Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Тетік бетінің түзілу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Тетік бетінің түзілу тәсілдері 
 
Тетіктің кеңістіктік пішінін әр түрлі беттердің үйлесімі анықтайды. Дайындаманы өңдеуді 
жеңілдету үшін конструктор қарапайым геометриялық беттерді пайдалануға тырысады: жазық, 
цилиндрлік, конустық, шарлы, торлы және т.б. Геометриялық бет бағыттаушы деп аталатын 
екінші шығаратын сызық бойынша қозғалатын, түзуші деп аталатын бір шығаратын сызық 
іздерінің тізбекті орындарының жиынтығын білдіреді. Мысалы, дөңгелек цилиндрлік беттің 
түзілуі үшін (түзушіні) шеңбер (бағыттаушы) бойынша жылжытады. Металл кескіш 
станоктарда беттерді өңдеу кезінде көптеген жағдайларда түзуші және бағыттаушы сызықтар 
болмайды. Олар жылдамдықтары өз араларында келісілген, дайындама және құрал 
қозғалыстарының үйлесуімен шығарылады. Бұл қозғалыстар түзуші және бағыттаушы 
сызықтарды суреттейді, олардың тізбекті орындарының (іздерінің) жиынтығы геометриялық 
бетін алдын ала анықтайды. 
6.2-суретте кесумен өңдеу кезінде беттердің пішін түзуінің негізгі әдістері көрсетілген. 
Іздер әдісі (6.2-сурет, а) пішін түзу үшін екі кесу қозғалысын да (v және s
б
) пайдаланумен 
сипатталады. Түзуші сызық 1 – кескіш нүктесінің (ұшының) қозғалу траекториясы, ал 
дайындама нүктесінің қозғалу траекториясы бағыттаушы сызық болып табылады.
а – іздерді; б – жанасуды; в – көшіруді; г – домалатуды; 1, 2 – түзуші және бағыттаушы 
сызықтар; s
б
, s
к
және s
а
– бойлық, көлденең және дөңгелек берілістер 
6.2-сурет – Кесумен өңдеу кезінде беттердің пішін түзу әдістері 
Жанасу әдісінде (6.2-сурет, б) пішін түзуші функцияларын беріс қозғалысы s
б
орындайды. 
Түзуші сызық 1 – құралдың кескіш жүзі, ал бағыттаушы сызық 2 кескіш құрал нүктелерінің 
қозғалу траекторияларын білдіретін, геометриялық қосымша сызықтарға жанама болып 
табылады. 
Көшіру әдісі кезінде (6.2-сурет, в) басты қозғалыс v пішін түзуші болып табылады. Түзуші 
сызық 1 құралдың кесу жиегі болып табылады, бағыттаушы түзу 2 дайындаманы айналдырумен 
қайта шығарылады. Домалату (орап өту) әдісі кезінде екі беріс қозғалысын (s
б
және s
а

келістіру, дайындамаға қатысты құралдың кесу жиегінің бірқатар тізбекті орындарына орап 
S
б 
S
б 
S
б 
S
к 
S
а 


114 
өтетін қисық ретінде түзуші сызықты 1 алу (6.2-сурет, г) мүмкіндігін береді. Бағыттаушы сызық 
2 дайындаманың айналуымен қайта шығарылады. Қозғалыстар жылдамдықтарын l ара 
қашықтығын дөңгелек кескішпен өткен уақытта ол өзінің айналу осіне қатысты бір толық 
айналым жасайтындай келістіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет