76
ойықтары болады. Сондықтан нақты беттердің түйісуі кезінде толық жанасуды қамтамасыз ету
мүмкін емес.
Нақты беттердің бастапқы жанасуы микротегіс еместік қырларында орналасқан жеке
нүктелер бойынша жүреді. Беттер арасындағы түйісуде дискретті сипат болады. Түйісудің
қосынды
ауданының
өлшемдері
физика-химиялық
қасиеттеріне
және
беттердің
микрогеометриясына тәуелді болады және түйісудің теориялық ауданының 0,01…1% құрайды.
Нақты түйісудің осындай ауданы кезінде туындаған жеке металл байланыстар (ұстасудың жеке
ошақтары) қосылыстың талап етілген беріктігін қамтамасыз ете алмайды.
Осы ошақтарды
дәнекерленген қосылыс деп атауға болмайды, оларды дәнекерленген қосылыстың бастапқы
кезеңі деп қарастыруға болады. Толық құнды дәнекерленген қосылысты алу үшін беттерді,
тұрақты байланыс тудыруға жеткілікті
r
0
(
r
0
= 0,0001…0,0005 мкм)
қашықтыққа жақындату
керек. Атомдардың өзара әрекеттесу энергиясы минимум болуы керек. Жүйенің энергетикалық
баланс теңдеуінің түрі мынадай:
E = U – TS,
(3.1)
мұнда
E – бос энергия;
U – жүйенің ішкі энергиясы;
T – қосылыс температурасы;
S – эн-
тропия.
Баланс теңдеуінен, егер атомдар потенциал энергия минимумына сәйкес келетін
қашықтықта орналасатын болса, онда жүйе анағұрлым төзімді болатыны шығады. Осы
қашықтықты арттыру немесе азайту атом аралық өзара әрекеттесу энергиясының ұлғаюына
алып келеді. Беттер арасындағы саңылауларда нақты беттердің
бастапқы жанасуы кезінде
нақты металл беттерінің үстінде болатын адсорбцияланған қатпарлардың металл және газ неме-
се сұйықтық молекулалары арасындағы адгезиялық байланыс қана орнатылады.
Беттердің ұстасуын және одан әрі дәнекерленуін дамыту үшін бетке микрошығыңқылар-
ды иілімді деформациялауға мүмкіндік беретін қысыммен әсер ету немесе бетті қыздыру керек,
бұл кристалл тор бөлшектерінің белсендігіне және жылжымалылығына алып келеді. Иілімді
деформациялау және қыздыру қосылыс аймағында энергияның, түйіспелі денелердің беттік
қабаттарының қайта құрылуын қамтамасыз ететіндей шоғырлануын тудырады.
Берік және сенімді қосылысты алу үшін қосылыс аймағын ауданы бойынша, сондай-ақ,
тереңдігі бойынша кеңейту қажет. Нақты беттердің қосылу аймағын кеңейту өзара диффузия
есебінен жүзеге асырылады. Қосылысатын беттердің физика-химиялық қасиеттерінде айтар-
лықтай айырма кезінде осы аймақ химиялық байланыстар мен құрамының қайта
құрылу аймағы
болуы мүмкін. Аймақта кристалл тор типі мен параметрлерінің өзгеруі, ал осыған орай дәне-
керлеу жігінің физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі жүруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: