Лебяжье селолық округі



Дата23.02.2016
өлшемі39.79 Kb.
#9312
Лебяжье селолық округі

Селолық округінің аумағы 247,79 шаршы км. құрайды, ауыл шаруашылығына жарамды жерлер 17285 га. Селолық округте 3 елді мекен бар: Лебяжье селосы (600 адам, 207 аула), Құралай (325 адам, 81 аула), Круглое (25 адам, 10 аула). Елдің ұлттық құрамы тұрақты: қазақтар – 451, орыстар – 468, украиндер – 16, немістер – 6, басқа ұлттар – 10.2010 жылда елдің әр түрлі санатарының үлесі: зейнеткерлер – 140, мүгедектер – 37, еңбекке жарамдылар -463, соның ішінде, мемлекеттік мекемелерде істейтіндер – 75, ШҚ – 39, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар – 328.Округте “Богви”, “ЖНВ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округ бойынша орташа өнімділік 15,7 ц/га құрады. 2010 жылғы округтің ауылшаруашылық құрылымдарымен округ тұрғындарының пайлары берілді. барлық қосалқы шаруашылықтар жем-шөппе, отынмен қамтылды.

Бүгінгі күні селолық округ аумағында жеке меншік иелігінде: ІҚМ – 1601, соның ішінде сиыр - 773 бас, қой және ешкі – 1339 бас, жылқы - 404 бас, шошқа - 228 бас, құс - 5550. Селолық округте жасанды ұрықтандыру бойынша 2 пункт мал санын арттыру мақсатында қызмет көрсетеді. 2010 жылы жасанды ұрықтандырумен 209 бас ІҚМ төлі алынды.

Былтыр “Пальчик” жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарынан 250 т. сүт сатып алды, айына 2 рет есеп айырады. Булаев және Петропавл қалаларында әр апта сайын өткезілетін жәрмеңкелерде, өнімдерін сатуға тұрғындарының мүмкіндігі бар.

Округте күнделікті сұранысқа ие тауарлардың үлкен таңдауы бар, 5 жеке меншік дүкендер жұмыс істейді. Қажетті тауарлардың бағасына күнделікті бақылау жүргізіледі. Наубайхана (1 сорт нанның 1 бөлкесінің бағасы 38 теңге), “ЖНВ” ЖШС иелігіндегі диірмен жұмыс істейді. Мал сою цехын ашу жоспарлануда.

2010 жылғы желтоқсанда Булаев-Қарақоға-Лебяжье-Құралай селоларында жолаушыларды тасымалдау маршруты ашылды.

Лебяжье селосында тұрғындарға су сататын пункт жұмыс істейді. “ЖНВ” ЖШС су тасушы машинасы суды үнемі тасып тұрады. Округте электр қуаты тұрақты жұмыс істейді.

Лебяжье селосынан Құралай ауылына дейінгі жолға ішінара жөндеу жүргізілген. Қыс мезгілінде жолды қардан тазалау үшін “ЖНВ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі МТЗ-80 тракторымен қамтамасыз етеді.

2010 жылы елді мекендерді абаттандыру бойынша көп жұмыс жүргізілді: Лебяжье және Қызыл Қазақстан орта мектептерінің аумағында 140 қайың көшеттері отырғызылған және Құралай ауылында “Жас өркен” аллеясы жасалып, ұлы Отан соғысында қайткандарға қойылған ескерткіштердің маңайлары тазартылды.

Селолық округ әкімінің аппаратымен «Ең әдемі аула» және «Ең әдемі көше» конкурсы өткізілді. Айлық қорытындысы бойынша «Ең әдемі аула» конкурсының иелері бағалы сыйлықтарымен және грамоталармен марапатталды.

2010 жылы салықтар 100 пайыз жиналған: жер бойынша 89 мың теңге, мүлікке 25 мың теңге, көлікке 225 мың теңге.

Лебяжье селолық округінде 2 мектеп бар. Телефондырылған, Интернет желісіне қосылған. Кәсіптік білімге дейінгі білім беру ұйымдастырылған. Мектепте 122 оқушы оқиды, соның ішінде: Лебяжье орта мектебінде – 73, Қызыл-Қазақстан орта мектебінде – 49 оқушы. 2010-2011 оқу жылында селолық мектептерде шағын-орталықтар ашылды: Қызыл-Қазақстан орта мектебінде - 14 орын, Лебяжье орта мектебінде – 20 орын. «Дикая» ЖК, «Зимина» ЖК, «Есина» ЖК және ЖШС «ЖНВ», ЖШС «Богви» ауылшаруашылық құрылымдарының демеушілік көмектерімен округ мектептерінің оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

10-11 сыныптардың ұл балаларына машинатану курсы оқытылып, барлығы машинист-тракторист куәлігін алады. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес мектеп жанынан трактрошы және комбайншыларды кәсіби қайта даярлау ұйымдастырылды. Жұмыссыз және аз қамтылған отбасы топтарынан 20 адам оқыды. Өткен жылы, ҚР «Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдем туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында, 47 отбасы 88 балаға 946811 теңге сомасына жәрдемақы алды. Округте 8 отбасы атаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдем алады, 18 адамға 612538 теңге сомасына. Қоғамдық жұмыстарға 2 адам тартылды. «Жол картасы» жастар тәжірибесін жүзеге асыру мақсатында жоғары және орта оқу орындарының 6 түлектері жұмысқа қабылданды.

Спорт бойынша мұғалімдер мен әдіскерлердің жұмысы жақсы деңгейге қойылған. Мектеп оқушылары мен жастарға мектептердегі спорт залдарында шұғылдануға мүмкіндік бар. Біздің спортшыларымыз аудандық және облыстық жарыстарда спорттың ұлттық түрлерінен мектеппен бірге балалар мен ересектерге арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Округте екі кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 14360 дананы құрайды.

Екі діни нысан бар: Лебяжье селосындағы “Церковь Пророка Ильи”, онда жексенбілік мектебі бар. Құралай ауылындағы мешііне «ЖНВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілік көмегімен ағымдағы жөндеу өткізілді.

Округте медициналық пункт қызмет етеді. Дәрігерлік амбулатория ғимаратында мемлекеттік дәріхана бар, онда тұрғындардың алғашқы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті дәрі-дәрмектер бар. медициналық қызметкерлер ай сайын жалғызілікті қарттарды аралап өтеді. Балаларға және ауруларға барудын кестесі жасалды.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға ауылдағы инфроқұрылымдардың дамуы ықпал етеді.

Пошта байланысы бөлімі поштаны жеткізу, зейнетақы беру, нотариалды әрекеттер үшін және жеке тұлғалардың салықтарын қабылдау қызметтерін іске асырады. Пошта бөлімі мен байланыс торабы Лебяжье селосында орналасқан. Тұрғындарға пошта қызметтерін көрсететін екі елді мекенде пошта таратушылар бар.

Округте барлығы 172 абонент бар: Лебяжье – 145, Құралай – 29, Круглое – 1. Бүгінгі күнде 25 пайыз тұрғындарда компьютерлік техника бар, бірақ ескірген кабельді желі байланысы арқылы Интернет желісіне шыға алмайды, ұялы байланыс нашар.



Округ аумағында учаскелік инспектор тұрғындардың арасында профилактикалық жұмыс жүргізеді, спирттік ішімдікке көңілі ауған азаматтарға баса назар аударылады. Мектеп және әкімдік қызметкерлер бірігіп сәтсіз отбасылар мен құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар арасында жұмыс жүргізеді.

2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында округ тұрғындарымен барлық денгейдегі әкімдерінің есепті кездесулері барысында 6 сұрақ қойылған болатын, оның 1-уі шешілмеді. Ол - Мәдениет үйінің жұмысы, ғимарат жеке меншікте және де ол күрделі жөндеуді талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет