10
немесе вакуумда қыздыруды, жылдамдықтық қыздыруды, қыздырудың алдында дайындаманың
бетіне салынатын қорғаныш сеппелер мен жағындыларды қолданады. Жоғары көміртекті және
жоғары қоспаланған болат пен жылу өткізгіштігі және илемділігі төмен көптеген күрделі
қорытпалар, жарықшақтарды болдырмау үшін баяу қыздыруды талап етеді. Мұндай
материалдардан жасалған дайындамаларды температурасы жоғары емес пешке салады, онда
дайындамалардың бүкіл көлемі бойында біркелкі қыздырылуы үшін ұстайды да, сонан соң
пештің температурасын жоғарылатады. Қыздырған кезде қоспаланған болаттан алынған ірі
кесектерді әр түрлі температураларда бірнеше рет ұстауға ұшыратады.
Қысыммен өңдеудің алдында металды қыздыру режимін таңдау ұтымды температуралық
интервалды (өңдеуді бастау мен аяқтау температураларын) және қыздыру уақытын анықтаудан
тұрады. Болат дайындамаларды қысыммен өңдеудің температуралық
интервалының төменгі
қыры 727 °С жоғары болады, ал жоғарғы қыры балқу басталған температурадан 100…150
о
С-ға
төмен болуы тиіс. Аса жоғары температураларға дейін қыздырғанда металда ақаудың екі түрі
пайда болады – аса қыздыру және аса күйдіру.
Аса қыздырғанда металл түйіршіктерінің өлшемдері ұлғаяды, илемділігі төмендейді және
механикалық қасиеттері нашарлайды. Кейбір болат үшін ақаудың бұл түрін қысыммен және
қалыптандырумен қосымша өңдеу арқылы жоюға болады.
Аса күйдіру – металдың балқу температурасына жақын температураларға дейін қызған
кезінде түйіршіктер шекаралары бойында тотығуы. Нәтижесінде түйіршіктер арасындағы
байланыс бұзылады да, металл қысыммен өңдегенде бұзылады. Аса күйдіру түзетілмейтін ақау
болып табылады. Аса күйдірілген дайындамаларды қайта балқытуға ұшыратады. Қысыммен
өңдеудің температуралық интервалдары басты түрде қорытпалардың химиялық құрамына
байланысты болады. Әрбір болатқа белгілі қыздыру температурасы сәйкес келеді.
Бас-тапқы
өңдеу температурасын мына формула бойынша анықтайды:
t
н
=
аt
пл
,
мұнда
t
пл
– қорытпаның балқу температурасы (күй диаграммасынан алынады);
а –
температураның төмендеу коэффициенті (
а = 0,85…0,95). Көміртекті болатты соғуды немесе
илемдеуді аяқтағандағы температура олардың құрамындағы көміртекке байланысты мына
формула бойынша анықталады:
t
к
≈ 0,7
t
пл
.
Болаттан жасалған дайындамаларды қысыммен ыстықтай өңдеудің температуралық
аймақтарын қорытпалар күйі диаграммасының
Fe-C учаскесі бойынша анықтауға болады (3.6-
сурет). Диаграммадан төмен көміртекті болатты өңдеудің кең (550
о
С дейін) температуралық
интервалы
2 бар.
1-аймақ – металды аса күйдіру облысына, ал
3-аймақ
аса қыздыру облысына
сәйкес келеді. Мүмкін температурадан (
4-аймақ) төмен температурада қысыммен өңдеудің
аяқталуы металдың қақталуына – кристалсыздандырып жасыту жолымен түзетілетін ақауға
әкеледі. Мысалы, көміртекті болаттан қақталған тетіктерді 600…650
о
С
дейін қыздырады,
берілген температурада ұзақ ұстайды және ауада салқындатады.
Қыздыру уақытын екі қарама-қайшы талаптардан алып анықтайды. Бір жағынан,
қабыршықтың түзілуін азайту және өнімділігін жоғарылату мақсатында оның жылдамдығын
ұлғайтып, қыздыру уақытын қысқарту қажет, екінші жағынан (жарықшақтардың түзілуін бол-
дырмау үшін) қыздыру жылдамдығын азайту және оның ұзақтығын ұлғайту қажет. Соңғысы
әсіресе жоғары қоспаланған қорытпалардан үлкен қималы дайындамалар жасау үшін маңызды.
Қимасы 100 мм
2
дейінгі көміртекті болаттан жасалатын дайындамалар қыздырудың жоғары
жылдамдығына жол береді және оларды суық күйінде температурасы 1300
о
С
дейінгі пешке
салуға болады.
Бұл жағдайда қыздыру уақытын
Т (сағ) Н.Н. Доброхотовтың формуласы бойынша
анықтауға болады:
Т = α
kD,
мұнда
k – болаттың маркасына байланысты коэффициент (көміртекті және төмен қоспаланған
болат үшін
k = 10, жоғары көміртекті және жоғары қоспаланған болат үшін
k = 20);
D –
дайындама квадратының диаметрі немесе қабырғасы, м; α – дайындамаларды пеште төсеу
тәсілін есепке алатын коэффициент (3.7-сурет). Дайындамалар пешке неғұрлым тығыз салынса
(
l ара қашықтығы кем), α коэффициенті соғұрлым артық және дайындамаларды қыздыру
ұзағырақ.
11
1 – аса күйдіру аймағы; 2 – қысыммен ыстық өңдеу интервалы;
3 – аса қыздыру аймағы; 4 – қақталма аймағы
3.6-сурет – Болаттан жасалған дайындамаларды қысыммен
ыстық өңдеудің температуралық
аймақтары
D – дайындама қимасы квадратының диаметрі немесе қабырғасы;
l – дайындамалар арасындағы ара қашықтық
3.7-сурет – Дайындамаларды пеште төсеу тәсіліне байланысты
α коэффициентінің мәндері
Қыздыру жылдамдығы жоғары болғанда термиялық кернеулердің пайда болуы
нәтижесінде олардың бұзылу мүмкіндігін болдырмау үшін жоғары қоспаланған болаттан
жасалған дайындамаларды екі кезеңмен қыздырады. Алдымен оларды 650
о
С дейін баяу
қыздырады, сонан кейін қорытпаның илемділігі артқанда,
ыстық илемді деформация
температурасына дейін үлкен жылдамдықпен түпкілікті қыздырады. Жалпы қыздыру уақыты
Т
Достарыңызбен бөлісу: