112
ішкі де айналу беттерін жонғанда басты қозғалыс тетік осінің маңайында айналу болып
табылады.
Көптеген
жағдайларда бұрғылау кезінде (6.1-сурет,
б) кескіш құралға (бұрғыға) бір
мезгілде екі қозғалыс хабарланады: айналмалы (кесу қозғалысы –
v), ол басты қозғалыс болып
табылады және түзу сызықты ілгерілемелі (беріс қозғалысы –
s); сонымен бірге дайындама кесу
процесінде қозғалыссыз қалады.
Жонғылау кезінде (6.1-сурет,
в) кескіш құрал (жонғыш) айналмалы қозғалысты
v алады, ол
басты қозғалыс болып табылады (кесу қозғалысы), ал дайындама – құралдың айналу осіне
s
перпендикуляр ілгерілемелі (беріс қозғалысы).
а – жону;
б – бұрғылау;
в – жонғылау;
г – ажарлау;
д – сүргілеу (көлденең-сүргілеуші)
6.1-сурет – Металдарды кесумен өңдеудің негізгі тәсілдері
Ажарлау кезінде (6.1-сурет,
г) кескіш құрал (ажарлағыш шарық тас) – айналмалы
қозғалысты
v
а
алады (кесу қозғалысы), ал дайындама шеңберлі
v
д
және түзу сызықты берісті
s
(цилиндрлік беттерді ажарлау кезінде) және түзу сызықты берісті
(жазықтықтарды ажарлау
кезінде) алады. Ажарлау әдістері қажақты құралдың жұмыс ерекшеліктерімен сипатталады.
Көлденең-сүргілеу станоктарында
сүргілеу кезінде (6.1-сурет,
д) түзу сызықты қайтымды-
ілгерілемелі қозғалыс (кесу
қозғалысы v) – кескішке, ал беріс қозғалысы
s дайындамаға
хабарланады. Көлденең-сүргілеу станоктарында жұмыс істегенде кесу қозғалысы – өңделетін
тетікке, ал беріс қозғалысы кескішке хабарланады.
Жону әдістері беттерді өңдеу кезінде кесу процесінің үздіксіздігімен сипатталады.
Жонғылау әдісіне кесу процесінің және жоңқа түзілуінің үзіктілігі тән, оның қалыңдығы нөлден
қандай да бір максимум шамаға дейін және керісінше өзгереді.
Сүргілеу – жону және жонғылау арасындағы аралық процесс.
Оны кесу қалыңдығы
тұрақты, бірақ басты қозғалыс өңделетін бетке қарай түзілушінің бойына бағытталғанда,
айналу беттерін және жазықтықтарды өңдеу кезінде жұмыстағы үзілістермен жонудың жеке
жағдайы ретінде қарастыруға болады. Сүргілеуді басты қозғалыс өңделетін бетке жанама
бойымен бағытталғанда, айналма беттерді және бұрандалы беттерді өңдеу кезінде
жонғылаудың жеке жағдайы ретінде қарастыруға болады.
Орындалатын жұмыстардың сипатына және қолданылатын кескіш құралдың түріне
байланысты басты қозғалысты және беріс қозғалысын дайындамаларды
өңдеу әдістері және
олармен бірге қолданылатын металл кескіш станоктар топтары анықтайды. Металдарды
кесумен өңдеудің қарастырылған негізгі түрлерінен кез келген металл кескіш станок жұмыс
істегенде қозғалыстың екі негізгі түрінің болуы қажет екендігі шығады: басты қозғалыс (кесу)
а
а
113
және беріс қозғалысы. Осы қозғалыстардан басқа, сондай-ақ қосымша қозғалыстар қажет:
анықтаушы және қосымша. Дайындамадан әдіпті кесуге кіріспес бұрын, кескіш құрал мен
дайындаманы анықталған өзара қалыпта орнату қажет. Ол үшін
орындау қажет болатын
қозғалыстар
анықтаушы деп аталады
.
Өңдеу процесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ дайындамалар мен құралдарды бекіту
және ажырату, станокты қосу және сөндіру, тетіктерді өлшеу және т.б. қажет. Мұндай
қозғалыстар
қосымша деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: