істейтін едің?» деген сұрақтар қоятынмын. Олар теледидар көретін, ал
мен жаттығуға баратынмын. Мен олар жасамағанды жасайтынмын.
Нəтижесінде олар иемдене алмағанға мен қол жеткіздім.
Миллионға татитын сұрақ
Жақында менің блогымда бір қыз былай деп пікір жазыпты: «Мен
кітап жазғым келеді, бірақ ол үшін үнемі, бірнеше күн талмай отырып
жазуыма тура келеді. Ал маған жұмыс іздеу керек.
Мен оны
таппағанша кітап жазуға құқығым жоқ. Ал жұмыс тапқанда, кітап
жазуға уақыт болмайды».
Бұрындары мен де: «Менің жұмысым күніне 9-12 сағатты қажет етеді.
Сүйікті ісім үшін уақытым жоқ» деп ойлайтынмын. Менің ойымда да
əрдайым керемет жоспар жүретін. «Алдымен мен бір жақсы ақша
табатын жұмыс жасаймын. Содан кейін Испанияда теңіз жағасыннан
үй сатып алып, өзім жақсы көретін жұмыспен айналысатын боламын»,
– дейтін ішкі дауысым.
Егер мен сол кездері
мына сөздерді естіген болсам, бұл менің бірнеше
жыл өмірімді бос өткізбеуден сақтап қалар еді.
Осымен бірнеше рет қайталап айтылған Барбара Шердің маған берген
сұхбатында ол жеті жыл бойы даяшы болып жұмыс істегендігін айтты.
Сол жылдар арманына баяу қадам басқан ең қиын кезеңдер болғанын
да жасырмады. Ол сізге көңіл-күйіңізге кері əсер ететін кəсіпті
таңдамауға жəне аянбай еңбек етуге кеңес береді. Ғажайып сөздер!
Сізге жеті жыл немесе одан да көп уақыт бойы білегіңізді сыбана
жұмыс жасау қажет болуы мүмкін. Мүмкін Паркес Кадман сияқты он
жыл да қажет болар.
Паркес 11 жасынан бастап көмір шахтасында жұмыс істейді. Оның
кішкентай
інілері мен қарындастары бар, оларды тамақтандыру керек
еді. Күн сайын ол бірнеше сағатын жер астында өткізетін. Ол көмір
арбасын жетектеп жүретін «томпақ бала» атанып кеткен. Жүк
түсіретін орында əрдайым оның балауыз шамы мен бір кітабы
болатын. Жүк түсіріліп жатқан сəтте кітап оқып қалудың 120 секунды
бар болатын.
Кейіннен ол: «Менің бұл жерден шығуыма тек білім ғана көмектесе
алатынын білетінмін», – деді. Ол шахтада 21
жасқа дейін жұмыс істеп,
сол уақыт ішінде мыңнан астам кітап оқып үлгереді. Ол өз
ауылындағы көршілерінен сұрап алғанның бəрін оқып жүретін.
Кейіннен Паркес Кадман əйгілі жазушы жəне радио насихаттаушы,
Американың ең танымал адамдарының бірі болды.
Мен бұл əңгімені өте қатты жақсы көремін жəне оны мастер
класстарда жиі айтып жүремін. Себебі барлық сылтаулар біздің
санамызда ғана екендігін дəлелдейді.
Нені құрбан ету керек немесе уақытты қайдан табуға
болады?
Мұхтар Гусенгаджиевтің тағы да бір тамаша сөзі: «Алтын ереже:
бір
Достарыңызбен бөлісу: