117
2 - дәріс. Кескіштің жазықтықтары және бұрыштары
Кез келген кескіш құралдың жұмысы дайындаманың денесіне ендірілетін және әдіптің
берілген бөліктерін тізбекті опыратын (кесетін) сынаның әрекетіне негізделген. Өңдеу
сұлбасына байланысты (жону, бұрғылау, жонғылау және т.б.) кескіш құралдар конструкциясы
бойынша едәуір ерекшеленетін болады, алайда олардың кескіш элементтерін құру ережелері
бірдей болып табылады.Сондықтан кескіш құралдардың геометриялық параметрлерін
зерделеуді конструкциясы бойынша аса қарапайым жонғыш түзу өтпелі кескіштің мысалында
қарастырған ыңғайлы.
Кескіш оның көмегімен кескіш станокта орнатылатын
және бекітілетін өзектен I (6.5-
сурет) және кескіштің кесуші бөлігін көтеретін бастиектен
II тұрады. Дербес дене (тілімше)
болуы мүмкін кескіш бөлікте алты элементті (беттерді, сызықтарды, нүктелерді) көрсетеді.
Алдыңғы бет
1 бойымен жоңқа түседі. Артқы деп аталатын беттер: бастысы
5 – кесу бетіне,
қосымшасы
4 өңделген бетке қаратылған. Басты
6 және қосымша
3 кескіш жиектер сәйкесінше
алдыңғы беттің
1 басты бетпен
5 және қосымшаның
4 артқы
беттермен қиылысу сызықтары
болып табылады. Жиектердің қиылысуы кескіштің ұшын
2 құрайды, ол үшкір немесе
жұмырланған болуы мүмкін. Құралдың кескіш бөлігі беттерінің орналасуы кесу процесіне,
өңделген беттің сапасына және құралдың қызмет ету мерзіміне үлкен әсер етеді.
I – өзек;
II – бастиек;
1 – алдыңғы беті;
2 – кескіштің ұшы;
3,
6 – қосымша және басты кескіш жиектері;
4,
5 – қосымша және басты артқы беттері
6.5-сурет – Жонғыш тік өтпелі кескіштің бөліктері
және элементтері
Кескіштің бұрыштарын анықтау үшін өңделетін дайындаманың координаталық
жазықтықтары негізгі болады (6.6-сурет): кесу жазықтығы және негізгі жазықтық. Олардың
біріншісі кесу бетіне жанама және кескіштің басты кесу жиегі арқылы өтетін жазықтық
1;
екіншісі – бойлық және көлденең берілістер бағыттарына параллель жазықтық
2 болып
табылады. Кескіштің басты, қосымша бұрыштары және көріністегі бұрыштары (6.7-сурет) бар.
Осы
бұрыштардың барлығын қайрау бұрыштары деп атайды
.
Егер
N–N басты қию жазықтығын (6.7-суретті қараңыз) басты кескіш жиектің негізгі
жазықтыққа проекциясына перпендикуляр жүргізсе, онда басты артқы бұрышты α, басты
алдыңғы бұрышты γ, үшкірлену бұрышын β және кесу бұрышын δ = α + β қарастыруға болады.
Басты артқы бұрыш α басты артқы бетпен және кесу жазықтығымен құралады және оны
α = 6… 12
о
қабылдайды.
Басты алдыңғы бұрышты γ кескіштің алдыңғы бетінің және басты кескіш жиек арқылы
жүргізілген кесу жазықтығына перпендикуляр қосымша жазықтықтың қиылысуы кезінде
алады. Басты алдыңғы бұрыш өңделетін материалдың механикалық қасиеттеріне, кескіштің
материалын және алдыңғы беттің пішініне байланысты оң және теріс (–10
о
-тан +20
о
-қа дейін)
болуы мүмкін.
Егер
N
1
–
N
1
қосымша қию жазықтығын қосымша кескіш
жиектің негізгі жазықтыққа
проекциясына перпендикуляр жүргізсек, онда қосымша артқы бұрышты α
1
аламыз. Бұл
бұрышты көбінесе 8…10
о
аралығында қабылдайды.
S
к
S
б
118
1 – кесу жазықтығы; 2 – негізгі жазықтық
6.6-сурет – Өңделетін дайындаманың координаталық жазықтықтары
Көріністегі кескіштің бұрыштарына басты бұрышты φ, қосымша бұрышты φ
1
және
ұшының жанындағы ε бұрышын жатқызады. Бұл бұрыштар кескіштің төзімділігіне және кесу
жылдамдығына әсер етеді.
Көріністегі басты бұрыш φ – басты кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясы мен
беріс бағыты арасындағы бұрыш. Ол өңдеу түріне, кескіш типіне, өңделетін тетіктің және
кескіштің қаттылығына және басқа факторларға байланысты 30…90
о
аралығында өзгереді.
Қосымша кескіш жиектің негізгі жазықтыққа проекциясы мен беріс бағыты арасындағы
бұрышты
көріністегі қосымша бұрыш φ
1
деп атайды. Бұл бұрышты 10…15
о
тең етіп
қабылдайды.
Көріністегі ұшының жанындағы бұрыш ε басты және қосымша кескіш жиектердің негізгі
жазықтыққа проекцияларымен құрылады. Бұл бұрыш неғұрлым үлкен болса, кескіштің
төзімділігі соғұрлым артық болады. ε бұрышын мына ара қатыстан табады:
ε = 180
о
– (φ + φ
1
).
6.7-сурет – Кескіш бұрыштары
Кескіштің басты кесу жиегінің көлбеу бұрышы λ (6.8-сурет) басты кескіш жиекпен және
кескіштің ұшы арқылы негізгі жазықтыққа параллель жүргізілген жазықтықпен құрылған. Егер
кескіштің ұшы кесу жиегінің ең төмен нүктесі болып табылса, ол оң болып саналады (6.8-сурет,
а), кескіштің ұшы кесу жиегінің ең жоғары нүктесі болғанда – теріс (6.8-сурет,
б) және егер
кесу жиегі негізгі жазықтыққа параллель болса, нөлге тең болады (6.8-сурет,
в).
119
а – оң; б – теріс; в – нөлге тең
6.8-сурет – Кескіштің басты кесу жиегінің көлбеу бұрыштары
λ бұрышы жоңқаның жиналу бағытын анықтайды. λ бұрышының
мәні нөлдік немесе оң
болғанда, жоңқа беріске кері бағытта шығады. λ бұрышының мәні оң болғанда кескіш
бастиегінің аса үлкен беріктік сипаттамалары болады, бұл мұндай қайраудың қаралтым
кескіштер үшін қолданылуын қамтамасыз етеді, олар жұмыс істегенде өңделген беттің
сапасына жоғары талаптар қойылмайды.
λ бұрышының теріс мәні бар кескіштерде жоңқа беріс бағытында шығады, яғни кескішті
басып озады. Мұндай кескіштің ұшы үшкір және аса төмен беріктік сипаттамалары болады.
Сондықтан бұл кескіштерді таза өңдеу үшін
қолданады, ол кезде аз қималы жоңқа құрылады
және өңделген беттің сапасына жоғары талаптар қойылады. λ бұрышының шамасы –5
о
-тан +5
о
-
қа дейінгі диапазонда таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: