учаскесі есепке алынды.

Ауданда ауыл шаруашылық жер қорының тексеруі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жалпы көлемі 68 700 га 392 пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды, оның ішінде 14 400 га егістік. 2013 жылы жалдау келісім шарттарын бұзу жолымен бұл жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерін мақсатты пайдалануы бойынша түгендеу жүргізілді.

Оның қорытындысы бойынша жалпы көлемі – 6,0 га құрайтын 60 жер телімдері мақсатты пайдаланылмайтыны немесе заңды бұзу арқылы пайдаланылатыны анықталды.

2013 жылы жер телімдерін сату бойынша бірінші аукцион өткізілді. Оның қорытындысы бойынша сатуға қойылған 7 жер учаскесінің 5 жер учаскесі сатылды (жалпы көлемі -88,8 га).

Жер телімдерін мәжбүрлеп тартып алу бойынша сотқа талап арыздар жіберілді. Сот шешімі негізінде жалпы көлемі – 3 633,6 га құрайтын 11 жер телімдері қайтарылып алынды.



ҚҰРЫЛЫС
«100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2013 жылдан 4 мектептің құрылысы жүргізілуде:

- Привольное ауылындағы 180 орындық мектеп (Құны 363,2 млн. теңге);- Украинка ауылындағы 80 орындық мектеп (Құны 278,4 млн. теңге);

- Жаңа-Қанай ауылындағы мектеп (Құны 278,4 млн. теңге);

- Айтықова ауылындағы мектеп (Құны 269,5 млн. теңге).

Құрылыстарын аяқтау үстіміздегі жылға белгіленіп отыр.

Сонымен қатар, Таврия ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысына құны 5,0 млн. теңге арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуде.

«Балапан» бағдарламасы аясында Герасимовка ауылында 140 орындық балабақша ғимаратын салу жоспарлануда. Аталған құрылыстың жобалық-сметалық құжатнамы дайындалды. Қасым Қайсенов кентіндегі құны 182,2 млн. теңгені құрайтын «Аленушка» балабақшасын қайта жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Ұлан және Жаңа-Азово ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Үстіміздегі жылы жөндеуі аяқталады.

Сонымен қатар, Привольное Донское ауылдарындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бозанбай ауылындағы жобаның құны 669,7 млн. теңге сумен жабдықтау жүйесіне қайта жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжатар әзірленді. Сондай-ақ Мамай Батыр ауыллындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеу ұшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуде.

Қасым Қайсенов кентінде «Тұрғын үйді жалға беру» бағдарламасы аясында құны 494,0 млн. теңге тұратын көппәтерлі тұрғын үй (А және Б корпусы) құрылысы аяқталып, тұрғындарға берілді.

Кентте құны 577,6 млн. теңге болатын 95 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды және 95 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

Өткен аудандағы 3 мектептің шатырына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- құны 29,0 млн, теңге болатын Восточное ауылындағы «17 лет Октября» атындағы орта мектеп;

- құны 29,0 млн, теңге Жаңа-Азово ауылындағы «Азовская» атындағы орта мектеп;

- құны 28,7 млн, теңге Огневка ауылындағы «Сейфуллин» атындағы орта мектеп;

Тарғын және Сағыр ауылдарында 200 орындық клубттардың құрылыстары жүргізілуде.

Саратовка ауылы мен Асубұлақ кентінде 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бекітілді.

Сондай-ақ Қасым Қайсенов кентінің 4-ші тұрғые үй кварталын сумен жабдықтау желілерін және электрмен жабдықтау желілерін салуға арналған құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуде. Қасым Қайсенов кентіндегі № 5 ғимараттың шатырын қайта жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп бекітілді.
Сәулет, қала құрылысы

Ұлан ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі 4 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады, олар: Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжайын анықтау туралы анықтама, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру, тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекеленген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру.

2013 жылы төмендегідей қызметтер көрсетілді: «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын объектілердің мекенжайын анықтау туралы анықтама» - 95, «сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру» - 29, «Сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» - 1.

Өткен жылы барлық қаражат көздері есебінен 16543 шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға қабылданды.

Ұлан ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2013 жылға Привольное және Жаңа-Қанай ауылдарын даму және салу сызбаларын әзірлеуі жоспарланған. Бүгінгі күнге аудандық бюджеттен 9000,0 мың теңге бөлінді, ол Привольное ауылын дамыту және салу схемасын әзірлеуге 5000,0 мың теңге және Жаңа-Қанай ауылына 4000,0 мың теңге бөлініп, осы елді мекендердін даму және салу сызбалары әзірленіп және аудандық мәслихатының сессиясының шешімімен бекітілген.
Термомодернизация

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын іске асыру мақсатында Қасым Қайсенов кентінде көпқабатты 5 тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кенттегі № 8 және 9 көпқабатты тұрғын үйлерге 20 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 3 көпқабатты (№ 6,7,10) тұрғын үйлерге де жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 37 мил.теңге қаражат жұмсалды.

Жұмсалған қаражат келісім шарт және кесте бойынша 7 жылдың ішінде тұрғындар тарапынан қайтарылуы тиіс.

Үстіміздегі жылы елді мекендердегі 14 көпқабатты үйлерге жөндеу жүргізіледі: Привольное ауылында 6 үй, Айыртау ауылында 4 үй , Қасым Қайсенов кентінде № 18 үй және Айтыков көшесіндегі №7 үй, Таврия ауылында 4 үй. Үйлерге жөндеу жұмыстары 2-ші механизмі бойынша, пәтер иелерінен 3 пайыздық алдын - ала төлем жинау арқылы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй эксплуатациялық шаруашылығы» ЖШС-мен жүргізеді.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ КӨЛІК
2013 жылы аудандық бюджеттен жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға 64,7 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде 34,5 млн. теңге жолдар мен көшелерді қысқы мерзімде ұстауға, 30,2 млн. теңге көктем-жаз мерзімінде ұстауға жұмсалған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында14,9 млн. теңгеге Сағыр ауылының көшесін орта жөндеу өткізілді. Алмасай ауылына кіре беріс жолды орта жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттің қаражатынан 49, 0 млн. теңге бөлінді.

2013 жылы «К. Кайсенов - Алмасай», «К. Кайсенов - Макеевка-Гагарино», «Асубулак-Огневка», «Асубулак-Белогорский» ауданаралық маршруттарға қызмет көрсету бойынша 2 рет конкурс жарияланған, бірақ тасымалдауға тілек білдіруші кәсіпорындардың болмауынан, конкурс өткізілмеді.

2014 жылы жергілікті автомобиль жолдарына қызмет көрсетуге 71,2 млн. теңге, «Ұлан жолдары» КМК-ның жарғы капиталын өсіруге – 11,731 млн. теңге қаражат бөлінді.
АБАТТАНДЫРУ

Аудандық бюджеттен барлығы 46,1 млн.теңге қаражат бөлінді, соның ішінде:

- Санитарлық тазалауға – 3,6 млн.теңге;

- Абаттандыруға – 12,3 млн.теңге.

- Көше жарықтандыруға – 25,2 млн.теңге.

- Көгалдандыруға (гүлдер отырғызу) - 5,0 млн.теңге.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында барлығы 188,6 млн.теңге бөлінді:

- Бозанбай ауылында стадионды абаттандыру, қираған үйлердің орнын тазалау, Бозанбай ауылын абаттандыру, көше жарықтандыру жұмыстарына – 105,8 млн.теңге қаражат жұмсалды.

- Таврия ауылында (ул. Элеваторная, ул. Степная) көше жарығын ағымды жөндеуге, ауылында саябақты абаттандыру, балалар алаңын абаттандыруға –60,6 млн.теңге жұмсалды.

- Айыртау, Мамай батыр, Бестерек, Желдіөзек, Герасимовка, Украинка ауылдарында көше жарықтандыру жүргізу жұмыстарына 22,2 млн.теңге қаражат бөлініп жұмсалды. -

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында барлығы 26,5 млн.теңге қаражат бөлінді, соның ішінде:

- Қасым Қайсенов кентінің көше жолдарын ағымды жөндеу, Асубұлақ кентінде, Тарғын, Отрадное, Каменка, Сагыр, Айыртау, Герасимовка және Пролетарка ауылдарында көше жарығын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша барлығы 60,4 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

- Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет үйінен мектепке дейінгі аумақты абаттандыру - 24,764 млн. тенге

- Таврия ауылында Қасым Қайсенов көшесін орта жөндеу – 26,415 млн.теңге.

- Жоғарғы Тайнты ауылының көше жарығын ағымды жөндеу – 1,218 млн. теңге.

- Бозанбай ауылында балалар алаңын абаттандыру – 8,0 млн. теңге.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша барлығы 37,373 млн.теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражатқа ауданның 6 ауылының (Жантас, Айтықова, Тарғын, Айыртау, Привольное, Каменка) көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланды.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ұлан ауданында 48 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 50,6 % тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауданда барлығы 161,4 шақырым су құбырлар жүйелері бар, орташа тозу дәрежесі 70%.

2010-2012 жылдары ауданның 7 елді мекенінде жер асты су қорларын анықтау жұмыстары жүргізілді, 2013 жылдан Айыртау, Герсасимовка, Сағыр ауылдарында су асты қорын анықтау жұмыстары өткізілуде.

Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Айыртау ауылының су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеу жұмыстары 8,014 млн.теңгеге, Восточное ауылында - 23,0 млн.теңгеге және Каменка ауылында - 5,0 млн.теңгеге жүргізілді.

Аудандық бюджеттен Алмасай ауылының су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге 3,3 млн.теңге қаражат бөлінді.

Ауданданның3 елді мекенінде орталықтандырылған су қайтару жүйесі қызмет етеді (Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылы және жартылай Бозанбай ауылы). Су қайтарғы қызметтермен қамту деңгейі 17,8% құрады. Канализация жүйелерінің ұзындығы 17,6 шақырым.

2013 жылы аудандық бюджеттен Қасым Қайсенов кентінің канализация-насостық станциясын тазалау жұмыстарына 1,5 млн.теңге қаражат бөлініп игерілді.

Орталықтандырылған жылумен аудан орталығы ғана қамтамасыз етілген. Жылу жүйелерінің ұзындығы 11,6 шақырымды құрайды.

Ұлан ауданында барлығы 28 қазандық бар, соның ішінде: 12 – қатты отынмен жағылатын қазандықтар, 16 – электр қазандықтары. 1 қазандық «ШҚО ауылшаруашылық колледж» КМҚК - ның, 3 – аудандық медицина бірлестігінің, 2 – мәдениет бөлімінің, 22 – білім беру бөлімінің балансында.

2013 жылы аудандық бюджеттен Қасым Қайсенов кентінің, Солнечная көшесінің жылу жүйелеріне 2,6 млн.теңге ағымды жөндеу өткізілді.

2014 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша келесі жұмыстар өткізу жоспарланған:

- Қасым Қайсенов кенті, Южная көшесінің су құбырлар жүйесін ағымды жөндеу - 4,513 млн.теңге.

- Айыртау ауылында су қысымды мұнараға электр кабелін тарту – 3,642 млн. теңге.

-Өскемен құс фабрикасының орталық қазандығын қайта жаңғырту – 91,9 млн. теңге.

- Заводская көшесінің жылу жүйесін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжат әзірлеу - 1,5 млн. теңге.

- «Молодежный» КМК-ның жарғы капиталын өсіру – 13,46 млн. теңге.

- «Коммунальник» КМК-ның жарғы капиталын өсіру – 11,0 млн. тенге.
ТҰРҒЫН ҮЙ СҰРАҒЫ

2013 жылы желтоқсан айында Қасым Қайсенов кентінде көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Желтоқсан айында осы көппәтерлі тұрғын үй кешенінен пәтерлер тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегінде тұрған отбасыларға берілді.

Пәтерлер 18 жетім балаларға, 25 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын отбасыларға, 30 бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне және 2 медицина қызметкерлеріне берілді.
Білім

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие

Аудандағы 6 балабақшадағы 510 бала, 31 шағын орталықтағы 1000 бала мектеп жасына дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтамасыз етілген. Мектеп жасына дейінгі балалардың 97, 3 пайызы қамтылған. «Балапан» бағдарламасы аясында Абай атындағы орта мектеппен Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектеп жанынан шағын орталықтар ашылып, 50 бала оқытылуда. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы арқылы ауданға республикалық бюджеттен 85692,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар қазіргі күні Мамай батыр және Айыртау ауылдарында жеке меншік балабақшалар жұмыс істеуде.

Оларға республикалық бюджеттен 30561,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Жекеменшік балабақшалардағы жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстың көлемі 1 балаға 25 мың теңгеге дейін көтерілді.

Алғабас ауылындағы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін, 25 балаға арналған толық күнді шағын орталық ашылады.



Ұлттық бірыңғай тестілеу

Үстіміздегі оқу жылы аудандағы жалпы орта білім беретін 24 мектепті 249 түлек бітіреді. Олардың 155 - і қазақ сыныптарында, 94 - і орыс сыныптарында білім алуда.

Мектеп бітірушілердің 156-сы тапсырады, ал, 93-і дәстүрлі мемлекеттік емтихандарды таңдап отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатындар саны жалпы түлектер санының 63 пайызын құрайды.

2013 жылғы қараша айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуді сынама қорытындысы бойынша білім саласы 55,1 баллды көрсетті.

Биылғы оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткішін 75 баллға дейін жеткізу мақсаты тұр.

Жыл басынан бастап бері жалпы орта білім беретін мектептерде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шаралары жүргізілуде.

Педагогикалық кадрлар

Аудан мектептерінде 739 мұғалім қызмет етуде. Олардың 622-і жоғарғы білімді, 117-і орта кәсіптік білімді, 59-ы жоғарғы санатты, 261 бірінші санатты, 232 екінші санатты.

2013-2014 оқу жылында жоғарғы оқу орнын бітірген 17 жас маман мектептерге жұмысқа қабылданды.

Дегенмен педагог мамандарға сұраныс төмендегі мамандықтар бойынша қажет:

Математика пәніне– 2,

Биология және химия пәніне – 4,

Орыс тілі және әдебиет пәніне – 3,

Шағын орталық тәрбиешілеріне – 3,

Психологтарға – 2,

Тарих, ағылшын тілі, музыка, физика, тәрбиеші, география, еңбек пәні бойынша мамандар тапшылық.


Мектептердің материалдық-техникалық базасы

2012-2013 оқу жылында аудандағы 4 мектепке химия кабинетіне қажетті жабдықтар алынды.

Өткен жылдары Қасым Қайсенов кентінде 600 орындық Ново-Одесское ауылында 130 орындық мектеп ғимараттары пайдалануға берілді.

Алғабас ауылында 80 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы 4 жаңа мектептің ғимараты салынуда. Атап айтқанда:

Привольный ауылында 180 орындық мектеп, Украинка ауылында 80 орындық мектеп, Жаңа - Қанай ауылында 80 орындық мектеп, Айтыков ауылында 80 орындық жаңа мектеп.


Қосымша білім беру

Ауданда «Балалар музыка мектебі» балаларға қосымша білім берумен айналысады.

Онда 10 қызметкер, 5 мұғалім еңбек етеді.

Ақылы қызмет көрсету арқылы төмендегі үйірмелер бойынша 66 бала оқиды.

домбыра – 13 бала

би – 30 бала

фортепиано – 6 бала

ән айту – 4 бала

театр –13 бала
Спорт

Аудан аумағында 65 дене шынықтыру және спорт мекемесінде 11030 адам спортпен шұғылданады, ол жалпы аудандық халық санының 27,2 пайызын құрайды.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Бозанбай ауылында жасанды төсенішпен жабдықталған стандартты футбол стадионы, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорт алаңы пайдалануға берілді. «Өскемен құрылыс» құрылыс компаниясының демеушілігімен Ново-Одесское ауылында жасанды төсенішпен жабдықталған шағын футбол алаңы салынды.

Алғабас, Ізғұтты Айттықов, Н-Канайка, Привольное, Украинка ауылдарында жаңадан салынып жатқан мектептер жанынан демеушілік қаржысына жасанды төсенішпен жабдықталған 5 шағын футбол алаңдарын салу жоспарланды.

Өскемен қаласында өткен шайбалы хоккейден «Жұлдызша-2013» облыс чемпионатында Ұлан ауданының шайбалы хоккейден құрама командасы: облыстың 5 қаласы мен 14 ауданы арасында жүлделі І орынға ие болды.

Зайсан қаласында волейболдан өткен аймақтық жарыста ауданының ерлер құрама командасы І орынға ие болды.

Балалардың IX облыстық балалар спорттық «Сәулетай» ойындарында даярлық кезеңінде ұлдар және қыздар арасында шағын футболдан аудан командасы IV-орын алды.

Тарбағатай ауданында өткен көкпар жарысында І орынды жеңіп алды.

Күршім ауданында өткен футбол жарысында ІІ орынға ие болды.

Семей қаласында облыс әкімінің жүлдесіне өткізілген ХVII халық ойындарында спорттың 20 түрі бойынша ауданның құрама командасы 18 аудан мен қалалар арасында жүлделі ІІ орынға ие болды. ІХ облыстық «Сәулетай» балалар ойындарында балалар құрама командасы VI орынды иемденді.

Павлодар облысы Жасыбай шипажайында ардагерлер арасындағы Республика чемпионатында ауданның спортсмендері облыс абыройын қорғап І-орынды жеңіп алды.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау мекемелері Таврия ауылындағы аудандық орталық ауруханасы, Бозанбай мен Асубұлақ ауылдарындағы ауылдық аурухана, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік – акушерлік пункт, 22 медициналық пункт, және 5 қабылдау орталығы бар. Медициналық қызмет көрсетудің радиусы 250 шақырым.

2014 жылдың басында «Халықты тіркеу» порталына сай халық саны – 35982 құрайды. Оның ішінде балалар – 7946, жасөспірімдер – 1110, ересектер – 26926, әйелдер – 11898, бала тууға қабілетті әйелдер саны – 7917.

3 аурухананың стационарларында 67 төсек орын жұмыс істейді. Ауруханаға түскен және емделіп шыққан адамдар саны азайған, оның себебі жатар орынның 100 - ден 67- ге төмендеуінде.

2013 жылы ауруханаға жатылушылар саны көтерілгені байқалуда.


Туу, өлім және табиғи өсім

Ұлан ауданы бойынша туу көосеткіші 2011 жылы 14,6 - дан 2013 жылы 15,4 - ке өскен. Өлім көрсеткіші 2013 жылы 9,8 –ге (2011 жылы 11,0) төмендеген, осыған орай халық санының төбиғи өсу коэфиценті 2013 жылы «+5,6,» қарсы «+3,9» (2012 жыл) , яғни 1000 адамға шаққанда.

Аумақтың экологиясы мен белсенді көші – қон процестері аудан турғындарының денсаулығына да әсер етпей қоймайды.

Аудандағы бала тууға қабілетті әйелдер аудан тұрғындарының 22% (7917 әйел) - ін құрайды. Ана өлімі тіркелмеген.

Аудан бойынша сәби өлімі 2,2 есеге төмендеді, 2011 жылымен салыстырғанда 19,5 болса, 2013 жылы 8,9 ге төмендеген, яғни тірі туған сәбилер саны 1000 - ды құраған.

Сәби өлімі (0 жастан 5 жасқа дейінгі 1000 туған балаға шаққанда) 75,6 дан 7,4 ке азайған.

Ауданда халықтың жалпы ауруға шалдығу көрсеткіші төмендеген, 2011 жылы 45777,0 болса 2013 жылы 39469,8 ді құраған. Жоғарғы көрсеткіш ауруханалық аппараттар мен жәрдем берілуі сонымен қатар скринингтік бақылаудың жақсарылуымен байланысты.
Туберкулез дерті

Ауданда туберкулезге шалдыққандар саны төмендеп тұр, 2011 жылы 33,3% 103,9-дан 2013 жылы 69,3 – ға дейін төмендеді 100 мың халық ішінен.( облыстық көрсеткіш 48,1) (рис. 2).

Өлім көрсеткіші – 2 есеге жоғарлағаны байқалады, 2012 жылы 2,4-дан 2013 жылы 5,0 – ге 100 мың халық ішінен (областық көрсеткіш 5,5)). Барлығы 6 науқас қайтыс болған..

2013 жылы 210 науқас азық-түлік және жол жүру негізінде материалдық жәрдем алған, жалпы бөлінген қаражат мөлшері – 1050 мың теңге.

Ауданың емдік мекемелерінде туберкулез аурушаңдығының көрсеткішін төмендету бойынша жоспарлы-әдістеме шаралары жүргізілуде. Туберкулездің проблемасы мен асқынуы жайлы 5 семинар өтті, 102 медициналық қызметкер дәріс алды, 432 науқаспен әңгіме дүкен өткізілді, халыққа флюрографиялық тексеруді өткізу туралы жоспарлар құрылды. Халық арасында туберкулез жайында әр түрлі кітапшалар, санитарлы-ағартушылық жәрдемақы, брошюралар таратылды.

Ауданда 100 мың халық ішінен қатерлі жаңа өспелер аурулар көрсеткіштері 2011 жылдың 29,7% 246,8-ден, 2013 жылы 277-ға дейін ұлғаюда.

Қатерлі ауруларының өлімдері 2011 жылдың 163,7-ден, 2013 жылы 132,5-ға дейін төмендеуі белгіленді (рис 3). Ерте уақытта байқалған қатерлі ауруын емделуіне байланысты тік пропорционалды қатерлі ауруының өлімі төмендеді.

Халықтың профилактикалық қаралуын өткізу, ерте кезеңіндегі ауруын анықтауға жіберілуде, амбулаториялық деңгейде жаңа диагностикалық әдістерін енгізуде. Скрининтік қаралудың жалпы халық саны 100%-ын қамтиды.

Ең үлкен мәнділік әлеуметтік-маңыздылық ауруының ішінде қан айналымының жүйесін көрсетеді.

Ауданда қан айналым жүйесінің өлімі 2011 жылы 1096,6-дан 2013 жылы 917,3-ке дейін төмендеген.

Медициналық қызметкерлер мен қамтамасыз етілу

Тұрғындарды 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 11,3% .

Жас мамандардың келіп жатқандарына қарамастан, дәрігерлердің тапшылығы 50%. 2012 жылы баспана мәселесі шешілмегендіктен 6 дәрігер жұмыстан шығып кеткен. 2013 жылы 1 дәрігер. 2012 жылы баспана 2 дәрігерлерге берілді, ал 2013 жылы 3 дәрігерге, пайызсыз несие 2 дәрілерге берілді. «Қартаю» тенденциясы дәрігерлер кадрларында байқалады: 50 жастан асқандар - 50 - ден асқандар саны – 29,5, 30 ға дейінгілер – 10,2. Еңбек өтілі 25 жылдан асқандар – 41 . Бұл көрсеткіштер жас мамандардың аз екендігін көрсетеді. Денсаулық сақтау жүйесінде 41 дәрігерлер жұмыс істейді, оның ішінде- жоғарғы санаттағылар -3(7,3%), 1 ші санатты – 9(21,9 %), орташа медициналық қызметкерлер саны – 154, олардың ішінде жоғарғы санаттағылар – 54 (35%), 1 ші санаттағылар – 24(15,5 %), 2 ші санат – 5(3,2%). Дәрігерлердің жалпы санаттылық деңгейі – 29,2%, орта медициналық қызметкерлер – 53,8%.
Денсаулық сақтау мәселелері


  1. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  2. Қаржыландырудың тапшылығына байланысты аудандағы медициналық ұйымдарда ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі;

  3. Бозанбай ауылдық ауруханасының тиімсіздігі;

  4. Гагарино ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыс істеуіне ауылдағы халық санның аздығы кедергі етеді;

  5. Медицина кадрларының тапшылығы.


Мәселені шешу жолдары

1. Облыстық және аудандық деңгейде қосымша қаржыландыруға қол жеткізу. Ағымдағы және күрделі жөндеуге қаржы көзін іздестіру жөнініде аудандық әкімдіктің отырысында және облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп шешу.

2. Бозанбай ауылдық ауруханасының құрылымын өзгерту, күндізгі стационар 20 төсек орынымен Бозанбай ауылында дәрігерлік амбулатория қалдыру туралы шешу. Аурухана ғимаратының бос қалған алаңын жылыту мерзімінде тиімділікпен дұрыс қолдану.

3. Таврия ауылының орталық аудандық ауруханасында Гагарино, Камена және Тройницкое ауылдарының тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетуді жүзеге асыру.

4. Медициналық қызметкерлерге деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында медициналық білімі бар қызметкерлерді жұмысқа тарту.
2014 жылға арналған жоспар

1. Жоспарға сәйкес профилактикалық скринингтік тексеруден өткізу арқылы ерте стадияда табылған ауруларды азайту.

2. Ана мен сәби өлімін болдырмау жолын қадағалау үшін медицина қызметкерлеріне семинарлар мен санитарлы-ағартушылық жұмыстар жүргізу;

3. Медициналық қызметкерлерге деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында медициналық қызметкерлерді оқу - біліммен қамтамасыз ету.

4. Ағымдағы және күрделі жөндеуге қаржы көзін іздестіру жолдарын аудандық әкімдіктің отырысында және облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп шешу.

5. Лизингтік ЭХО-кардиографиясын сатып алу.


Мәдениет, тілдерді дамыту, кітапхана жүйесі
Аудандағы 3 мәдениет үйі, 18 ауылдық клубтар аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.

2012 жылы мәдени-демалыс шараларын ұйымдастыру үшін клуб мекемелеріне аудандық бюджеттен 142 283,0 мың.теңге бөлінсе, 2013 жылы 162 527,5 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

- мәдени-көпшілік шараларға – 5 000,0 мың теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 3400,5 мың теңге бөлінді. Таврия ауылдық мәдениет үйіне 450,0 мың теңгеге музыкалық аппаратура, аудандық мәдениет үйіне 42,0 мың теңгеге бас киімдер, 60,0 мың теңгеге сахналық киімдер, 2,0 мың теңгеге радиомикрафондар, 25,0 мың теңгеге кассалық аппарат және 6024,0 мың теңгеге автобус алынды.

Аудандағы мәдениет ғимараттарын жөндеуге, жаңа клуб үйлерінің құрылысына республикалық бюджеттен 51 745,0 мың, облыстық бюджеттен 469 231,0 мың, аудандық бюджеттен 89 579,0 мың теңге, барлығы 520976,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Сағыр ауылдық клубының құрылысына 189,0 млн. теңге, Тарғын ауылдық клубының құрылысына 170,3 мың теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Гагарино ауылдық клубының ғимаратын жөндеуге 2 650,107 теңге, Ұлан ауылдық клубының ғимаратын жөндеуге 4 486,5 теңге, Бозанбай ауылдық мәдениет үйін жөндеуге 10100,0 мың теңге, Жаңа Қанай клубын жөндеуге 6 478,0 мың теңге, Айыртау ауылдық клубын жөндеуге 11 336,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Аудандық мәдениет үйін жөндеуге 120 230,5 мың теңге бөлініп, ғимарат толық жөндеуден өтті. Соңғы жылдарда Алмасай, Отрадное ауылдық клубтары мемлекет меншігіне қайтарылды.

2012 жылы 2075 мәдени-көпшілік шаралары өткізіліп, 134875 көрермендер қамтылса, 2013 жылы 2086 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 179125 көрермен қамтылды.

Аудандағы клуб мекемелерінде 100 – ден аса 98 үйірмелер жұмыс істеп, оған 1196 адам қамтылды. Аудандық мәдениет үйіндегі шығармашылық ұжымдар саны көбее түсуде. Жас өнерпаздардан құралған „Інжу“ вокалдық тобы мен „Ақбауыр“ этно тобы құрылды.

Аягөз қаласында өткен «Туған жер-алтын бесігім» атты акция аясында аудан өнерпаздары „Ән-көңілдің ажары“ номинациясымен марапатталды.

Ауданда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін сәйкестендіру мақсатында рейдтер жүргізілді. «Сауатты жарнама - сауатты тіл» айлығы аясында 5 рейд жүргізіліп, 38 нысан тексерілді.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік қызметін нығайту және кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру және насихаттау мақсатында әртүрлі 8 конкурс өткізілді.

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжат айналымына жасалған мониторинг, мемлекеттік тілдің жалпы құжаттағы үлесі 94, 8 пайызға жеткендігін көрсетті.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдердің атауларын біріздендіру, расталған мекенжайларды өзектілеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Аудандағы 51 елді мекен және 382 геоним атаулары ресми құжаттармен бекітілді.

Тілдерді оқыту орталығы 2013 жылдың басынан жұмысын бастады.

Өткен оқу жылында аталған орталықта әр түрлі деңгейлік топтарда 182 тыңдаушы болды, оның ішінде 34 мемлекеттік қызметші, 48 оралман «Қазақ әліпбиі» бағдарламасы бойынша оқыды. 182 тыңдаушының 130-ы бастауыш, 42-і базалық, 10 жоғары деңгейде оқыды.

Аудандағы 9 кітапханалар бойынша оқырмандар саны - 8 412, кітапханаға келу саны - 126 712, кітап берілім саны - 248 539 дана. Кітап қоры 140 813 дананы кұрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде - 43 205 дана.

Жалпы кітап берілімі 2012 жылмен салыстырғанда
8 560 данаға өсті.

2013 жылы аудандық орталық кітапханаға ИРБИС - 64 бағдарламасы орнатылып электрондық каталогқа 700 астам жазба еңгізілді. Таврия ауылдық кітапханасы мен аудандық орталық кітапханада онлайн орталығы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Жаңа технологиялармен Интернетті қолдану бойынша - 10 064 қызмет көрсетілді.

2013 жылы 21 550,6 мың теңге бөлінді, оның ішінде: мерзімді басылымдарға - 1000,0 мың теңге, ақпараттық ресурстарды толықтыруға - 505,0 мың теңге, және интернет жүйесімен байланыс қызметіне - 671,0 мың теңге, кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 560,0 мың теңге бөлінді.

2014 жылға кітапханаларды дамыту бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен - 20 454,0 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде мерзімді басылымдарға жазылуға - 800,0 мың теңге, ақпараттық ресурстарды толықтыруға - 296,0 мың теңге, Интернет жүйесімен байланыс қызметіне -
862,0 мың теңге бөлінді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі жылдан-жылға артып келеді. Жәрдемақы мөлшерін кезең-кезеңмен өсіру, тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы аналарды қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

2013 жылы әлжуаз халықтардың жағдайын қолдау үшін барлық қаржылау көздерінен 206 млн 181 мың теңге бөлінді.



Жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2014 жылдың 1 қаңтарға 150 адамды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда 3 адамға азайды. (2012 жылы-153 адам).

Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,7 пайызды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға азайды.

Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысты төмендегі іс – шаралар жүзеге асырылды:

465 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, нақты 847 адам жұмысқа орналасты.(182 пайыз);

535 жұмыс орнын ашу белгіленсе, нақты 606 жұмыс орны ашылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 25 жұмыс орны артық;

50 адамды оқуға жіберу жоспарланса, 60 жұмыссыз оқуға жіберілді. Оның 44-і тұрақты жұмысқа орналасты;

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адам жоспарланып, 18 адам жіберілді. Оның 6-уы адам жұмысқа орналасты;

15 әлеуметтік жұмыс орнына 24 адам жіберіліп, оның 13-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 635 адам жоспарланса, ол 19 адамға көбейді.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 426 студент, 40 жұмыс беруші қатысты.

Жәрмеңкеге қатысқан 70 студентпен келісім шарт жасалды, оның ішінде: (ауданның мектептеріне -35 адам, Бозанбай психоневрологиялық әлеуметтік мекемеге -7 адам, Т. Тохтаров атындағы мектебіндегі шағын-орталық-1 адам, орталық аурухана -8 адам, Өскемен құс фабрикасы -4 адам, Шығыс-сүт ЖШС-15 адам).

28 студентпен оқу тәжірибесін Ұлан ауданында өткізуіне келісім шарт жасалды.

2014 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕР

1. Жоспарлық көрсеткіштердің уақытында орындалуына көңіл бөлу. (Оқыту, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны, ақылы қоғамдық жұмыстар)

2. Оқуды бітірген азаматтардың жұмысқа орналасуын шешу.

Округ әкімдіктері мен жұмыс берушілермен бірлесе оқу бітіргендер үшін кадрларды қажет ететін кәсіпорындардың деректер банкін қалыптастыру.

3. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша, несие алатындарға қажетті құжаттарын дайындауға көмек көрсету.

Әлеуметтік көмек

Әлеуметтік саясаттағы басымдықтардың бірі - кедейшілікті азайту, халықтың әл ауқатын көтеру, аз қамтылған және әл жуаз азаматтарды әлеуметтік қолдау болып саналады.

2012 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 333 адам болды. Оларға 6 млн 745 мың теңге төленді, 2013 жылы 276 алушыға 7047,0 мың теңге төленді. Алушылар саны азайды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды деген 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 5-уі тұрақты жұмысқа орналастырылды, 12-адам оқуға жіберілді.

Тұрғын үй көмегі 11 млн 743 мың теңге көлемінде 832 отбасына төленді, 2012 жылға қарағанда олардың саны 112-ге азайды.

Балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 422 отбасынан 1189 балаға ұсыныс түсті. Бала саны 2012 жыл қөрсеткішімен салыстырғанда 169-ға азайды.



2014 жылғы міндеттер

- «Жұмыспен қамтудан жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарына жұмысқа қабілетті тұрғындарды тарту.

- аз қамтылған азаматтардың «Өрлеу» жобасына қатысуын ынталандыру үшін атаулы әлеуметтік көмек алушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

- ауылдық округ әкімшіліктерімен бірлесе атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын-үй жәрдемақысын алатындардың санын азайту.



Үйде қызмет көрсету

46 әлеуметтік жұмыскер 245 жалғыз басты зейнеткерлерге, соның ішінде 51 мүгедекке және 32 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетеді.

Аудандағы 20 мүгедек балалар Өскемен қаласында «Аттар алаңында» демалыста болып қайтты.

«Берегиня» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен 13 мүгедек бала ата-аналарымен С. Ковалева атындағы лагерде дем алды.


2014 жылы

- үйде қызмет көрсету жағдайында белгіленген Стандартқа сәйкес сапалы әлеуметтік қызмет көрсету;

- үйреншікті әлеуметтік ортада қолайлы моральды-психологиялық ахуал жасау.

- еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру;


Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс ұйымдастыру

Бүгінгі күні ауданында зейнеткерлер саны – 5676 адам. Олардың 15-і Ұлы Отан Соғысына қатысқандар,1-уі Ұлы Отан соғысының мүгедегі, 1341-і мүгедектер. Мүгедек балалар саны 83.

Жыл басынан бері біршама жұмыстар атқарылды:


  • «Уба» шипажайында 70 зейнеткер емделді, (соның ішінде 14 мүгедек);

  • 36 мүгедекке 1723,0 мың теңге көлемінде гигиеналық құралдар алынды.

  • мүгедектерге 20 арба-орындық және 65 протезді – ортопедиялық қажеттіліктер алынды. (ортопедиалық аяқ киім, таяқша және протез).

„Күміс-Алқа”, ”Алтын-Алқа”, „Материнская Слава” 1 және 2 дәрежелі алқалармен марапатталған аналарға, сондай-ақ 4 және одан көп балалары бар аналарға 8500,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

Азаматтардың кейбір санаттарына (97 адам) бойынша ай сайын 5000 теңгеден 5582,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Чернобыль АЭС- дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге (70 адам) 1584,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасына ерекше еңбек еткен зейнеткерлерге де материалдық көмек көрсетіледі.

Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына ай сайын 5 мың теңге беріледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес, өткен жылы 53 студентке оқу төлемақысына, жатақханада тұруына және стипендиясына 29766,0 мың теңге қаражат төленді.

Материалдық көмек бөлу және төлеу жөніндегі аудандық комиссияның шешімі бойынша 1099 адамға 4698,0 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді (ауған соғысының 48 жауынгері және Чернобыль апатын жоюға қатысқан 31 азамат).

Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сүру салтын жақсарту аясында өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты сайысқа ауданның тұрғындары белсене қатысты.



2014 жылғы міндеттер

  1. Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту;

  2. Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды қосалқы құралдармен қамтамасыз ету;

  3. Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды тифлокомплек, оқитын машиналар, көпқызметті дыбыстық жүйелер сияқты компенсаторлы құралдармен қамтамасыз ету;

  4. Жұмысқа жарамды мүгедектерді жұмыспен қамту.

  5. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге дер кезінде көмек көрсету.


Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020
Бағдарламаның мақсаты – өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз және азқамтылған тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында кадрлық потенциалды дамыту тұрғындардың табыстарын жоғарылату.

2011-2013 жыл аралығында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға 1439 адам өтініш білдірді, соның ішінде:

784 өзін-өзі қамтыған;

438 жұмыссыз;

217 азқамтылған азаматтар.

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) Бірінші бағыт:

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

2) Екінші бағыт:

Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту

3) Үшінші бағыт:

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

2013 жылы Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебіне бағыты бойынша 83 жаңа жұмыс орындары ашылып, 13 елді мекенде көлемі 268 814,6 мың теңгені құрайтын әр түрлі жобалар іске асырылды.

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» атты екінші бағыты бойынша көлемі 807,0 млн.теңгегені құрайтын 303 өтініш түсті. Оның 231 жобасы комиссия отырысынның қолдауын алып, бүгінгі күні жұмыстар жалғасуда.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында Ұлан ауданы бойынша 20 несиелік серіктестік құрылды.

Көлемі 549,0 млн.теңгені құрайтын жобаларға 18 несиелік серіктестік несие алды. Серіктестік құрамында 195 адам бар, 269 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» да бизнес жобалар жіберілді. Бүгінгі күні 36 адам 86,6 млн.теңге көлемінде несие алды. 49 жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасы бойынша «КазБизнес - Консалтинг» ЖШС әзірлеген кестеге сәйкес 2013 жылы 144 қатысушы білім алды.

Өткен жылы бағдарламаның екінші бағытының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамуына 30,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыспен қамту орталығы 18 жоба дайындады. Ұлан ауданының құрылыс бөліміне тапсырылды. Нәтижесінде оған мал шаруашылығын дамытуға арналған 12 технологиялық жабдық алынды.


Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2013 жылы кәсіптік оқуға 3950,0 мың. теңге бөлінді, оның ішінде:

қайта даярлау - 30 адамға 3422,0 мың теңге;

біліктілігін арттыру – 10 адамға 528,0 мың теңге.

2013 жылы қайта даярлауға - 21 адам жіберілді, соның ішінде, «Парфиса» ЖШС-не 10 адам. В, С санаттары бойынша жүргізушілер және «Belisima» ЖШС-не 7 адам,есепшілер және 4 адам шаштараз мамандықтары оқуға жіберілді. Игерілген сома 3403,0 мың. теңгені құрайды.

Біліктілігін арттыруға «Самырұқ» Қоғамдық қорына «Аспаз» мамандығы бойынша 5 адам оқуға жіберілді. Игерілген сома 462,3 мың теңгені құрайды.
«Әлеуметтік жұмыс орындар»

2013 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 56 адамға 14103,0 мың теңге қарастырылған.

Жоспарға сәйкес 103 адам жіберіліп, қаржы толықтай игерілді.

Бүгінгі күні әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жұмыс істеген 55 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 48 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын жалғастыруда.


Жастар – іс тәжірибесі

Өткен жылы жастар іс-тәжірибесін қаржыландыруға 20 адамға 3111,0 мың теңге жоспарланды. Оған 27 адам қатысып, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Жастар-іс тәжірибесіне қатысқан 27 адамның 10 адамы жұмысқа тұрақты орналасты. Ал қалған 17 адам әртүрлі себептермен жұмысқа орналасқан жоқ (қарулы күштер қатарына бару, қоныс аудару, оқу, бала күту, денсаулығына байланысты және ақылы қоғамдық жұмыс орындары).

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының нәтижесінде аудандағы жұмыссыздар, өзін-өзі қамтыған және аз қамтылған тұрғындар саны айтарлықтай азайды.

Бүгінгі күні бағдарламаның жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мақсатымыз тұрақты және табысты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру.

2014 жылы ауданға «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға 781,0 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді.


ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, ақпараттық-насихат жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өз-ара іс-қимыл, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына, әлеуметтік ахуалды сақтауға, ұлтаралық қатынасты және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға қол жеткізді.

Жыл басынан ақпараттық-насихат топ мүшелері Елбасының Жолдауын және басқа да бағдарламалық құжаттарды түсіндіріп насихаттау бойынша 124 кездесулер, 98 дөңгелек үстел түріндегі отырыстар мен семинарлар өткізілді. Жолдауға қатысты 42 үгіт-насихат құралдары ілініп, бұқаралық ақпарат құралдарында 193 мақала жарияланды.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының барысы, білім, денсаулық, спорт, мәдениет салаларындағы жетістіктер бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы теледидар каналдарына, газеттерге және облыс, аудан әкімдерінің сайттарына жаңалықтарды орналастыру арқылы жүргізілді. 2013 жылы жергілікті «Ұлан ТВ» телеарнасы арқылы аудан тұрғындарына 30-ға тарта ақпарат-хабар көрсетілді. Облыс және аудан әкімдерінің ресми сайтында 800-ден артық ақпарат жарияланды.

2013 жыл ішінде республикалық, облыстық деңгейдегі ақпарат құралдарында 12 сыни мақалалар шықты. Олардың бәріне толығымен жауаптар қайтарылды.

Мемлекеттік рәміздерді заң талабына сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар іске асырылуда. Бекітілген тексеру кестесіне сәйкес, прокуратура өкілінің қатысуымен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда орнатылған мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне визуалды түрде тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті ақпараттар жазылып, ескертулер айтылды.

Ауданда Ұлан ауданының «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестігі, «Ұлан ауданының мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі, аудандық қоғамдық Кеңес, Қасым Қайсенов кентінің өзін-өзі басқару кеңесі, аудандық ардагерлер кеңесі жұмыс жасайды. ҮЕҰ өткізілетін іс-шаралардың барлығына қатысып, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен бірлікті сақтауға, жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге өз үлестерін қосып келеді. Қасым Қайсенов кентінің өзін-өзі басқару кеңесіі халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, құрылған жоспарға сәйкес, кенттің әлеуметтік-саяси мәселелерін шешу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Өткені жылы ауданында қоғамдық Кеңес құрылды. Қоғамдық Кеңес мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, маңызды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, қоғамдық-саяси сұрақтар бойынша тұрғындардың мүддесін қорғаумен айналысуда.

Қоғамдық Кеңестің отырысында денсаулық сақтау мекемелерінің тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуінің жайы туралы мәселеле талқыланды. Азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, онда азаматтық қоғам институттарының рөлі, мақсаты мен негізгі міндеттері үкіметтік емес секторды дамыту жөніндегі өзекті мәселелер қаралды.

«Жастар орталығы» коомуналдық мемлекеттік мекемесі жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында үш жүзге жуық іс-шаралар ұйымдастырды (семинарлар, акциялар, кездесулер, қайырымдылық, мәдени және спорттық шаралар). Аудан әкімінің дербес сайтына 29, облыс әкімінің сайтына 13 және БАҚ-да 36 мақалалар жарияланды.

Аудандағы діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң аясында жүзеге асырылуда.

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өз жұмысын саяси тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағыттап келеді. Діни және рухани құндылықтарды дамытудағы, ынтымақтастық пен бірлікке шақырудағы діни мейрамдардың рөліне ерекше мән берілуде.

Бозанбай, Сағыр, Мамай батыр, Ұлан, Жаңа-Қанай, Алмасай, Каменка ауылдарындағы және Асубұлақ, Қасым Қайсенов кенттеріндегі мешіттер (барлығы 9), сондай-ақ Герасимовка, Таврия ауылдарындағы, Асубұлақ кентіндегі шіркеулер (барлығы 3) тұрғындарға ұдайы қызмет етуде. Азаматтардың діни-сенім бостандығы мен құқықтары, діни ағымдардың мәні туралы, конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына идеологиялық қарсы тұру жөніндегі мақалалар аудандық газет беттерінде жариялануда.

Аудандық ақпараттық-насихат топ бекітілген кестеге сәйкес елді- мекендерде болып түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерін және ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арнаған үй-жайларды анықтайтын аудандық топ құрылды.

Құрбан айттың бірінші күнінде «Мұса баба» мешітінде ірі қара малдар, қойлар құрбандыққа шалынып, еті көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылары мен мұқтаж жандарға таратылды. Сондай-ақ, еттің бір бөлігі Таврия ауылында орналасқан ШҚО «Хоспис» мекемесіне табыс етілді.

Осындай іс-шаралар ауданның барлық елді мекендерінде де өткізілді.



Шығыс Қазақстан облысында өткізіліп жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы ауданда өз жалғасын табуда. Акция аясында аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары және белді азаматтары жалпы көлемі 50 млн. 385 мың 600 теңге болатын меморандумдарға қол қойып, туған жерінің көркейуіне елеулі үлес қосуда.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет