Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Қалыптау-өзек материалдары мен қоспалар және оларға ұсынылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Қалыптау-өзек материалдары мен қоспалар және оларға ұсынылатын талаптар 
 
Бір реттік құм-балшық және кейбір басқа қалыптар мен өзектерді жасау үшін қалыптау 
материалдарынан жасалған қоспаларды пайдаланады. Бұл қоспаларға арналған негізгі алғашқы 
материалдар құм және балшық болып табылады. Олармен бірге қосымша заттар 
(байланыстырғыштар және қосындылар) пайдаланылады. Алғашқы материалдардан басқа 
қалыптау қоспаларын жасау үшін айналымдық (қолданыста болған) қоспаларды пайдаланады. 
Құм – қалып және өзек қоспаларына арналған негізгі алғашқы материал. Кварцты құмды 
аса жиі қолданады, ол отқа төзімділігі жоғары (t
пл
= 1713 
о
С), беріктігі, қаттылығы және 
термиялық тұрақтылығы бар кремнийдің оттекпен қосындысынан SiO

тұрады. Қоспалар 
ретінде оның құрамында балшық, слюда, дала шпаты, темір оксидтері, магнезит және т.б. 
болуы мүмкін. Негізінде қалыптау құмдары кварц түйіршіктерінен және балшық қоспасынан 
тұрады, оларды шартты түрде түйірлі және балшықты құраушылар деп атайды.
Құмның түйіршігінің көлемі 22 мкм артық бөлігін – химиялық құрамына байланыссыз 
түйірлі құраушы, құмның түйіршіктерінің есептік диаметрі 22 мкм кем бөлігін балшықты 
құраушысы деп атайды. 
Қалып құмдарына – шартты түрде құрамында 50% дейін балшықты құраушысы бар 
материалдарды, ал қалып балшықтарына құрамында 50 % артық балшықты құраушысы бар 
материалдарды жатқызады. 
Балшық – құм-балшық қалып қоспаларындағы екінші алғашқы материал. Ол беріктігі мен 
илемділігін қамтамасыз ететін байланыстырғыш зат болып табылады. Балшық ылғалданған соң 
илемділігі жоғары болатын, ұнтақталған тау жыныстарын білдіреді. Қалып балшықтарының 
көпшілігінде негізгі материал каолинит Al
2
O
3
·2SiO
2
·2H
2
O болып табылады. 
Қалып балшықтарын минералогиялық құрамы, беріктігі, отқа төзімділігі және илемділігі 
бойынша жіктейді. Минералогиялық құрамы бойынша балшықты бентониттіккаолиндік және 
полиминералдық деп бөледі. Бентониттік балшықтың ісінуге қабілеті аса жоғары болады және 
басқалармен салыстырғанда аса жоғары беріктікті иеленеді. Байланыстырғыш материал ретінде 
балшықтың бірқатар кемшіліктері бар. Оның құрамында балшықтың көп мөлшері болған 
жағдайда ғана қоспаның жоғары беріктігі алынуы мүмкін, алайда бұл қалып қоспасының газ 
өткізгіштігінің төмендеуіне әкеледі және құймалардың бетінде күйіктің түзілуіне мүмкіндік 
туғызады. Осыған байланысты қоспалардағы балшықтың құрамы шектеледі, ал талап етілетін 
қасиеттерді қамтамасыз ету үшін оларға арнайы қосындылар енгізіледі. 
Құймалардың сапасы қоспалардың қасиеттерімен тікелей байланысты. Оларды 
бағалаудың әр түрлі критерийлерінің көп саны бар. Олардың арасында негізгілері: беріктік, газ 
өткізгіштік, отқа төзімділік, илемділік, икемділік, аққыштық және ұзақ мерзімділік болып 
саналады. 


44 
Беріктік – қоспаның қалыпты (өзекті) оны жасау және пайдалану кезінде оның бұзылмай 
сақталуын қамтамасыз ету қабілеті. Қоспа беріктігі төмен болғанда қалып және өзек қалыпқа 
құйылатын балқытпа ағысының динамикалық соққысына немесе балқытылған металл 
бағанының статикалық қысымына төзбейді, нәтижесінде ол бұзылады, бұл құймаларда 
ақаудың, негізінде бітеліп қалу түрінде пайда болуына әкеледі. 
Қоспалардың беріктігін бағалаудың екі тәсілін ажыратады: қысылуға – ылғал және құрғақ 
күйлерінде, үзілуге – құрғақ күйінде. Қысылуға беріктік ылғал қоспалар үшін 1…10 Па 
құрайды. Кептірген соң ол біршама жоғарылайды, бұл қоспаның құм қиыршықтарын бүркейді, 
байланыстырғыш заттар қабығының беріктенуіне байланысты. Қоспалардың беріктігі олардың 
құрамындағы ылғалға, байланыстырғыш заттың мөлшері мен типіне, олардың нығыздалу 
дәрежесіне, қоспаның түйіршіктің құрылымына, оны араластыру сапасына және т.б. 
байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет