Лат оіkos – үй, баспана; logos – ілім



бет8/11
Дата12.07.2016
өлшемі1.25 Mb.
#192721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

39 Алакөл: флора мен фауна


Алакөлге Сасықкөл, Тарбағатайдан бірнеше тұщы суы мол өзендер құяды. Тау өзендерінің көлге құятын арналары терең иірімді келеді, онда ақбалық, жайын, шортан, шабақ, алабұға, т.б. балықтар көптеп кездеседі. Бірақ, кейінгі кезде Балқаштан мұнда әкелген ақбалық (судак) басқа балықтарды азайтып жіберген. Бұл мәселені балықшылармен қатар көл жағалауы тұрғындары айтып та жүр.

Алакөл көлінің тағы бір байлығы – құс әлемі. Көлемі ұлғайған сайын құс саны көбейе түсуде. Көлдің тереңдігі 40-50 метрге дейін болса, Жалаңашкөл, Сасықкөл тереңдіктері 25-30 метрден аспайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл өңірді 300-ден аса құс түрі мекен етеді. Оның 38-і Қызыл кітапқа енген. Ал, қызылтым қоқиқаз (пеликан), қара тұмсық шағала (реликтовая) тек дүние жүзінде осы Алакөл мен Үнді мұхитындағы бір аралда ғана кездеседі екен. Кезінде бұл мәселені терең зерттеп, ғылымға жаңалық қосқан Мұхтар Әуезовтің ұлы Ернар болатын. Ал, осы Алакөлдегі Аралтөбе деген аралды құс базары десе де болады. Мұнда қалай келгені белгісіз, улы жыландардың үш түрі мекендейді. Бір кездері ат сауырынан келетін көл мен арал арасындағы өткелге көршілес Көктал, Арқалды округінің жылқылары да қыстап шығаруға айдап апарылып жүрген. Бірақ, кейін онда ұялы қасқыр пайда болған соң ол шаруа тоқтатылған көрінеді.

Алакөлдің бүгінгі бай флорасы мен фаунасын болашақ ұрпаққа сақтау үшін оны мемлекеттік қорық етіп жариялау керек деп білеміз. Сонда ғана келешектің игілігіне жарай беретін болады.
40 Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай бауыры суық бақанақтың уы медицинаға аса қажет.
41 Байқоңыр космодромы және зымырандардың ауа-райына, жерге, ауаға әсерін көрсетіңіз;

Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы құрып, уланып біткен.


Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, қалды.
42 Ақсу-Жабағылы қорығыТалас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. [1] Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.


43 Жасанды қанталмастырғыштармен (ксилит, аспартам, сахарин т.б.) тағамның ластану жолдарын және оның организмдерге әсеріне сипаттама беріңіз

қант алмастырғыш зат ретінде сорбит, ксилит, фруктоза, сахарин, аспартам, натрий цикломаты және стевий экстракті қолданылуы мүмкін.

Ксилит пен сорбиттің іш босату қасиетін ескеріп, оларға жеке қабылдаушылықты бекіту керек.

Қант алмастырғыш заттарды тек аурудың компенсация және субкомпенсация кезінде қолданады.

Қант алмастырғыш заттардың энергетикалық құндылығын ескерген жөн.

Ксилит, сорбит және фруктозаның тәулліктік мөлшері 25-30 г ал, қарт аадамдарда

15-20 г (джем, кондитерлік өнімдер және т.б.қосқанда).

Қосымша әсерлер пайда болса (жүрек айну, метеоризм, қыжыл және ауыздан метал дәмін сезіну) препаратты қолдануға рұқсат етілмейді.

Ксилит – ксиланға бай ауылшаруашылық қалдықтарынан алынатын бесатомды спирт.

Ксилит – жүгері қабығынан және мақта шитінен алынатын, суда жақсы еритін тәтті кристалды зат.

Аспартам – қосыша әсері және энергетикалық құндылығы жоқ, қанттан 200 есе тәтті екі аминқышқылынан (аспарагин және фенилаланин) тұратын зат. Аспартамның бір таблеткасы тәттілігі бойынша 3,2 г қантқа тең.

Препарат инсулиннің қатысуынсыз метаболизденеді, оның энергетикалық құндылығы – 3,7 ккал\г, кариестің дамуына қарсы тұрады. Гидролиздену кезінде аспартам тәттілігінен айрылады. Гидролизденуін органикалық қышқылдар мен төменгі температура арқылы алдын алуға болады. Қайнау кезінде өзінің қасиеттерін жоғалтады. Аспартамның тәуліктік мөлшері 20-40 мг\кг дене салмағына.

Сахарин – ортосульфобензой қышқылы туындысы. Сахарин қанттан 500есе тәтті, суда жақсы еритін қышқылтым дәмі бар, кристалды ұнтақ. Энергетикалық қындылығы өте төмен. Сахаринді әртүрлі атаулармен шығарады, тәуліктік мөлшері – 2,5 мг\кг дене салмағына, яғни, 2 таблеткадан артық емес. Бір таблетка тәттілігі шамамен бір шай қасық қантқа тең.

Сахарин зат алмасу процестеріне қатыспайды. Қышқылтым дәмдік қасиетіне байланысты қайнатуға ұсынылмайды. 10-20% қабылданған сахарин нәжіспен шығарылады. Сахарин бүйректе, бауырда, көкбауырда, өкпеде және көп мөлшерде қуықта жиналады.


Тамақтық қосымшалар (бөтен заттар) тамақтық азық-түліктерде бола тұрып, организмге тікелей токсиндік әсер етуден басқа, жанама да әсер етеді. Ол мына жағдайларда болуы мүмкін:

  1. витаминдердің, белоктардың, көмірсулардың бұзылуы нәтижесінде;

  2. тамақ компоненттерінің байланысуында (мысалы, күкіртті ангидриттер);

  3. тамақ компоненттерінің токсинді қосындыларға (үшхлорлы азот) айналуында;

  4. тамақтың қорытылуы бұзылғанда (соя ұнының антитрипсиндік факторлары);

  5. сіңірімділіктің нашарлауы. Бұл өз негізінде алиментарлық сапалықтың жеткіліксіздігіне немесе созылмалы улануға ұрындыруы мүмкін;

  6. ішек микрофлорасының өзгеруі түрінде, бұл жайында антибиотиктердің тамақ өнеркісібінде және малдар үшін азық ретінде қолданылуы делел бала алады;

Өкінішке орай тамақтық қосымшалардың зиянды әсерінің бұл жағы әсіресе аз зерттелген. Тамақтық қосымшалардың қауіпсіздігіне бағалау жүргізгенде тамақтық қосымшалар құрамында азық-түліктердің кейбір топтарын ересектермен бірге балаларда пайдаланылатынын ескеру қажет. Сондықтан да тамақтық қосымшаларды балалар тамақтануында пайдалану жайлы мәселе көкейтесті болып қалады.
44 Кадмий ауыр металдарының организмге түсу жолдарын және оның улы әсерінен болатын ауруларды сипаттап жазыңыз

Кадмий – сынап, мышьяк сияқты ауыр металдардың бірі болып табылады. Кейбір тәжірибелер бойынша оны өте улы металл деп атайды. Кадмийдің организмде жаксы бейімделу қасиеті бар. Адам организміндегі кадмидің басты орналасатын жері ол өкпе – 36-60℅,бүйрек – 20-25℅. Калғандары асқазанда, сілекейде және сүйектерде болады. Кадмий ерітінділері қанға еніп,бауыр,бүйрек,фосфорлы – қышқыл айналуын бұзады. Созылмалы улану қаны аздыққа және сүйектердің қирауына алып келеді. Кадмий тұздарымен улану симптомдары құсық және құрысулар болып табылады.


45 Зымырандардың отыны «гептилдің» адам организміне зиянды жақтарын көрсетіңіз

Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот,аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады

Олардың ішінде концерогеңді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасында неше түрлі қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады. Зымыравдар апатқа ұшырағаңца ондағы гептилдің 90 пайызы ауада жанып кетіп, ал қалған 10 пайызы жерге келіп түседі, тіпті түспеуі де мүмкін. Ал жерге түскен гептил ұзақ уақыт топырақта сақталынып, улылық қасиетін жоймай жата береді.


46 Рак ауруының өршуіне әкелетін антрофогендік факторларға нақты мысалдар келтіріңіз

Рак ауруының түрлері: ми ісігі, асқазан ісігі, өкпе ісігі, тері ісігі, жыныс мойын ісігі,

өңеш ісігі, сүт безінің ісігі, қуық ісігі, бүйрек ісігі, бауыр ісігі, ішек ісігі.

Сүт безі рагына себеп болатын негізгі факторлар: жаһандағы экологияның бұзылуы -

ауаның, судың, топырақтық улы заттармен ластануы. ЛОБ-НОР сияқты ядролық сынақтар,

облыс аймағындағы полигондар, ядролық физика институтының ядролық қалдықтары мен

зауыттардан шығатын уран, көлік түтіндерінен бөлінетін ауыр металл тұздары да бұл

кеселдің өршуіне әсерін тигізуде.


47 Арал өңірі халықтарының жиі кездесетін аурулардың себебін түсіндіріңіз

Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауруы болып тууда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
48 Өнімдердің нитрат және нитриттермен ластану жолдарын және оның адам денсаулығына әсерін сипаттаңыз

Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химияландыру топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе кең ауқымда ол ауылшаруашылығында гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минерал тыңайтқыштарды қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазартып, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын-шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге, ауылшаруашылық өнімдеріне, жануарлар организміне, содан кейін транслокациялық жолмен адам организміне, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.

Ауылшаруашылығында қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, тұрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.

Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі.

Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерден тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам организміне түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қолдану адамның жедел және созылмалы улануына соқтырады. Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитриттермен және нитраттармен созылмалы улану қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады.
49 Алматы қаласы тұрғындары санының ұлғаюына байланысты су қалдықтарының проблемасын (Сорбұлақ) қандай жолдармен шешуге болады, түсіндіріңіз

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін туғызады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі-оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.


Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық – коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай су қоймасына қарацй- ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.Суды азайтататын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 км артып, ұзындығы-15 км, ені - 8 км, тереңдігі- 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі-1 млрд м– ға жетіп отыр.
Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле- Балқаш алабы бұрын сонды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзне бойындығы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде.
Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындығы химиялық қоспалар тіршіллікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүние жүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып келіп жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.
Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың көбеюі артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы
өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организіміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл.
Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл- ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі– ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі– Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.
Екінші жоба- Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті су қоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара отырып тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу жұмыстары талап етілуде.
Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша– қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып қайта пайдалану.

50 Жетік техниканың дамуынан туындайтын ірі қалалардағы проблеманны шешу жолдарын көрсетіңіз

Лист 2
1Тұрақты даму және оның критерийлеріне сипаттама.

Тұрақты даму ұғымының мағынасы « болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей, қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру». «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мҥмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін.


2 Жалпы экология бөлімінің құрлымына анықтама

Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бҧл терминді ғылымға неміс зоологы Э.Геккель 1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ұсынған. Термин грек сӛзінен шыққан, « ойкос- oikos» - үй, тұрақ, мекен , «logos»- ғылым деген мағынаны береді. Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:

1. Табиғат жӛніндегі ілім-білім дамуының табиғи сатысы. 2. Өнеркәсіптің, ауыл шарушылығының, транспорттың жылдан-жылға қарыштай дамуы табиғаттың жекелеген нысандары ғана емес, тұтас экологиялық жүйелердің де мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда. 3. Көптеген техникалық мәселелердің дұрыс шешілмеуі, экологиялық заңдылықтарды жақсы білмеу, табиғатты ұтымды пайдалануға қажетті білім тәжірибесінің болмауы экологияның нақтылы ғылым ретінде қалыптасуына түрткі болды. Организмдердің құрылысы мен дамуы ғана емес, олардың өздері тіршілік ететін ортасымен қарым-қатынастары да белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын тҥсіну жҥзеге асты, мұның өзі осы жайттарды ұқыпты түрде зерттеу қажеттілігін туындатты.
3 Тірі жүйенің ұйымдасу деңгейлері. Биологиялық компоненттерге анықтама Экологиялық факторларды жіктеу.

Экологияда биологиялық (тірі) жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (тендік). Жасушалық,ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық-түрлік, биоценоздық, биогеоценоздық (экожүйелер) биосфералық. Әрбір деңгейде қоршаған ортамен өзара әсерлесу (зат, энергия және ақпараттармен алмасу есебінен) нәтижесінде өзіне тән ерекшелікпен сипаталатын функционалдық жүйелер түзіледі. Уэбастер бойынша жүйе дегеніміз «бір тұтас бүтінді түзнтнтін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер». Олай болса, жүйенің негізгі элементеріне компоненттер, байланыстар, шекаралар жатады Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетеді: 1) оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды 2) жабық яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды


(мысалы, космос кемесі). 3) ашық, яғни көршілес жүйлермен зат және энергия алмасуыболады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі ,олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады. Молекулалық (гендік) деңгйде биологиялық жүйе Экологиялық фактор дегеніміз- тірі организмдерге оң немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтері. Факторлар организмдерге жиынтық кҥйде әсер етеді. Оған организмдер әртҥрлі жауап береді. Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.) Биотикалық факторлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізген әсері (бәсекелестік, жыртқынтық паразитизм және т.б.) Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиындығы (зиянды затардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.)
4 Гомойо- және пойкилотерімділерге салыстырмалы сипаттама







Жылу алмасу ерекшелiктерiн ескергенде жануарларды салқын қанды-пойкилотермді және ыстық қанды - гомойотермдi деп екiге бөледi. Біріншілердің дене температурасы орта температурасының өзгеруiне қарай өзгередi, ал екiншiлерiнде дене температурасы тұрақты сақталады. Гомойотермдi оргамизмдер түрлерi саны жағынан болсын, жеке тұлғалар саны жағынан болсын, жануарлар әлемiнің аз бөлігін құрайды: оларға сүтқоректiлер мен құстар жатады. Басқа организмдер қарапайымдардан бастап жер бауырлап жүрушiлерге дейiнгiлер - пойкилотермдер. Дене температурасыньң тұрақтылығы - жануарлар әлемiндегi жоғарғы өкілдерінде эволюция барысында қалыптасқан өте маңызды биологиялық константа. Сыртқы орта температурасынан едәуiр артып тұрған гомойотермдердiң дене температурасы, организмдегi химиялық реакциялардың өте жоғары жылдамдығьн камтамасыз етедi, сөйтiп барлық тiршiлiк процестерiнiң жоғары қарқындылығына септiгiн тигiзедi. Гомойотермдердiд ыстық пен суыққа дене температурасын тұрақты сактай отырып төтеп бере алуыньң шекарасы бар. Сыртқы орта жағдайларының аса колайсыздығы (өте жоғары немесе өте төмен ауа температурасы, жоғары ылғалдылықпен қабаттаса), гомойотермияны бұзады. Шамадан тыс жоғары немесе төмен орта температурасы жағдайында, қорғаушы термореттеу механизмдерi жетiмсiз болады да, гомойотермдi организмнiң температурасы не жоғарылап, не болмаса төмендейді. Бiрiншi жағдайда гипертермия, екiншi жағдайда гипотермия байкалады. Гомойотермдi организмде екi температура зонасын айырады:бiрiншісі-сырткы, екiншісi - iшкi. Сыртқысын “қабығы” деп, iшкiсiн “ядросы” деп атайды. Тек “ядросы” тұрақты температурамен сипатталады. Оларға ми, кеуде мушелерi, құрсақ және кiшi жамбас мүшелерi жатады. Шетте жатқан мүшелер мен ұлпалар (терi, қаңқа еттерiнiң көпшiлiгi және сүйектер), “қабықты” курайды. Соңғылардың температурасы белгiлi бір дәрежеде сыртқы орта температурасы көтерiлсе көтерiледi, төмендесе төмендейдi, “Қабық” температурасының тербелiсi гомойотермия “ядросын” ұстап тұруға бағытталған. Кызып кету қаупi төмендегенде “қабық” температурасының көтерiлуi жылуды сыртқы ортаға беруге септігін тигiзедi, тоңазып кету қаупi төнгенде “қабық” температурасының төмендеуi, жылуды берудi шектейдi. Кеңiнен колданылып жүрген “дене температурасы” деген термин, дененiң iшкi аймақтарының температурасы, немесе “ядросы” жөнiнде айтылады. Осыған қарамастан “ядро” участоктерiнiң температурасы бiрдей емес. Мысалы, iшкi мушелерден қанды жинаушы көктамырларда әртурлi температура болады. Басқалармен салыстырғанда, төс ойық көктамыр канының температурасы ең жоғары, екiнші орында - бауыр көктамырыньң қаны, сонан соң тәж синусының, бүйрек көктамырының, оң жүрекше қаны келедi. Мұндай айырмашылықтар әртурлi мушелердегi энергия алмасуы әртүрлi пәрмендiлiкпен жүретiндiгiн көрсетедi. Осымен қатар, жергiлiктi қанайналымы екпінділігінің маңызы бар. Әдетте, тамырлармен ағып отырып қан “ядродан” жылуды алып, “қабықтар” тамырларымен жүрiп ұлпаларға бередi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет