Атмосфера және жабын газдарының диссоциациясы. Дәнекерлеу аймағында жоғары
температуралар кезінде (2000 бастап 6000
С дейін) осындай атмосфера молекулалары атомарлы
күйге ауысады, бір мезгілде жабын материалының ыдырауы жүреді. Атомарлы сутегі, оттегі
және азот металда қарқынды ериді, бұл жіктің механикалық қасиеттерін нашарлатады
(икемділігі төмендейді, осалдығы артады). Көптеген жабындардың құрамына енетін балқыту
шпаты мен әктас келесі реакциялардан өтумен қатар құраушыларға ыдырайды: CaF
2
→ Ca + F;
CaCO
3
→ CaO + CO
2
. Бос фтор дәнекерлеу доғасының жану жағдайын (доғамен дәнекерлеу
кезінде) нашарлатады. Бос сутегі металда төзімді, ерімейтін молекулаларға байланысады: CaF
2
+ H =CaF + HF. Болатта FeS түрінде еріген күкірт бөлігі FeS + CaO = CaS + FeO реакцияның
жүруі салдарынан қожға жойылады.
Балқыманың атомарлы газдармен өзара әрекеттесуі. Дәнекерлеу ваннасының сұйық
металы, оттегіге химиялық түрде белсенді SiO
2
кремний мен MnO марганецтің, су буының
көмірқышқыл газының әсерінен газ атмосферасының бос оттегісімен, дайындамалардың
жиектерінде оскидтер түрінде болатын (отқабыршақта және татта) оттегімен тотыға алады.
Дәнекерлеу температуралары кезінде Fe
3
O
4
және Fe
2
O
3
оксидтері FeO (Fe
3
O
4
) + Fe = 4FeO;
Fe
2
O
3
+ Fe = 3FeO) шала тотығына ауысады. Осының нәтижесінде жікте оның сапасын
нашарлататын қосындылар түзіледі.
Темір, мыс, кобальт, никель сутегіні қатты күйде сіңіреді. Осы металдар балқыған кезде
сутегінің ерігіштігі артады. Сондықтан дәнекерлеу жігі кристалданған кезде оның кеуектілігі
болуы мүмкін. Титан, ванадий, тантал, ниобий, сирекжер металдары сутегінің үлкен
концентрациясы кезінде оны гидридтерді түзумен қатар, аз концентрациялар кезінде қатты
ерітінділер түзу арқылы сіңіреді. Кремний, алюминий, хром, көміртегі болатта сутегінің
ерігіштігін азайтады.
Азот темірде, молибденде, титанда, марганецте MeN нитридтер түзумен қатар ериді.
Нитридтер, дәнекерлеу жігінің беріктігін арттыра отырып, оның икемділігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |