Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы 1 тоқсандағы қорытындысы мен бюджеттің орындалуы туралы АҚпарат



Дата23.02.2016
өлшемі41.15 Kb.
#6274


Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы 1 тоқсандағы қорытындысы мен бюджеттің орындалуы туралы

АҚПАРАТ
2013 жылғы 1 тоқсанда өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 3122,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінің 85,6 % құрайды (2012 жылы 1 тоқсанда 3648,3 млн. теңге).

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 80,8% құрады. Өндірістің табиғи көлем индексінің төмендеуі «Белогор строй» ЖШС-нің қызметінің тоқтатылуына байланысты болды.



Тау кен өнеркәсібінде 4,3 млн. теңгеге өнім шығарылды (2012 жылы 1 тоқсанда бұл көрсеткіш 669,8 млн. теңгені құраған).

Өндеу өнеркәсібінде шығарылған тауар өнімінің көлемі 2715,3 млн. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,4 % артық, табиғи көлем индексі 98,0 %, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2,0 пайызға төмен.

Өткен жылдың деңгейін төмендетпеу мақсатныда 3502,8 млн. теңге көлемінде өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жоспар-тапсырмасы берілген.

Аудан бойынша бұл жоспар-тапсырма 380,3 млн. теңгеге немесе 10,9 пайызға орындалмады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3006,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 % артық. Табиғи көлем индексі – 101,4 %.

Ағымдағы жылдың 3 айында 6157,0 тоннада тірі салмақтағы ет (өсім 1,9 %), сүт – 7418,4 мың тонна (өсім 1,1 %), жұмыртқа – 4350,0 мың дана (өсім 2,0%) өндірілді.



Ірі қара мал саны 17981 бас (өсім 2,2 %), жылқы – 15581 бас (өсім 7,6 %), шошқа 8490 бас (өсім 1,3 % ), құс – 1376966 бас (өсім 2,3%).

Аудан бойынша қой-ешкінің саны 13,6 пайызға төмендеп, 99068 басты құрады.



Шағын бизнестің субъектілерінің саны 106 құрады немесе 7,1 пайызға артық.

2013 жылдың 1 сәуірге 65 жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген, белсенді шағын өнеркәсіп бизнестің саны 61 немесе 3,4 пайызға өсті.



Негізгі капиталдың инвестиция көлемі 3,9 есе өсіммен 318,0 млн. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 108,4 % немесе былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға жоғары, ал облыстық көрсеткіштен 35,9 пайыздық тармаққа төмен.

Негізгі капиталдың инвестиция бойынша жоспар-тапсырмасы 18,5 млн. теңгеге немесе 5,5 пайызға орындалмады.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 391,9 млн. теңгеге тең, бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 6,1 есе жоғары. Табиғи көлем индексі – 605 %.

18,1 % өсіммен 1202 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Алайда, жоспар-тапсырма бойынша тұрғын үйді енгізу 174 шаршы метрге немесе 12,6 пайызға орындалмады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 799,5 теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 114,9 % құрады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында статистикалық мәліметке сүйене отырып, аудан бойынша орта жалақының көлемі 69683 теңгені құрады немесе 3 пайызға төмен.

2013 жылы 1 сәуірде 210 адам жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жұмыспен қамту бойынша 331 адамнан өтініш түсіп, оның 252 жұмысқа орналастырылды немесе 76 пайызды құрады.

33 жұмыс орны ашылды, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы негізінде 1 адам, әлеуметтік-ақылы жұмысқа 235 адам орналасып, оларға жалпы бюджеттен 6588,0 мың теңге төленді.

Жыл басынан әлеуметтік адресттік көмек бойынша 188 адамға 1,53 млн. теңге берілді. 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ӘАК алатындардың саны 16 адамға немесе 7,8 пайызға азайды (2012 жылы 1 тоқсанда – 204 адам).

Тұрғын-үй көмек ретінде 227 отбасыға 3,5 млн. теңге төленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64 отбасыға төмен.

Аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша 343 отбасыға 4,634 млн. теңге берілді. Бұл отбасыларда 926 бала тұрады, 2012 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 189 балаға азайды.

Аудан бойынша 37 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 6 балабақша (2 жеке меншік), 31 шағын орталық. аудан бойынша мектепке дейін біліммен қамту 96,4 пайызды құрайды (1520 бала) немесе 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары.

Жыл басынан 101 нәресте туды, 61 адам қайтыс болды.

2013 жылдың 1 тоқсанында нәрестенің өлу көрсекіші былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда төмен.

Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында тубуркелезбен аурғандардың саны 9 немесе 22,3 пайыз (2012 жылы 1 тоқсанда 9 адам).

Ауданда қатерлі ісікпен аурғандардың саны 370 адам немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті.

Статистикалық мәлімет бойынша а. ж. қаңтар-ақпан айларында 57 қылмыс тіркелген, оның ішінде аса ауыр қылмыс – 5, ұрлық – 33, әр-түрлі қылмыстар – 19. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға жоғары. Қылмыстарды ашу 69,3 пайызды құрады.

2013 жылы Ұлан ауданының нақтыланған бюджет 4468,1 млн. тенгені құрады, оның ішінде:

- меншік кірісі – 796,6 млн. теңге немесе барлық түсімінің 17,8 пайызын құрайды;

- трансфертер мен субвенция – 3837,9 млн. теңге және бос қалдықтар 35,2 млн. теңгені құрады.

2013 жылы 1 ақпанға аудандық бюджетке 185,4 млн. теңге меншік кіріс түсті, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 13,3 млн. теңгеге немесе 6,7 пайызға төмен. Бюджетке салық және салық емес түсімінің көлемі 104,7 пайызды құрады.

Алгоритм іс – шаралары бойынша қосымша резервтер анықталып, бюджетке қосымша 8,2 млн. теңге түсті.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанда 1119,5 млн. теңге игерілді немесе 99,4 пайызға орындалды. Бюджеттік қаражаттың қалдығы 25,8 млн. құрады, оның:



  • болжанған меншік кірістен 3,9 млн. теңге артық түсті;

  • 13,4 млн. теңге бос қалдықтар игерілмеді;

  • жеке тұлғаларға бюджеттен бөлінген қаржының 1,3 млн. қаражаты бюджеттік несиені жабудан түскен соммасы;

  • қаржылық активтерден түскен қаржы – 0,005 млн. теңге;

  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің игерілмеген лимиті бойынша 7,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 1,8 млн. теңге республикалық трансферттер, 0,6 млн. теңге облыстық трансферттер және 4,8 млн. теңге аудандық бюджеттің қаражаты:

  • ішкі саясат бөлімі – 0,5 млн. теңге игерілмеді;

  • ауылдық округтер мен кенттер әкімшілігі бойынша 1,4 млн. теңге;

  • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 1,3 млн. теңге;

  • білім, ДШ және спорт бөлімі – 3,2 млн. теңге;

  • қалған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – 0,8 млн. теңге игерілмеді.

2013 жылғы қаңтар-ақпан аралығында өңірлік рейтинг бойынша Ұлан ауданы 13 орынға табанын тіреді.



Экономика және қаржы

бөлімінің бастығы Р. Манапов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет