Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім


Озон қабатының бұзылу процесіне әкелетін антропогендік әсер



бет10/11
Дата12.07.2016
өлшемі1.25 Mb.
#192721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

27 Озон қабатының бұзылу процесіне әкелетін антропогендік әсер

Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады.



1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсетті. Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті. Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
28 Б.Коммонер бойынша (1974ж.), адамзаттың экологиялық процестерге араласуының негізгі этаптарын көрсеттіңіз.

Экологиялық шараның жетімсіздігінен табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдаланудың коэффициенті өте төмен, пайдалы қазбаларға қарағанда 2-10%-ті ғана құрайды. Ресурстар сарқылуда, халық саны өсуде (1960 ж. - 3 млрд, 1975 ж. - 4 млрд, 1987 ж. - 6 млрд). Оның үстіне тау-тау болып үйілген өндіріс қалдықтары мекен ортасын ластауда. Олар ыдырамастан тіршілік иелеріне көптеген зиян келтіруде. Тіршілік табиғатында күрделі иерархиялық ұйымдардың өзін-өзі реттеудің орасан мол резервтері (қоры) қаланған, бірақ сол резервті ашу үшін биосфера ағынының процесіне сауатты түрде араласа білу керек. Өндірістік жұмыстың барлығын жоспарлағанда экологиялықзардаптардың болатын мүмкіндігін қатаң ескеру керек. Бұрынғы жинақталған табиғат зандары жайындағы білімді есепке ала отырып, қазіргі эколог ғалымдар экология заңдары деп әдебиеттерде аталып жүрген адамзат қоғамы мен қоршаған ортаның өзара принциптерінің жалпы зандылықтарын белгіледі. Экология заңдарының ішінде айқын тұжырымдармен белгілі болған американдық эколог ғалымы В. Коммонердің (1971) төрт заң-афоризмі (мәтел-зандары) бар:

-        табиғаттағы құбылыстың бәрі барлығымен байланысты - (жалпыға бірдей заттар байланысы);

-        барлығы бір жаққа кетіп қалуы керек (сақталу заңы);

-        еш нәрсе тегін берілмейді (бағаның дамуы туралы);

-        табиғат өте жақсы біледі (эволюциялық таңдаудың басты критерийлері туралы).

29 -30 «Қышқылдық жаңбырдың » пайда болуынан биосферада елеулі өзгерістер. «Қышқылдық жаңбырдың » әсерінен болатын, топырақ пен судағы катиондар мен биогенді элементтің өзгерістерін сипаттаңыз

«Қышқылдық жаңбырдың » туындауына әкелетін антропогендік жағдайлар

Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі. Күкірт қосындыларының 59-69 % , азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6,5 болған кезде өле бастаса, РН 4,5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады. Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді. Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.
31 -32 «Парник эффктісінің» туындауына әкелетін антропогендік жағдайлар

Парник эффектісі. Атмосфераның жоғарғы қабатында СО2-ның шамадан тыс көбеюі «парник эффектісін» туғызады. Əлемдік деңгейде парник эффектісін туғызуда негізгі орынды электр энергиясын алу кезіндегі бөлінетін газдар (40%) құраса, бұдан кейінгі орынды машина транспортымен ұшақтардың түтіндік газдары жəне өндірістік газдар (25%) алуда. Бұл эффекті кезінде атмо- сфераның жоғарғы қабатындағы СО2 молекуласының шамадан тыс бөлігі Жердің бетінен шығатынь жылулық сəулені (инфрақызыл сəуле) жұтып, оны ғарыш кеңістігіне жібермейді. Нəтижесіндеь атмосфера қабатының температурасы жоғарылайды. Парник эффектісін жасақтайтын негізгі газдар көмір қышқыл газы жəне су буы Жер бетіндегі атмосфераның температурасын реттеуде шешушірөл атқарады. Екінші жағынан бұл газдар Жер атмосферасында болмаса, онда Жер беті температурасы +15°С орнына – 18°С болып, Жер мұздатылған тіршіліксіз планетаға айналған болар еді. Қазіргі кезеңде атмосферадағы СО2 жəне басқа газдардың (СН4, N2О, О3, фреондар) жылдан-

жылға көбеюі, ауа температурасының одан əрі өсуіне жағдай жасайды. Компьютер көмегімен бұл үдерісті үлгілеу ісі бір-бірімен байланысты өте көп параметрлердің орын алуына байланысты

күрделене түседі. Бірақ та есептеулер 2030 жылы парник эффектісі нəтижесінде температураның өсуі 1,5±1,0°С болып, осының нəтижесінде дүние жүзілік мұхиттағы судың көтерілу деңгейі 20±14 см болмақ.


33 Рекреационды зоналарға сипаттама

Рекреациялық аудан - рекреациялық іс-қимылдар мамандану саласы ретінде байқалатын аумақ. Рекреациялық ауданның құрамына рекреациялық кәсіпорындар жүйесі мен олардың қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындар енеді. Рекреациялық аудандар қызметтік бейіні (емдеу, сауықтыру, спорттық, танымдық және олардың әр түрлі үйлесімі), халықтың әр түрлі құрамының рекреациялық іс-қимылдарының түрлеріне бағдарлануы (халықаралық, республикалық, жергілікті), рекреациялық қызмет ету жүйесінің даму деңгейі бойынша бөлінеді. Рекреациялық аудан ірі аумақтық бірліктің — рекреациялық зоналардың бөлігі ретінде және ұсақ аумақтық бірліктің — рекреациялық ауданшалар мен ареалдардың бірлестігі ретінде қаралуы мүмкін.Туризмді дамытудың ұзақ мерзімдік жобаларын жүзеге асыру үшін тарихи-мәдени мұра және табиғи-рекреациялық ресурстарды пайдалану, халықаралық, мемлекеттік және жергілікті маңызы бар туристік маршруттардағы әлеуметтік мәдени қызмет көрсету нысандарын салу мен туристік орталықтарды кеңістікті түрде орналастыруды ұйымдастыру, туристік іс-әрекеттің ұйымдару құқықтық қамтамасыз етілуінің заңдылық негізін жасау, сондай-ақ туризм сферасында мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің горизонталды және вертикалды өзара байланыстардың басқару құрылымын құру бойынша оңтайлы шешімдерді талап етеді. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.
34 Мегаполис түсінігіне анықтама беріңіз

Мегалополис (грек. megas — үлкен және polіs — қала) —көптеген қалалар мен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы. Қалалық агломерацияға қарағанда мегалополисте қоныстану формасының иерархиялық деңгейі жоғары болады. Мегалополис тек қалалық құрылыстардан ғана тұрмайды. Шамамен аумағының оннан тоғыз бөлігі ғана ашық жерлер болады. Дүние жүзінде қалыптасқан Мегалополистерге ТокиоОсока (Жапония), Рейн өзенінің орта және төменгі ағысында (ГерманияНидерланд), ЛондонЛиверпул (Ұлыбритания), Ұлы көлдер (АҚШКанада) және Калифорния (АҚШ) аудандары жатады. Мегалополис Ежелгі Грекияның 35 елді мекенінің тұтасып кетуі нәтижесінде қалыптасқан Мегалополь қаласының атауынан пайда болған.




35 Қала жасыл желектерінің маңызы

1. Осы жасыл желектерді күту және қорғау ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының ­кімшілік құқық бұзушылық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласында жасыл желектерді қорғау және күту тәртібін белгілейді. 2. Жасыл желектер мәселелері бойынша табиғатты пайдалануды басқару және реттеу заңнамаға сәйкес табиғи (оның ішінде өсімдік) ресурстарды табиғат пайдалануға беруге уәкілетті Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті органы) жүктеледі. Жасыл желектерді күту және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру аудандық әкімдіктерге, ал жасыл желектерді қорғау жөніндегі шараларды жүргізу иеліктерінде жасыл желектері бар, бағдарламалардың әкімгерлеріне және табиғат пайдаланушыларға жүктеледі. 3. Осы ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) ведомстволық нұсқаулық - қала әкімдігінің уәкілетті органы бекітетін, қала аумағындағы жасыл желектерді құру, күту және қорғауға қатысты техникалық қадағалау, түгендеу мен олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу және тағы басқа мәселелерді реттейтін құжат; 2) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуға жататын ағаштарды кесу; 3) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отыра ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген қала аудандарының шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары; 4) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау мен түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі; 5) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га. кем емес аумақтағы 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ; 6) жасыл желектер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;


36 Қалдық проблемасы. Қоқыс көбеюінің басты себептерін талдаңыз

Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады. көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі; қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы; табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы;адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі; адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).


37 Эльтонның «экологиялық жарылыс» түсінігіне анықтама бере отырып оны мысалдармен талдаңыз. Жауар жалпы жарылыс жайлы

Советтік дәуірде радиодан Жаңа Жерде (Новая Земля) немесе Семей полигонында ядролық жарылыстар өткізілгені туралы хабарлағанда, әрдайым бұның халықтың игілігіне жасалып жатқанын қосып айтатын еді. Ал нақты қай игілігіне атомдық зарядтар жарылып жатқаны туралы сұрақ әдетте қозғалмайтын. Маңғыстау облысында Үстірт платосында 1969 және 1970 жылдары үш жерасты ядролық жарылыс жасалған. Ол кездері бұл жарылыс жұмыстары жасанды су қоймаларын құру қажеттілігімен түсіндірілген. Халық тұрмайтын шөл далада сол сулы жерлердің кімге керектігін және Маңғышлақтың құрғақ климатында оларда қайдан су пайда болатынын ешкім ашып айтқан жоқ. Нәтижесінде тереңдігі 20 метр және диаметрі 300 метр болатын екі опырылған ойыс пайда болған жарылыстар орындарында мүмкін емесжоғары радиоактивті фон тұрғаны жөнінде облыста отыз үш жыл бойы әңгіме жүріп жатты. Бірақ сонда да ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Сақтық шараларының барлығы тек жарылыстар жерлерін қоршап, қауіп жөнінде ескерту жазылған белгілер іліп қоюмен ғана шектелді. Бұл қоршаулар адамдарды қорқытқан жоқ, керісінше назар аударғызды – шопандар дуалды қой үшін ашық қора ретінде қолданды. Міне, көптен күткен зерттеулер жақында ғана жүргізілді. Жарылыс орындары мен оның аймағындағы жерлер учаскілерін Курчатов қаласының ұлттық ядролық орталығының мамандары тексерді. Топырақ, су, сонымен қатар өсімдік қабатының бөліктері сынау жүргізу үшін алынды. Радиоактивті қауіпсіздік пен экология институтының ақпаратты-аналитикалық  бөлімінің бастығы Юрий Стрильчуктың айтуы бойынша барлық зерттеліп жатқан үш аймақта радионуклидтер анықталды. Радиоактивті бүлінудің бірінші учаскесі Ақтоты жерінде. Диаметрі 30 метр болатындай радиоактивті ластанудың кішігірім дағы кезінде жер астына ядролық заряд енгізілген скважинаның дәлме-дәл үстінде орналасқан. Топырақ бетіндегі доза қуаты сағатына 60 микрорентгенге дейін жетеді – ал бұл фонның қалыпты жағдайдағыдан төрт есе жоғары болуы. Демек адамдар мен жануарларға бұл жерде үш айдан астам уақыт болуы аса қауіпті. 6-Т скважинасына таяу орналасқан екінші опырылған ойыстың радиоактивті ластануы сағатына 30 микрорентгеннен аспайды. Бірақ скважинаның дәл басында бұл шама сағатына 1,5 мың микрорентгенге дейін шұғыл өседі. Мамандар басты қатерді, сирек болса да, осы аймақтарда болатын жергілікті тұрғындар арқылы радиоактивті ластанудың орын ауыстыру мүмкіндігінен көреді. Сважина үстіндегі кіріс жері (устье) зақымдалған жағдайда, радиоактивтік ластану үлкен территорияға таралуы мүмкін. Мамандар айтуы бойынша, топырақ бөлшектерінің шаң-тозаңмен орын ауыстыруымен байланысты екінші ретті ластанудың анық қауіп-қатері бар, сондықтан осы учаскелердің рекультивациясын, яғни ластанған топырақ бетін жинап алып, көміп тастап, ал 6-Т скважинасының бастауын бетонмен жауып тастауды, өкізуді ұсынады. Мұндай қауіптену өте негізделген. Облыстың радиологикалық бақылауы жүргізілу кезінде Ақтау қаласы территориясы мен жақын жатқан аудандардағы табылған радиоактивті ластану көздерін мұнда адамдардың жеткізгені анықталды, және де ең қатты радиоактивті сәулелерді мұнай кен орындарынан ұрланған металл құбырлар мен Маңғыстау химиялық кешенінің қалдықтарынан ұрланған жабдықтар бөліктері шығарады. Металды адамдар қаылдау пункттарына тапсырды да, бұрғылар құбырларын өз саяжайларында пайдаланылады. Саяжайларда құрылған осы сияқты кейбір «бұйымдар» сағатына 1,5 мың микрорентген сәуле шығарды – ядролық жарылыс ауданындағы скважинадағыдай. Бұл радиоактивті сәуле шығару көздерін жергілікті тұрғындардан тәркілеп, арнайы полигондарда көмеді. Бірақ кейде ойламаған жағдайлар болады. Мысалы, осындай оқиға болды: саяжайлардың біреуінде сағатына 700 миллирентген сәуленетін тоттанбайтын метал қағазы табылды. Оның қожасын темірге жақындамауы және мамандар келіп оны алып кететіні туралы ескертті. Бірақ мамандар келгенде жаңағы радиоактивті металдан оның фоны ғана қалғаны анықталды. Радиация бар да, ал метал жоқ. Қайда? Сөйтсе, саяжай иесі оны үйдің жарына қадап, оның үстінен кілем іліп қойған. Радиоактивті болса да, өз дүниесімен қоштасқысы келмеген ғой.
38 Мелиорацияға анықтама және оның түрлеріне сипаттама

Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы.


39 Табиғи және агроэкожүйеге салыстырмалы сипаттама

Агроэкожүйе (агробиоценоз) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егістік, жайылым бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз жүйе. Табиғи биоценоздардан А. – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттелуімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. А-ге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғайтын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.



40Табиғи экожүйеден агроэкожүйенің айырмашылығы

Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде заттектер айналымының жүоуіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары , продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек. Агроэкожүйе (агробиоценоз) – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егістік, жайылым бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз жүйе. Табиғи биоценоздардан А. – тірі организмдердің әр түрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттелуімен ерекшеленеді. Бұлардың табиғи экожүйемен салыстырғанда биол. өнімділігі жоғары болады. Дақылдардан мол өнім алу үшін а. ш-н механикаландыруды ұлғайтып, минералды тыңайтқыштар, пестицидтерді көп пайдалану, жиі суғару қажет. Мұндай жағдайдан кейін а. ш. өндірісі қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. А-ге адамның шаруашылық іс-әрекетінің жағымсыз әсерін азайту үшін агротехниканың табиғат қорғайтын шараларын қолданған жөн. Бұл топырақ жамылғысындағы қоректік заттардың тепе-теңдігін, жайылымның өнімділігін, биол. алуан түрліліктің біршама жоғары болуын, т.б. сақтайтын тұрақты экожүйе құруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, А-ні жердің жалпы табиғи ландшафтының құрамды бөлігіне айналдырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет