•
Қызығушылығыңызға байланысты үйрімелерге бару.
Білім – мидың азығы. Миымыз ашыға бастағанда, ең алдымен, сан
түрлі лас дүниелерді басымызға кіргізе береміз. Екіншіден,
рухани
азғындалып, бақытсыз бола бастаймыз.
Тұрақты түрде қажеттілікке байланысты жасаңыз. Əйтсе де күнделікті
аз-аздан жасап отырсаңыз, жақсырақ болушы еді.
4. Жігер беретін орта
2015 жыл мамырдың 12 жұлдызында менің туған күнім болды. Сол
кезде «Өміріңді өзгертетін 100 əдіс» атты кітап жазу былай тұрсын,
жүрегімнің түкпірінде ондай ой да болмады.
Туған күніме жазылған құттықтау хаттардың бірі менің жақын құрбым
жəне өмірлік істі табуға жəрдемдесетін тренер Кристина Макаровадан
келген еді. Хаттың мəтіні төмендегідей еді:
«Лариса, мен сенің келесі туған күніңді жаңа кітабыңмен Амстердамда
оқи отырып, атап өткім келеді. Жаңа жылыңмен! Уақыт басталды».
Бұл хабарламаның мені қаншалықты
жігерлендіргенін елестете де
алмайсыз. Əрине, мен өмір бойы кітап жазсам деп армандап келе
жатырмын. Бірақ осы қол жеткізбей келе жатқан арманымның бір
жылдан кейін жүзеге асуы мүмкін деген ойдың өзінен зəрем ұшты.
Соған қарамастан: «Айтқаның келсін!» – деп жауап бердім.
Осылай менің алға жылжуым басталды… Бір ай бұрын, нақтырақ
айтқанда, 2015 жылдың сəуір айында Кристинамен «Дикая» атты
фильмге
28
барған болатынбыз. Бұл киноның сюжеті басты рөлдегі
актрисаның 1100 мильге (1770 км) созылған жаяу туризмі аясында
құрылған.
Фильм аяқталған соң, Кристина: «Мен күндердің бір
күнінде Франциядан Испанияға дейінгі 800 шақырымдық қасиетті
Сантьяго жолына баруды армандаймын», – деді.
28
«Дикая» (Wild) – Жан-Марк режиссер болған драма жанрындағы америкалық
биографиялық фильм. 2014 жылы шыққан. Америкалық жазушы Шерил Стрэйдің
оқиғасына негізделген.
ред.
Сол сəтте мен: «Неліктен күндердің бір күнінде, қазір емес?» – деп
едім.
– Қазір жұмыстарым бар, – деп жауап берді.
– Барлығы да жай сылтау, – дедім.
Осы əңгімеден соң түнде Кристина маған хабарлама жолдапты. Хат
мəтіні келесідей: «Білесің бе, өмірді сүре білу керек! Сол үшін де 25
маусым – туған күнімде Сантьяго жолына барамын деп шештім».
Бұл смс-ті оқығанда сене қоймағаным, рас. Əйтсе де 2015 жылдың 25
маусымында Кристина Францияда болды. Күн шығатын сəтте
Сантьяго жолына жол тартты. Ол 30 күн жаяу саяхаттады.
Кристина
қайта оралғанда, біз кездестік. Шай үстінде: «Өз өмірін
өзгертіп, өзінің өмірлік жолымен жүруге дайын адамға қандай кеңес
берер едің?» деген сұрақтар қойдым. «Өз ортасын табуына кеңес
беретін едім», – деп жауап берді Кристина.
Осы сөздерді қатты құрметтеймін: «Өз ортаңды табу». Өйткені адам
өзінің армандары мен құндылықтарын қолдайтын ортаны тапқан сəтте
даму өздігінен жүзеге асатындай.
Мен өз достарымды тірнектеп жинадым десем, артық айтқаным емес.
Дəл сол орта өздерінің қолдауымен, маған үлгі бола алуымен жəне
адал болуымен алға жылжуыма жəрдем етеді.
Мен де оларды
шабыттандыра аламын деп үміттенемін.
Бұл адамдар кімдер?
•
Жетекші.
•
Семинарларда танысқан жаңа достар.
•
Кеңесші немесе бірге жеңіске жетер топ.
•
Армандарға бірге қол жеткіземіз деп уəделескен досыңыз.
«Цельная жизнь» атты кітаптан
29
өз ортаңды «тазалауға» байланысты
(жетекші табудың жолдары да жазылған) кеңестерден үзінді келтіре
кетейін:
29
Хьюитт Л., Кэнфилд Дж., Хансен М. В. Цельная жизнь. Ключевые навыки для
достижения ваших целей. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015
Ары қарай жалғастырмастан бұрын маңызды кеңесті тағы да оқи
кетіңіз. Жан-жағына кері əсер ету арқылы уын шаша жүретін
адамдардан аулақ жүріңіз! Өкінішке орай, бүкіл əлем – үлкен мəселе,
ал сізді жай ғана сол мəселенің бір бөлігі
ғана деп есептейтін адамдар
да кездеседі. Олардың барлық істері ойдағыдай жақсы жүріп келе
жатса да, жолында пайда болған кішкене мəселенің өзін түйедей көріп,
негатив іздеп жүреді.
«Айтуға оңай! 100 жыл білетін досым бар делік. Ол жұмысына көңілі
толмайды, қаржы жағынан мəселесі бар. Бірақ ешкім көмектескісі
келмейді. Мен де сол секілді теріс бұрылып, кете беруім керек пе?!» –
деп ойлауыңыз мүмкін. Біздің айтарымыз: «Жоқ, кетпеңіз. Қашып
кетіңіз! Мүмкіндігінше алысқа жəне шамаңыз жеткенше тез».
Оның өмірге негативті көзқараспен қарауы сізді күшіңізден,
энергияңыздан айырады.
Таңдау сіздің қолыңызда. Өміріңізді қандай адамдармен өткізгіңіз
келетінін өзге емес, дəл сіз таңдайсыз. Егер сізді əрдайым артқа
тартатын достарыңыз болса, барынша
ертерек бір шешім қабылдаңыз
да, ол адамды еркіне қоя беріңіз жəне өзіңіз алға қадам басыңыз.
Джек Кефилд: «Менің жетекшім Клемент Стоун маған достарымның
тізімін жасауды ұсынды. Сосын позитивті, өмірге оптимистік
көзқараспен қарайтын, маған нəр беретін жəне жеңіске жетуіме
көмектесетін адамдардың есімінің тұсына «П» əрпін жазуымды
бұйырды. Келесі кезекте əрқашан налып жүретін,
армандарды жоятын,
өзгелерге де кері əсер ететін жəне толықтай пессимист адамдардың
есімінің жанына «Т» əрпін қойып шықтым.
Осы тапсырмадан соң, Стоун «Т» əрпіндегі адамдарға уақытымды
босқа жұмсамауым керектігін ескертті».
Есіңізде сақтауға тиісті сабақ: «Айналаңызда тек қана позитивті
адамдар болсын». Стоунның айтуынша, адам өзі араласатын басқа бір
адамға ұқсап кетеді.
Егер де табысты болғыңыз келсе, табысты
адамдардың ортасында өсіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: