Бүкіл қазаққа төнген тауқыметті жылдарда
балалығын – аштықпен, есейген шағын – соғыс
зардабымен өткізіп, кемелденген кезде сырқат ша-
лып, жалғызының қызығын көре алмай дүниеден
ерте өткен аяулы анам (Пүлжетпес) Күмісай ру-
хына арнадым.
Автор
1. Психология пәні және нысаны
Психология міндеттері
Адамның ішкі жан дүниесін, оның сырттай болмыспен өзара
ықпалдастық байланыстарының жалпы заңдылықтарын зерттеумен ар-
найы ғылым – психология (грек.-psiche, logos-ғылым) айналысады.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген
анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай
анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан
бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге
тырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жараты-
лыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау,
сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған.
Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспек-
ция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда
пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап,
тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез
әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын
зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет
деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері
мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның
көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен
бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының
жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
|