Өмірлік жол
Өмірік жол жайлы бес аңыз
Бірде танысым өмірлік жол турасындағы тренингке барып еді. Мүлде
көңілі толмай оралды. «Ойлашы: мен оларға 10 мың рубль бердім.
Соңында «менің артықшылығым – жиналған ақпарат пен
талдаулардың нəтижесі» дейді. Меніңше, бұл – алаяқтық!»
Біз жағдайды талқылай бастадық. Сөйтсем, ол «Сіздің өмірлік
жолыңыз – Гаитадағы цунамидің пайда болу ықтималдығын анықтау.
Сіз бұл жолда миллиондар табасыз!» деген жауапты күткен екен. Яғни,
оған нақты қай жерден ақша табуға болатынын айтып беру керек екен.
Бəлкім, Гаитадағы қонақ үйден орын алып қою керек те шығар.
Мен үшін өмірлік жол – табыс алып келетін нақты бір ісімнің болуы.
Бұл тақырып жауыр болған (жаһандық жылыну, əлемдік қастандық
секілді). Əрі бұл тақырыпта аңыздар жетерлік.
№ 1 аңыз: «Кейбір адамдардың таланты бар, бірақ менде
жоқ»
Адамдардың ең үлкен қателігі – бойынан таңғажайып талант іздеуінде.
Барлығымызда бір іске бейімділік бар. Бұған келісемін. Алайда бұл –
істі бастау сəтінде ең көп дегенде 5%-ға ғана артықшылық береді. Ал
қалғаны – еңбектің жемісі.
Халықпен жұмыс жасағанда жəне ұлы тұлғалардың өмірбаянын
оқығанда түсінгенім: ешкім данышпан болып туылмайды. Есесіне
барлық адамның қабілеттері бар. Оларды дамыту керек. Мəселен,
Пушкинді алайық. Əрине, ол ерте жастан өлең жазуды бастады. Бірақ
бастапқы кездері ұйқастары сол «маша-каша», «бірдеңе-сірдеңе»
болды. Əлбетте, бұл кездері Пушкиннен ешкім «орыс поэзиясының
жарық жұлдызын» көрмеді. Бəлкім, «бұның не?» деген де шығар.
Танымал Пикассо да ерте жастан сурет салуды бастаған. Алайда
алғашқы суреттері таза еліктеу ғана еді. Оның танымал стилі кейінірек
пайда болды.
Талантты іздеуді ұмытыңыз. Еңбекқорлыққа ден қойыңыз.
№ 2 аңыз: «Маған міндетті түрде біреуін таңдау керек»
Мен бұл кітапта коуч жүргізушісі жəне «Армандау – су тегін»
бестселлер кітабының авторы Барбара Шерді жиі айтамын. Себебі
Барбара кемеңгер еді. Бұл жерде онымен сұқбатым да бар.
Барбара 1994 жылдың өзінде адамдарды екі топқа жіктеуді ұсынған:
«Жүзуші» мен «сүңгуші». «Сүңгуші» деп бір саланы таңдап, жылдар
бойы сол салада тереңінен сүңгитін адамдарды айтады. Ал «жүзуші»
барлығына бірдей қызығушылық танытады. Олар бизнес-идеялармен
қызығып жүріп, банджола ойнап, маркетингті де зерттеп, Гауди
құрылысын қарап, Жерорта теңізінің асханасымен де танысып жүреді.
«Жүзуші» барлығын көргісі келеді. Ал оның ортасы оған «Біреуін ғана
таңдасаң етті!» дей береді.
Міне, əлемнің ең танымал «жүзушілері»: Бенджамин Франклин,
Леонардо да Винчи, Михаил Ломоносов, Альберт Эйнштейн,
Аристотель, Гёте. Олардың барлығы жетістікке жетті. Олардың
ешқайсысы тек бір саланы таңдағысы келмеді.
Мəселен, Энштейннің ғылымға деген құштарлығынан бөлек, екінші
махаббаты музыка еді. Ол 6 жасынан скрипкада ойнаған.
Салыстырмалылық теориясын ашқаннан кейін де дүйім жұрттың
алдына скрипкамен шығатын. Танымал жазушы Даниил Гранин де жан
дүниесіне ненің жақынырақ екенін ұзақ уақыт таба алмаған.
Жазушылық па əлде ғылыми зерттеу жұмыстары ма? Өзінің
жазушылық саласына деген толыққанды таңдауын 30 жасынан кейін
жасаған.
№ 3 Аңыз: «Өмірлік жолың – нақты əрі түсінікті дүние»
Көпшілігі өмірлік кəсібің я да ісің нақты болуы шарт деп ойлайды.
Мəселен, сурет салу, билеу, ІТ саласы, əн салу, тігін немесе ас əзірлеу.
Бұлар – жасап көруге болатын, көзге көрінетін дүниелер.
Ал шығармашылыққа тартылып тұратындар жайлы не дейміз? Бұлар –
психологтар, жазушылар, коучерлер, спикерлер.
Мəселен, менің өзімнің өмірлік торабымды табуға жылдарым кетті.
Көзге көрінетін бір мамандықта кəсіпқой болуым керектей көрінді. Ел-
жұртқа көрсетуге болатындай кəсіп болсын дедім. Мысалы, «Мына
ғимаратты көріп тұрсыздар ма? Бұның жобасын мен жасағанмын!»
немесе «Мына кондитерлік дүкенді көрдіңіз бе? Оны мен ашқанмын»
дегендей.
Бірақ мені тек бір нəрсе қызықтыратын. Ол – өмірді һəм адамдарды
зерттеу. Олармен кездесу, ішкі дүниесін сезу, талдау жасау, өзгенің
ғұмырын түсіне алу, оқиғаларын жинақтау. Сондай-ақ өмір жолы қалай
салынғанын ұғамын деп бірге жылап, бірге күлу.
Мен компьютердің қалай жасалғанын білмек болып немесе жануардың
ДНҚ-сын зерттеп бас қатырғым келмейді. Көйлектердің қалай
тігілетінін, жиһаздың қалай жасалатынын да түсінгім келмейді. Сауда
нарығы немесе киномонтаждың бағдарламалары мүлде
қызықтырмайды.
Мені тек адамдар мен өмір заңдары қызықтырады. Егер басқа
дүниемен шұғылдансам, бірер айда қызығушылығым басылып қалады.
Өзінің емес, өзгенің айдынында жүзуге тырысып, қиналып жүрген
қаншама адамды білемін. Бір оқырманым маған: «Менің жасым 32-де,
бірақ əлі не істерімді білмей жүрмін. 2 жыл риэлтор болып жұмыс
жасадым, кейін гүлмен айналысатын жеке компаниямды ашып 3 жыл
жұмыс істедім. 2 жыл сайт жасаумен айналыстым. Сосын
қайырымдылық қорын аштым. Қазір əжемнің мойнына масыл боп
отырмын. Не істерімді де білмеймін!» деп сырын ақтарды.
...Жарты жылдан кейін ол «кəсіби мақсатқа жетуші» болып алыпты.
Өзгелердің де мақсаттарына қадамдап жетуіне көмектесіп жүр. Қазір
оның себепкерлігімен 100-ден аса адам керемет нəтижелерге қол
жеткізген.
Бұл оқиға не нəрсеге үйретеді? Жан дүниенің көптеген қажеттілігі бар,
оны кемелдендіру – қиынның қиыны. Мəселен, бір адамда басқаларды
түзу жолға бағыттай алатын ерекше қабілет болуы мүмкін. Ондай адам
мəселенің астарын көре алады. Өмірлік қағидаларды анықтауда да
көмектесе алады.
Менің жақсы жағым мен жан дүниемнің шынайы қалауы – өзгелерге
шабыт сыйлау. Бірақ мектеп пен университет қабырғасында шабыт
сыйлаушы болып жұмыс жасауға болады деп айтылмаған еді, тіпті ол
қасиеттің құндылығы да сөз болмайтын. Міне, сондықтан да біз
өзімізді іздеу барысында «адамдық» пішіндегі келбетке жүгірдік. Ішкі
дүниеміздің қажеттілігін қанағаттандыру үшін басымызды тауға да,
тасқа да соқтық. Мəселен, мен журналист болсам, басқаларға шабыт
сыйлай аламын деп ойладым. Сол үшін де журналистика саласына
бардым.
Тағы бір мысал. Джим Коллинз – «Жақсыдан ұлыға» атты
бестселлердің авторы. Ол «Неге бір компания табысқа жетпей жатса,
енді бірі толағай табысты болады?» деген тақырыпта ауқымды тарихи
зерттеулер жүргізген. Ол да өзін ұзақ уақыт бойы таба алмаған. Ақыр
соңы Джим Коллинз өзіне білім беру мен оны сараптау жұмыстары
ұнайтынын түсінеді. Кейін өз ісінің майталманына айналады.
№ 4 аңыз: «Талант балалық шақта айқындалады»
Көптеген кітаптарда «Бала кезде нені ұнатқандарыңды еске түсіріңдер.
5 жасқа дейін не нəрсеге қызықтыңыз? Сонда ғана өмірлік
жолыңыздың кілтін табасыз» деп жазады.
Иə, бала кезден-ақ адамның ұнайтын ісі байқала бастайды. Бірақ бұл
белгілер аса айқын көрінбейді. Мəселен, бес жасар баладан сараптауға
немесе компьютерлік бағдарламаларға деген махаббатты қалай
байқаймыз? Дегенмен бала күндегі таланттарға бөгеліп қалудың да
қажеті жоқ. Əйтпесе күйзеліске түсіп кету де ғажап емес.
№5 аңыз: «Өмірлік жолың сен сүйген нəрселермен
байланысты»
Данышпандықтың стандартты жобасы мынадай:
Сізге ұнайтын іс болады – əрекет ете бастайсыз – табысқа жете
бастайсыз – өз-өзіңізге деген баға мен мотивация арта түседі – тағы да
əрекет етесіз – табысқа жеттіңіз! Алайда мұндай өмірлік жол – жоқтың
қасы. Сіз жүрек қалаған істі таңдап, соны кəсіпке айналдырдыңыз. Бұл
– мінсіз жоба.
Бірақ өмірде бəрі басқаша.
Бала күндегі бір танысым арамызда бар-жоғы білінбейтін адам еді. Ол
кекештеніп сөйлейтін, өзгелерден ұялатын жəне өзін ұсқынсыз
санайтын. Жан дүниенің бұл дерттері жинала берген. Соңында тұла
бойын ыза мен намыс билеп, шешендік өнер курсына жазылады.
Бірнеше сабақ өткен соң өзіне сенімдірек бола бастайды. Əрекетке
көшіп, амал етеді. Қазір ол – Ресейдегі ең үздік шешендік өнер
курсының негізін қалаушысы. Оған қоса, оны халық ерекше тартымды
əрі қылықты деп санайды.
«Əлемге деген реніштің оңды өзгеріске əсері» айдарынан тағы бір
қызық оқиғамен бөлісейін. Менің таныс жаттықтырушым бар. Ол
спортзалда бодибилдер-чемпиондарын «қыздыратын» еді. Оның
шəкірттері ресейлік жарыстардан үнемі жүлделі орын алады. Елінің
атынан əлемдік аренаға шығады.
Бірде біз мотивация жайында сөз қозғадық. Сонда ол: «Кім ең керемет
нəтижелер көрсететінін білесің бе? Ішінде əлемге деген, адамдарға
деген «реніші» көп шəкірттерім. «Реніш» – тамаша мотивация», –
деген еді.
Адамның не нəрседен шабыт алатыны маңызды емес. Ашудан, кектен,
өзіне сенбеген ата-анасына не достарына əлденені дəлелдеуден
болсын, мейлі. Егер сен қалаған нəтижеге қол жеткізгің келсе, алға
қарай жылжы да, бəрін шаң қаптырып кет.
Түйіндеме (Резюме)
Барлық хикаялар тек мына нəрсені меңзейді: өмір бекітілген
қағидалардан тұрмайды. Жан дүниенің де қалауы бар. Оны түрлі
əдістермен айқындай түсу керек.
Өмірлік жол жайындағы ешбір тренинг бұған нақты жауап бермейді.
«Сенің өмірлік кəсібің – топырақтан сурет салып, оларды Еуропада
сату» деп ешкім айта алмайды. Кітаптар мен тренингтерден өмір мəнін
түсінуге тырысу – газеттегі жұлдыз жорамалдан өзіңнің кім екеніңді
іздеумен тең.
Адамзаттың проблемасы шешімді тапқысы келетінінде емес,
шешімнің расымен жоқтығында. Қандай іспен айналысқыңыз
келетінін түсіну үшін қарым-қабілетіңізге, шама-шарқыңызға қарай
кез келген істі таңдап, жасап көру керек. Дамуды тоқтатпау да
маңызды.
Біздің ерекше қабілетіміз кірпіш секілді. Олар өздігінен ғажап күшке
ие бола алмайды. Бірақ біреу бұдан тауық қана сыятын кішкене үйшік
жасайды, енді бірі аспанмен тілдескен зəулім үй тұрғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |