Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Пісіру жігінің түзілу ерекшеліктері және құрылысы



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Пісіру жігінің түзілу ерекшеліктері және құрылысы 
Пісірме жіктің қатудан кейінгі құрылысы және оның термиялық әсер ету аймақтарындағы 
құрылымдық түрленулер аз көміртекті болаттан жасалған құбырларды электр доғалы пісіру 
мысалында көрсетілген (5.4-сурет). Пісірме жік 1 кейіннен негізгі металмен қосылып, қататын 
сұйық ванна түзілуімен қоспа және жартылай негізгі металдың сұйық күйіне өтуі нәтижесінде 
түзіледі. Жік металының ірі түйіршікті құрылысы бар. Ол химиялық құрамы бойынша олардың 
пісіру процесінде жартылай жануынан және флюстен немесе электрод қаптамасының кейбір 
элементтерімен қоспалануынан негізгі және қоспа металдан ерекшеленеді. Негізгі металдан 
ерекшелігінде пісірме жіктің тиесілі қатты металға қарқынды жылу бөлуі жағдайларында 
жылдам қататын, құйма болаттың типтік құрылымы бар.
Пісірме жіктің негізгі металмен шекарасын білдіретін, балқытудың тар бөлігінде 2 негізгі 
және балқытып қаптастырылған металға тиесілі түйіршіктер кристалданады. Бұл бөлік өте кіші 
және оны тек микрошлифте ғана ажыратуға болады. Пісірме жікпен қатар бір мезгілде оның 
термиялық әсер ету 3 облысы түзіледі, онда жылдам қызу және салқындау нәтижесінде оның 
химиялық құрамы сақталғанда металл құрылымының өзгеруі ғана болады. Термиялық әсер ету 
облысы I-V аймақтарына бөлінеді (5.4-суретті қараңыз), олар пісірме жіктен әр түрлі ара 
қашықтықта негізгі металдағы құрылымдық өзгерістерді, сондай-ақ онда пісіру процесінде 
температураны үлестіруді сипаттайды. 
Пісіру кезінде пісірме жікпен көршілес бөлік қатты қызады да (I қатты қызу аймағы), 
салқындату кезінде онда ірі түйіршікті құрылым түзіледі. Бұл аймақтың металы төмен 
механикалық қасиеттерді (аса үлкен морттылықты) иеленеді және пісірме қосылыстың ең әлсіз 
жері болып табылады.
II аймағында металдың температурасы 1100 °С-дан аспайды. Мұнда оған тән ұсақ 
түйіршікті құрылысы бар қалыптандырылған болат құрылымы байқалады. Бұл аймақтағы 
металдың аса жоғары механикалық қасиеттері бар. 
III аймағында болаттың толық емес қайта кристалдануы болады. Бұл аймақта ферриттің 
ірі түйіршіктерімен қатар, феррит пен перлиттің ұсақ түйіршіктері түзіледі. Сондай-ақ осы 
аймақтың металы аса жоғары механикалық қасиеттерді иеленеді. 
Егер ол пісірудің алдында илемді деформацияға ұшырамаса – IV аймағында болатта 
құрылымдық өзгерістер болмайды; егер ұшыраса бұл бөлікте қайта кристалдану байқалады. 
Көгере сынғыштық аймағында болат көрінетін құрылымдық өзгерістерге ұшырамайды. 
Металл құрылымы негізгі металдың құрылымынан ерекшеленбейді, алайда, осы бөлімнің 
пісіру сәтіндегі төмен илемділігіне байланысты онда жарықшақтар түзілуі мүмкін. Жоғары 
температуралар аймағына түспеген негізгі металл құрылымдық өзгерістерге ұшырамайды. 
Термиялық әсер ету аймағындағы негізгі металдың құрылымдық өзгерістері аз көміртекті 
болаттың механикалық қасиеттерінде елеусіз көрінеді. Алайда кейбір конструкциялық болатты 
пісіру кезінде бұл аймақта пісірме қосылыстардың илемді қасиеттерін күрт төмендететін және 
көбінесе жарықшақтар түзілуінің себебі болып табылатын, шынықтыру құрылымдарының 
түзілуі мүмкін. Термиялық әсер ету аймағының өлшемдері пісіру тәсіліне, оның 
технологиясына және пісірілетін металдың тегіне байланысты болады. 


87 
Балқыту кезінде негізгі және қоспа металдар қайнау температурасына жақын 
температураларға жетіп, қатты қызады, бірқатар жағдайларда балқитын металдың айналасында 
газ ортасының бар болуы оның тотығуына, оларды еріту жолымен басқа газдармен өзара 
әрекеттесуіне әкеледі. Осының барлығы балқытып қаптастырылған металдың химиялық 
құрамын өзгертеді, онда оксидтер мен басқа металл емес қосындылардың пайда болуына, 
сондай-ақ қуыстар мен жарықшықтардың түзілуіне әкеледі. Балқытып қаптастырылған металл 
қоспалардан неғұрлым таза болса, пісірме жіктің механикалық қасиеттері соғұрлым жоғары 
болады. Пісірме жіктің сапасын жоғарылату үшін сұйық металды ауаның әсерінен қорғайтын, 
арнайы газ ортасын құрайды, сұйық ваннаны қышқылсыздандырады да, арнайы қождармен 
жабады. 
Аймақтар: I – аса қыздыру; II – қалыптандыру; III – толық емес қайта кристалдану; 
IV – қайта кристалдану; V – көгере сынғыштық 
1 – пісірме жік; 2 – балқытпалау бөлігі; 3 – пісірме жіктің термиялық әсер ету облысы 
5.4-сурет – Пісірме жіктің құрылысы және оның термиялық әсер ету аймақтарындағы 
құрылымдық түрлендірулер 
Жоғарыда көрсетілгендей, доғалы пісіру кезінде екі электрод арасындағы электр доғасы 
жылу көзінің қызметін атқарады, олардың біреуі пісірілетін дайындама болып табылады. 
Электродтардың материалына және санына, сондай-ақ электродтар мен дайындаманы электр 
тогы тізбегіне қосу сұлбасына байланысты доғалы пісірудің бірнеше тәсілін ажыратады (5.8-
сурет). 
Электрод пен бұйымның арасында – тура әрекетті доғамен пісіру тәсілі аса кең 
қолданыс тапты (5.8-сурет, а). Пісірудің бұл тәсілі кезінде бұйым бетін қыздырудың меншікті 
қуаты едәуір жоғары, ал пісіру орнының айналасында қыздыру аймағы – кіші. 
Тура әрекетті доғамен пісіру кезінде бұйым қызады да, басты түрде пісірілетін металмен 
электрлік байланысты емес доға діңгегінің сәуле шығаруынан балқиды (5.8-сурет, б). Қыздыру 
процесін доғаны бұйымға жақындатып немесе одан бұрып әкетіп оңай реттеуге болады, 
сонымен бірге бұйымның бетін қыздырудың меншікті қуаты үлкен болмайды. Сондықтан 
бұйымды мұндай доғамен қыздыру салыстырмалы түрде баяу және жеңіл өтеді. Қазіргі уақытта 
жанама әрекетті доғамен пісіруді қолданбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет