Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп Қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы


Ауызекі тіл –бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы. Жазбаша тіл



бет2/4
Дата13.12.2023
өлшемі44.73 Kb.
#486441
түріОқулық
1   2   3   4
Қазақ тілі пәнінен ережер жинағы 2 сынып

Ауызекі тіл –бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы.
Жазбаша тіл-адамдардың хабарды жазып беруі.

Диалог. Монолог


Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі диалог деп аталады.
Өзіне немесе тыңдаушыға қарап айтылған бір ғана адамның сөйлеуі монолог деп аталады.
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуежай, уақыт, Сәуле.
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сусын, елу, улап-шулап.
У дыбысының жазылуы
Ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у дыбысы қосылса, ы, і дыбыстары түсіп қалады: тасы-тасу, оқы-оқу, торы-тору.

-1-
Дәлелдеу үлгісі:


Бұл-дауысты у дыбысы, өйткені ол дауыссыз дыбыстан кейін тұр (немесе ол сөз басында дауыссыз дыбыстан бұрын тұр).
Бұл –дауыссыз у дыбысы, өйткені ол дауыстыдан соң тұр(немесе сөз басында дауыстыдан бұрын тұр).

И, й әріптерінің жазылуы


И дыбысының алдында ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: киім, қиын, жиын.

Сый, тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жазылады: сый, сыйлық; тый, тыйым.
Я әрпінің жазылуы
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, сая, таяқ.

Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, я жазылады: мия, тақия, Әлия.


Ю әрпінің жазылу
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады: аю, көркею.

Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию, жию.


-2-
Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыз дыбыстар

Үнді дауыссыздар

Ұяң дауыссыздар

Қатаң дауыссыздар

л,м,н,ң,р,й, (у)

б,в,г,ғ,д,ж,з

к,қ,п,с,т,ф,х, һ,ц,ч,ш,щ

Дауыссыз б мен п



Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: мектеп, кітап, доп,қап.
Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңына б әрпі жазылады.
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: кітап-кітабы, талап-талабы.

Дауыссыз қ мен ғ


Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: достық-достығы, атақ-атағы, құшақ-құшағы.
Дауыссыз к мен г
Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі, серік-серігі, жүрек-жүрегі.
Дауыссыз л мен р
Сөз басындағы л,р әріптерінің алдынан ы,і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас.

-3-
Мәтін дегеніміз не?


Мәтін мазмұны жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтін құрамындағы сөйлемдер ортақ тақырыппен бірігеді.

Тақырып- мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.


Мәтіндегі негізгі ой-автор айтқысы келген басты пікір.
Мәтіннің басы оқырманды оқуға даярлайды. Негізгі бөлікте автор айтқысы келген басты пікірін білдіреді. Мәтінді соңғы бөлік аяқтайды.
Мәтіннің әрбір бөлігі азат жолдан басталып жазылады.
Мәтін және оның түрлері

Әңгімелеу мәтіні

Сипаттау мәтіні



Пайымдау мәтіні

Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? не істеді? сұрақтары қойылады.



Заттың немесе құбылыстың сын-сипаты берілген мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтініне кандай? сұрағы қойылады.

Пайымдау мәтініне неліктен ? сұрағы қойылады. Пайымдау мәтінінде түсіндіру, дәлелдеуді қажет ететін пікір айтылады. Өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, демек т.б. сөздер қолданылады.


-4-
Сөйлем дегеніміз не?


Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем соңына не нүкте (.), не сұрау белгісі (?) , не леп белгісі (!) қойылады.

Сөйлем түрлері



Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті сөйлем

Бірдененің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.



Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің досың кім?

Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме, ба, бе, па, пе өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады: Айгүл келді ме? Жауын басылып па?





Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады: Қандай әдемі гүл!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет