31
құлайтын бөліктерді көтеру үшін ғана қызмет атқарады. Осы типті балғалар сирек
қолданылады.
Қосарлы әрекетті соғатын тоқпақтарда бу немесе ауа құлайтын бөліктерді
көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге тоқпақтың құлайтын бөлігі құлағанда поршеньге
қосымша қысым түсіру үшін қызмет атқарады, бұл балғаның соғу энергиясын едәуір ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Бу-ауалық тоқпақтардың 1000-нан 8000 кг-ға дейін құлайтын бөлігі бар.
Соғатын гидравликалық баспақтар – статикалық әрекетті машиналар,
оларда
дайындаманың деформациялануы секундтар бірлігінен ондығына дейін жалғасуы мүмкін.
Оларда ірі дайындамаларды, негізінде кесектерді өңдейді. Баспақтар 5-тен 100 МН дейінгі
күшті дамытады. Еркін соғу үшін қолданылатын негізгі ұсталық құрал-сайман 3.30-суретте
көрсетілген.
а – соққыштар (жазық, дөңес, ойылған); б – жаншықтар (дөңгелек, қырлы, аралас);
в – белгілеу, жаншығыштар, кеңей жаю; г – балталар; д - қобылағыштар
3.30-сурет – Негізгі
ұсталық құрал-сайман
Жұмыстық құрал-сайманнан басқа (әр түрлі пішінді соққыштар), өлшеуіш
(кронциркульдер, бұрыштықтар) және қосымша (қысқаштар, ашалар, патрондар және т.б.)
құрал-саймандарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: