74
Пісіру өндірісінің технологиясы
1-дәріс. Дәнекерлеу түрлерін жіктеу (ТПМП жаңадан
)
Аталған белгілері дәнекерлеудің барлық тәсілдерін екі топқа бөлуге мүмкіндік береді:
қысыммен дәнекерлеу және балқыту арқылы дәнекерлеу.
Дегенмен, балқыту арқылы дәнекерлеу кең таралым алады, себебі,
қымбат тұратын
жабдықты талап етпейді: жоғары технологиялық икемділік болады және көбінесе дала
жағдайларында орындалуы мүмкін.
Пайдаланылатын энергия бойынша барлық дәнекерлеу тәсілдерін: механикалық;
химиялық;
электрлік;
электрмеханикалық;
химия-механикалық;
энергиямен
шоғырландырылған дәнекерлеуге бөлуге болады.
Дәнекерленетін қосылысты алу үшін механикалық
дәнекерлеу дәнекерленетін
дайындамалардың жиектерінің иілімді деформациясын жүзеге асыруды талап етеді. Химиялық
дәнекерлеу дайындамалардың металын химиялық энергияны жылуға айналдыру арқылы
дәнекерлеу аймағында балқыма пайда болғанға дейін қыздырумен сипатталады. Электрлік
дәнекерлеу электр энергиясын жылуға айналдыруға негізделген. Осы өзгеру түрлі тәсілдермен
жүруі мүмкін: электр тогының қож арқылы өтуі кезінде жылудың бөлінуімен; электр доғасын
пайдалану арқылы; жиілігі жоғары токты индукциялаумен.
Сәулемен дәнекерлеу жарық сәулесінің энергиясын немесе
электр сәулесін жылуға
айналдыруға негізделген (лазер сәулесін немесе электрондар шоғырының энергиясын
пайдалану). Электрмеханикалық дәнекерлеу дайындамалар металын электрлік кедергі әдісімен
және қыздырылған металды одан кейінгі иілімді деформациялау арқылы қыздыруға
негізделген. Химиялық-металлургиялық дәнекерлеу кезінде
дайындамалардың металы
химиялық энергияны металды одан кейінгі иілімді деформациялау арқылы жылулық түріне
айналдыру арқылы қыздырылады.
Достарыңызбен бөлісу: