Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Тəуекелге барудың 4 себебі



Pdf көрінісі
бет58/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Тəуекелге барудың 4 себебі
Сонымен, сіз өз өміріңізді өзгертуге шешім қабылдадыңыз. Бұл
керемет таңдау! Бірақ толыққанды əрекетке көшу үшін сəл-пəл
сенімділік жетпей тұрғандай.
Тəуекелге барудың 4 себебі. Сіздің əрекеттеріңіздің жеңіліссіз болуына
көмектесетініне көзіңіз жетеді.
1. Қауіпсіздік пен тəуекел
Менің үйімде миллиондаған стикерлерге толған «Уақытша жоспар»
қабырғам бар. Əр апта сайын мен есінен ауысқан адамдай сол
жоспарларымды өзгертіп отырамын. Ауыспалы стикерлерімнің
арасында 3 жылдан бері өз орнында тұрған бір стикер бар. Мен оны
ешқашан өз орнынан қозғамаймын.
Ол жерде: «Гүлге айналмастан бутонда шіріп өлетін күн де жетті»
деген сөз жазулы.
Бұл сөздер егер еш əрекет етпесем, бутонда гүлге айналмай өліп кетуім
мүмкін екенін менің есіме ылғи салып тұрады. Өзгерістер енді
басталған сəтте, бірден қауіпсіз өмір сүру тəуекел етуден де
қорқынышты екенін түсінесің.
Like империясының негізін салушы Аяз Шабутдинов бір мастер-
классында өз бизнесін бастаған сəтте не істегені туралы айтып берген
еді. Ол парақшаны екі бөлікке бөліп, бірінші бөлігіне қауіпсіздікте
бейқам өмір сүрсе қалай болатынын (40 жылдық тұрақты жұмыс
істейсің, ай сайын қай күні жалақың түсетінін білесің, кейін қартайып
15 рубль зейнетақы алып бақытты өмір сүретініңді тағы білесің),
екінші бөлігіне тəуекелге барса қалай өмір сүретінін тізіп жазады.
Алғашқы бастамасы үшін ең жаман дегенде ол пəтерінен, көлігінен
айырылып қалуы мүмкін.
«Мен, тəуекелге барып, бəрінен айырылып қалуым мүмкін екенін
түсіндім. Бірақ мен бұл тəуекелмен «бүкіл өмірімді өзгертуге» деген
үмітті сатып алатынымды түсіндім» – дейді ол.
2. Уақытты сонша тиімді пайдаланғанда қанша өміріміз
қалды?


Менің кəсіпкер досымның жұмыс үстелінде уақытты керісінше
санайтын таймері бар. Иə, оның үстелінде қанша өмірі қалғанын
есептейтін сағат тұр.
Қазір оның жасы 36-да. 2014 жылғы Ресей статистикасы бойынша,
орташа өмір сүру жасы ер адамдарда – 66 жас (əйел адамдарда – 77
жас) құрайды екен. Бүгін оның сағаты 262701 сағатты көрсетіп тұр.
Соншалықты көп уақыт емес екеніне келесісесіз бе?
World Bank бюросы адам өз өмірінде əртүрлі істермен айналысуға
қанша уақытын жұмсайтынын есептеп шықты. Жиырма сегіз жыл –
өміріңнің үштен бірін – ұйқыға, он жылын жұмысқа, төрт жылын
тамақ ішуге, тоғыз жылын – ғаламтор желісінде отырып, теледидар
тамашалап, əртүрлі бейнелі ойындар ойнауға жұмсайтынымызды
анықтаған. Ұсақ-түйек істердің барлығын алып тастағанда, біздің
тоғыз жыл ғана өміріміз қалады екен.
Өз-өзіңізді қалыптастыруға бар болғаны тоғыз жыл ғана уақытыңыз
бар. Бұл сан сіз 78 жас өмір сүруіңіз мүмкін деген жағдайдан
шыққанын ұмытпаңыз. Бұл жағдайға шынайы көзбен қарайықшы: ал
егер сіз одан аз өмір сүрсеңіз ше?
Сізді қорқытайын деген ойым жоқ: «Бірақ өзіңіз елестетіп көріңізші,
сіз 78 жас емес бар жоғы 50 жыл ғана өмір сүрсеңіз ше? Сонда не
болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты, иə?» Сізге басқа жолмен
түсіндіріп көруге тырысайын. Сіздің қолыңызда банк картаңыз бар
делік. Бірақ сіз оның ішінде қанша қаражат барын біле алмайсыз жəне
ішіне сала да алмайсыз.
Күнде банкке барып ақша шығарып аласыз. Анығында, əр күн сайын
шығады-ау деп үміттеніп барасыз: бірақ бере ме, жоқ па оны білмейсіз.
Банк картасы сіздің өміріңіз екенін түсініп қойған боларсыз. Əр кез
түнде ұйқыға кеткен соң, «өміріміздің банкі» бізге келесі таңның
атуын көруді нəсіп етіп, өмірімізді дұрыс жаққа өзгертуге мүмкіндік
бере ме, жоқ па мен де, сіз де білмейміз.
3. Əрекет жəне жаңа ақпарат (көңіл көтеретін əңгіме
емес, бірақ маңызды)
Артем дейтін кəсіпкер танысым өз карьерасын бастау үшін жарты
миллион несие алып, өз ағаларымен бірге алғашқы кəсіптері – көлік
жуу кəсібін бастайды. Жарты жыл бойы талмай жұмыс жасайды.
Талмай еңбек етіп жақсы əрі бақытты өмір сүре бастайды.


Бұл ертегі емес. Бірақ бір күні көлік жуу бекеттері толығымен өртке
оранды. Нақты статистика айту қиын, бірақ сенімді ақпарат көздерінің
айтуы бойынша, 90% кəсіп алғашқы екі жылда күйіп кететін көрінеді.
Ешқандай хэппи-энд емес екені анық, бірақ осы жағдайдан кейін
кəсіпкердің айтуы бойынша: «Əр болған жағдай, əр жаңа қадам саған
қосымша ақпарат береді. Əрине, қайта орнына келтіруге болмайтын
тəжірибе ғой. Бірақ маған үлкен сабақ болды. Мысалы, алғашқы
бизнес-жоспарымызда қандай үлкен қателікке бой алдырғанымызды
түсіндік. Оған қоса, туыстарыммен, таныстарыммен жұмыс істегенде
нақты жауапкершілік, сенімділік деген дүниелердің керек екенін
түсіндім. Оның үстіне біз орын таңдаудан да қателесіп, көптеген форс-
мажорлардың болуына жол берген екенбіз. Иə, мен осы тəжірибеден
өту үшін жарты миллион ақшамды жұмсадым, бірақ мен дым
өкінбеймін. Бұл істің мен үшін кез келген тренингтерден пайдасы мен
қайырымы мол болды. Маған көп дүниені түсіндіруде көмектесті».
Сонда, ол шынымен қосымша ақпаратты жарты миллионға «сатып»
алғаны ма? Қымбаттау ма? Мүмкін, қымбат шығар.
Бір компанияның серіктесі сəтсіз келісімшарт кесірінен 10 миллион
доллардан айырылып қалғаны туралы бір қауесет бар. Басшылық оны
өзіне шақырған сəтте, ол жұмыстан шығу туралы арызын өзімен ала
барып: Егер сіздер мені жұмыстан шығаратын болсаңыздар, менің
сіздерге еш өкпе-ренішім болмайды, себебі мен осындай үлкен
қателікке бой алдырдым ғой» деген кезде, оған айтылған жауап: «Біз
жаңа ғана сіздің тəжірибеден өтуіңізге 10 миллион ақша жұмсадық
жəне сізді жай ғана жұмыстан шығармауға құқымыз бар. Барып
жұмысыңызды жалғастырыңыз!»
Кез келген айырылып қалған қаражат – сіз үшін құнында шек жоқ
салым сияқты.
Артемнің оқиғасының жалғасы бар. Арада екі жыл өткеннен кейін,
несиесін төлеп, ол алдыңғы жіберген қателіктерін жібермеуге
тырысып тағы да тəуекелге барады. Осы жолы оның қолынан келді.
Ешкім ешқашан бастаған ісіңіздің оңай болатынына кепіл бола
алмайды. Ешкім сізге алғаш жасағаныңызда бəрі керемет болып
кететініне уəде бере алмайды (тіпті кейде екінші ретте де жүзеге
аспауы мүмкін)
Бірақ əр істе сізге жаңа ақпараттар мен тəжірибелер жиналатыны –
факт.


4. Жасалған əрекет сенімділікті арттырады.
Тəуекелге барған сайын біз өзімізге өзіміз жасап алған ыңғайлы
алаңнан (зона комфорта) шығамыз. Ал бұл қалай болмасын өзіңе деген
сенімділікті арттырады.
Өз қорқынышымызды жеңген сайын біздің басқаның емес өзімізге
деген мақтаныш сезімі туындап, көңіліміз толады. «Не армандау
керек» кітабында Барбара Шер былай дейді: «Бойыңызда қорқыныш
сезімі бола тұра алға қадам бассаңыз, сіз өзіңізге теңдесіз қызмет
жасап жатырмын деп ойлаңыз. Сіз əр қорқынышыңызды жеңген сайын
үлкен жетістікке жетіп жатқаныңызды ұмытпаңыз. Ол жетістіктің
басқа жетістіктен айырмашылығы – сіз оны бар жан-тəніңізбен сезіне
алуыңызда. Өзіңізге өзіңіз сенбей, қолыңыздан келгеніне таңқаласыз.
Бұл – ғажап сезімдердің бірі. Бірақ егер сіз əрекетсіздікке бой
алдырсаңыз, сіздің өзіңізге деген бағаңыз ғана емес сонымен қоса,
ерік-жігеріңіз, сыртқы жəне ішкі фактормен күресу қабілетіңіз де тек
төмен құлдырайды».
Керемет аффирмацияға қарағанда сіздің тарапыңыздан болатын кез
келген əрекеттің сізге тигізер оң əсері мол. Егер сіз өзіңізді «мен
жақсы адаммын» деп сендірсеңіз, ол сенім сізбен ұзақ болмайды. Ал
егер бірден қарапайым ғана «солай болып жатқан сияқты» əрекет
етсеңіз, кез келген керемет ойға қарағанда жақсы көмектеседі. Мейлі,
сіз анау айтқандай керемет іс бітіріп, жетістікке жетпесеңіз де, сіз
өзіңізді іштей мақтан тұтасыз.
Міне, сіздерге уəде еткен, тəуекел етудің маңызын көрсететін 4 үлкен
себебім осы. Сіз əлі ойланып отырсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет