Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет73/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

ABE
) өңделген бетте оның бетінің кедір-бұдырлығын сипаттайтын 
микрошығыңқылықтар мен микроойымдар құрайды. 
Беттің кедір-бұдырлығы – дайындаманың беттік қабатының сапасы сипаттамаларының 
бірі, ол беттің бедерін құрайтын және беттің белгілі бөлігі аралығында қарастырылатын 
тегіссіздіктер жиынтығын білдіреді. Беттің кедір-бұдырлығы (МЕСТ 2789–73: өңделген бет 
пішінінің белгілі базалық ұзындық аралығында орташа арифметикалық ауытқуымен Ra (мкм) 
және пішіннің 10 нүкте бойындағы тегіссіздіктерінің биіктігімен – Rz (мкм) сипатталады. 
Машиналардың өңделген тетіктері бетінің кедір-бұдырлығының мүмкін мәні сызбаларда 
шартты белгілермен көрсетіледі.
Өңдеудің әр түрлі әдістері үшін Ra параметрі мәндерінің аса көп қолданылатын 
интервалдары келесі: қаралтым өңдеу үшін 100…12,5; таза өңдеу үшін 6,3…0,32; таза өңдеу 
және бабына жеткізу операциялары үшін 0,2…0,012. Ra басым мәндері – 0,25…0,02 мкм. 
Rz параметрінің басым мәндері: 400; 100; 50; 25; 12,5; 6,3; 3,2; 1,6; 0,8; 0,2; 0,1; 0,05; 0,025 
болып табылады. Rz параметрі мәндерінің аса көп қолданылатын интервалы – 0,1…0,025 мкм. 
Кесумен өңделген беттің кедір-бұдырлығы шамасына тетікті жасау шарттарымен байланысты 
факторлардың үлкен саны, соның ішінде кесу режимі, кескіш құрал геометриясы, діріл, 
дайындама материалының физика-механикалық қасиеттері және т.б. әсер етеді. 
Тетіктің өңделген бетінің ақиқат өлшемдерінің оның сызбада көрсетілген конструкциялық 
өлшемдерінен ауытқуын өңдеу дәлдігі деп түсінеді. Өңдеу дәлдігі өңделетін беттің өлшеміне 
шақтамамен, яғни соңғы мүмкін өлшемдермен анықталады. Қазіргі уақытта МЕСТ 25347–82 
сәйкес, барлық номинал өлшемдер үш интервалға бөлінген: < 1 мм, 1-ден 500 мм дейін және 
500-ден 3150 мм дейін. Әрбір интервал үшін шақтамалар өрістерінің өзінің кестелері берілген, 
олардың өлшемдері МЕСТ 25346-89 көрсетілген. Сондай-ақ стандартпен 20 дәлдік квалитеті 
анықталған, олардың әрқайсысының латын алфавитінің әріптерімен белгіленетін 
шақтамаларының өрістері бар.
Ол үшін шақтама өрісі көрсетілетін өлшем санмен белгіленеді, одан кейін әріптен (кейде 
екі әріптен) және цифрдан (немесе екі цифрдан) тұратын шартты белгі келеді. Мысалы, Ø40Н7, 
Ø40g6 және т.б. Латын алфавитінің үлкен әрпі және одан кейін келетін цифр – тесіктің, кіші 
әріп және цифр біліктің шақтама өрісін білдіреді. Кейде белгінің соңында жақшаның бөлшек 
түрінде көрсетілген өлшемдердің шекті ауытқуларын қояды. 
Өлшемдері жанасатын екі тетіктің қондырмасына қосылатын элементтер (тесік пен білік) 
үшін ортақ, олардың номинал өлшемі кіреді, одан кейін тесіктен бастап, сонан соң біліктің, 
әрбір элемент үшін шақтама өрістерінің белгілері келеді, мысалы, Ø40H7/g6. Тесік жүйесінде 
алымында үнемі Н әрпі (Н4-тен Н12-ге дейін) тұратын болады. Тесіктер үшін ауытқулар + 
(плюс) таңбасымен, біліктер үшін – (минус) таңбасымен келтіріледі. Білік жүйесінде 
бөлгішінде үнемі h әрпі (h4-тен h12-ге дейін) тұратын болады. Тесіктер мен біліктердің 
жауапсыз жанаспайтын өлшемдері үшін 14…17 дәлдік квалитеттерін қабылдайды. 
Жекеленген уақыт (бір тетікті жасауға жұмсалатын) машиналық (негізгі) және қосымша 
уақыттан, сондай-ақ жұмыс орны мен станокқа ұйымдастырушылық және техникалық қызмет 
көрсету үшін, сонымен бірге жұмысшының демалуы үшін қажетті уақыттан тұрады. 
Тікелей металл кесу процесіне жұмсалатын уақытты машиналық немесе негізгі деп 
атайды. Мысалы, цилиндрлік бетті жонып өңдеу кезінде негізгі (машиналық) уақыт Т
м
(мин) 


116 
кескіштің кесу жолының ұзындығын есептеуден анықталады (6.4-сурет) және ол мынаған тең: 
Т
м
 = Li/(ns
б
), 
мұнда L = l
1
Δl – кескіш құралдың берісі бағытындағы дайындамаға қатысты жолы, мм; l
1
– 
өңделген беттің ұзындығы, мм; Δl = l
2
+ l
3
кескіштің ойып орнату және шығу (асып кету) 
шамасы, мм; i – өңдеуге қалдырылған материалды алу үшін қажетті кескіштің жұмыс 
өткелдерінің саны. 
Кескіштің ойып орнату ұзындығы кесу тереңдігіне t және көріністегі кескіштің бас 
бұрышына φ байланысты, яғни
l
2
t ctgφ. 
Кескіштің асып кетуі l
3
өңдеудің соңында бүршіктің түзілуін болдырмау үшін қажет және 
өңделетін тетіктің диаметріне байланысты ол 1…3 мм-ге тең болып қабылданады. 
Жекеленген уақытты (бір тетікті өңдеуге) мына формула бойынша анықтайды:
Т
ж
Т
м
Т
қ
Т
қызм
Т
дем

мұнда Т
қ
– қосымша уақыт; Т
қызм.
– станокқа техникалық және ұйымдастыру қызметін көрсетуге 
жұмсалатын уақыт (станокты майлау, жоңқаны жою, станокты реттеу және қосымша баптау
өңделетін тетіктің сызбасын алу және т.б.); Т
дем
– жұмысшының демалысқа және жеке 
қажеттіліктеріне үзілістер уақыты. 
Жекеленген уақытты біле тұрып, станоктың өнімділігін – уақыт бірлігінде жасалатын 
тетіктер санын анықтауға болады. Станоктың сағаттық өнімділігі А (дана/сағ) мына формула 
бойынша анықталады: 
А = 60/Т
ж
= 60/(Т
м
Т
қ
Т
қызм
Т
дем
). 
6.4-сурет – Жону кезінде кескіштің кесу жолының ұзындығын 
есептеуге арналған сұлба 
Машиналық және қосымша уақытты, сондай-ақ жұмыс орны мен станокқа қызмет 
көрсетуге жұмсалатын уақытты азайту есебінен станоктың өнімділігін ұлғайтуға болатыны 
көрініп тұр. Өңдеудің прогресті әдістерін және жоғары өнімді жабдықтардың қолданылуын 
пайдаланып, машиналық уақытты елеулі қысқартуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет