Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Қос иінді және ыстық қалыпталған баспақтарда қалыптау



Pdf көрінісі
бет19/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Қос иінді және ыстық қалыпталған баспақтарда қалыптау 
 
Ұсталық-қалыптау өндірісінде соғылмаларды әр түрлі жабдықтарда: қос иінді ыстық 
қалыпталған басқатарда, гидравликалық, бұрандалық фрикциялық баспақтарда және доға-
статорлық жетегі бар баспақтарда жасаудың ілгері әдістерін кеңінен қолданады. 


35 
Қос иінді ыстық қалыпталған баспақтар (ҚЫҚБ) 5…100 МН күшпен және минутына 
35…90 жүріс санымен жасайды. Олар табысты ауыстырады және көптеген жағдайларда 
технологиялық мүмкіндіктері бойынша бу-ауалық қалыптау балғаларынан артық болады. 
Өлшемдерінің дәлдігі жоғары соғылмаларды ҚЫҚБ-да баспақ сырғымасы жүрісінің 
тұрақтылығы арқасында алуға болады. ҚЫҚБ-да қалыптау қалыптарда жоғарғы және төменгі 
итеріп шығарғыштардың бар болуы есебінен металды пайдалану коэффициентінің 
жоғарылауына әкеледі, олар қалыптау еңістерін, кенермелері мен әдіптерін азайтуға мүмкіндік 
береді. Сонымен қоса, ҚЫҚБ-да қалыптау балғада қалыптау бірнеше соққыда болғанда, әрбір 
жылғада баспақта дайындаманың деформациясы бір жұмыс жүрісінде болатындықтан, 1,5-2 есе 
өнімдірек. ҚЫҚБ қолайсыз іргетастарды талап етпейді және дайындаманы индукциялық 
қыздырумен үйлесімде цехтағы еңбек жағдайларын жақсартады. 
Қалыптау кезінде баспақта металл деформациясы балғада қалыптау кезіндегі 
деформациядан едәуір ерекшеленеді. Балғаның соққыларында негізінде соғылманың беттік 
қабаттары деформацияланады, ал баспақта қалыптау кезінде соғылмаға түсетін жүктеме 
біртіндеп артады да, деформация металдың барлық көлеміне таралады. Оны баспақтарға 
арналған қалыптарды конструкциялау кезінде есепке алу қажет. 
Баспақтарда қалыптағанда, балғалардағы сияқты, соғылманы қалыптастыру алдын ала 
жылғаларда бірнеше рет өткенде болады. Алайда жылғалар саны минимум болуы тиіс. 
Сондықтан баспақтарда қалыптау үшін фасондық дайындамаларды қолдану ұсынылады. 3.33-
суретте бойлық 1 және көлденең 2 илеммен алынған периодты пішіндерден жасалған «бұлғақ» 
тетігінің қалыпталған соғылмасы 3 бейнеленген. 
1, 2 – бойлық және көлденең илемдеумен алынған тетіктің дайындамалары 
3.33-сурет – «Бұлғақ» тетігінің қалыпталған соғылмасы (3) 
Қалыптаудың алдында қыздырылған дайындаманың бетінен от қабыршықты жою қажет, 
әйтпесе ол соғылманың денесіне «жаншылуы» және әрі қарай қалаусыз салдарларға – тетіктің 
механикалық қасиеттерінің төмендеуіне, оның ішкі коррозиясына және т.б. әкелуі мүмкін. 
Әдетте от қабыршықты гидравликалық тәсілмен жояды. 
ҚЫҚБ конструкциясына қалыптау кезінде пайда болатын күштің массивті тұғырмен 
қабылдануы және іргетасқа берілмеуі тән. Баспақта соғылмаларды ашық және жабық 
қалыптарда қалыптауға болады. Ыстық қалыптау үшін 6,3-тен 100 кинематикалық сұлбасы 
3.34-суретте көрсетілген.
Электр қозғалтқыштан 5 сына-белдікті беріліс 4 арқылы аралық білікте 6 орнатылған 
маховик 3 айналысқа келтіріледі. Тісті берілістің 7 көмегімен айналыс қос иінді білікке
беріледі. Бұлғақтың көмегімен қос иінді білікпен бекітілген сырғақ 1 қайтымды-ілгерілемелі 
қозғалысты алады. Қалыптың жоғарғы (жылжымалы) бөлігі – сырғақта 9, ал төменгі 
(жылжымайтын) бөлігі баспақ үстелінде 11 бекітілген. Баспақ үстелінің сырғақтың шеткі 
төменгі орнындағы қалыптар арасындағы ара қашықтықты реттеу үшін арнайы сына тәрізді 


36 
құрылғы бар болады. Бұлғақта және баспақ үстелінде қалыптан алынған соғылмаларды жою 
үшін қызмет атқаратын итеріп шығарғыштар орналасқан. 
1 – сырғақ; 2 – тежегіш; 3 – маховик; 4 – сына-белдікті беріліс; 
5 – электр қозғалтқыш; 6 – аралық білік; 7 – тісті беріліс; 8 – қос иінді білік;
9 – бұлғақ; 10 – пневматикалық жалғастырғыш; 11 – үстел 
3.34-сурет – Қос иінді ыстық қалыпталған баспақтың кинематикалық сұлбасы 
Қос иін-бұлғақты механизмді қосу және сөндіру – пневматикалық муфтамен 10, ал тоқтату 
таспалы тежегіштің 2 көмегімен жүзеге асырылады. Баспақты басқару батырмалы және 
баспақты. Ыстық көлемді қалыптауды немесе оның жеке операцияларын (июді, созуды, 
қобылауды және т.б.) сондай-ақ гидравликалық және фрикциялық баспақтарда жүзеге асыруға 
болады. 
Гидравликалық баспақтарда массасы 100…350 кг және оның жеткіліксіз қуатынан басқа 
ұсталық жабдықтарда алу мүмкін емес болатын одан артық ірі габаритті соғылмаларды 
қалыптайды. Бұл жабдықта сондай-ақ оларды қалыптау үшін үлкен жұмыс жүрісі (терең 
қобылау кезінде) қажет болатын соғылмаларды алады. Гидравликалық баспақтардың баяу 
жүруі соғылмамен ұзақ түйісуден қалыптық құрал-сайман жұмысының ауыр шарттарын 
тудырады. 
Қалыптайтын гидравликалық баспақтар 750 МН дейінгі күшті құрай алады. Олардың 
әрекет ету принципі соғатын гидробаспақтардың әрекетінен ерекшеленбейді, бірақ олардың аса 
қатаң конструкциясы, сырғақтың жылжуының біршама үлкен жылдамдығы, үстелдің 
ұлғайтылған ауданы бар, итеріп шығарғыштармен, қалыптарды орнату және ауыстыруға 
арналған механизмдермен және т.б. жабдықталған. Баспақтарды жаппай өндіру жағдайларында 
(мысалы, темір жолдардың жылжымалы құрамының доңғалақтарын) жеңіл қорытпалардан және 
болаттан жасалған соғылмаларды қалыптау үшін қолданады. 
Бұрандалы фрикциялық баспақтарда жұмыс істегенде соғылманың деформациясы 
негізінде барлық жүйе төмен қарай қозғалғанда маховикпен жинақталған айналмалы қозғалыс 
энергиясы есебінен болады: маховик – айналдырық – сырғақ. Фрикциялық баспақтарды ұсақ 
соғылмаларды қалыптау үшін қолданады. 
Доға-статорлық жетегі бар бұрандалы баспақтарда қалыптау кәдімгі электр 
қозғалтқыштарындағыдай дөңгелек емес, қысқа тұйықталған ротор-маховикті және онымен 
байланысты бұранданы айналымға келтіретін доғалы статорлармен құрылатын, айналатын 
электр магниттік өрісті пайдалануға негізделген. Соңғысы баспақ сырғағын жоғары немесе 
төмен қарай жылжытады.
Бұрандалы баспақтар конструкцияларының артықшылығы – олар асқын жүктелуге жол 
береді. Бұл баспақтарда сырғақтың қозғалу жылдамдығы 0,5…0,9 м/с. Осының салдарынан 
олардағы қалыптау өнімділігі төмен. Алайда бұл кемшілік соғылмаларды деформацияның 


37 
жоғары жылдамдықтарына сезімтал қорытпалардан қалыптау кезінде артықшылық болады. 
Доға-статорлық жетегі бар бұрандалы баспақтар, жұмыстағы жоғары сенімділігі мен ұзақ 
мерзімділігі салдарынан бұрандалы фрикциялық баспақтарды біртіндеп ығыстырып шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет