Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Жону кескіштерінің түрлері



Pdf көрінісі
бет77/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Жону кескіштерінің түрлері 
 
Жону тобының станоктарында орындалатын жұмыстардың кең спектрі жону 
кескіштерінің әр түрлі типтерін білдіретін, қолданылатын кескіш құралдың алуан түрін 
анықтайды. Кез келген кескіш кесу бөлігінен және оның көмегімен оны бекіту жүзеге 
асырылатын денеден (ұстағыштан) тұрады. Кескіштер конструкциясы тағайындалуына 
байланысты олардың әр түрлі қималы – квадрат, тік бұрышты, дөңгелек және арнайы 
ұстағышы болуы мүмкін екендігін көздейді. 6.18-суретте жону кескіштерінің әр түрлі типтері 
берілген. 
Кескіш бастиегінің пішініне және оның ұстағышқа қатысты орналасуына байланысты 
кескіштер сол 1 және оң 2; түзу – 46 және 7; қайырылған – 911; бастиегі тартылған кескіштер 
– 3деп бөлінеді. 
 
 
1, 2 – сол және оң (өтпелі); 3, 5 – қиғыш; 4, 7, 8, 9 – өтпелі; 10, 15 – сыртқы және ішкі 
бұрандаларды кесуге арналған; 11, 12 – тілімдейтін; 13, 14 – кеулей жонылатын; 
6, 16 – фасонды; 17 – көп қырлы тілімшелері бар 
6.18-сурет – Жону кескіштерінің типтері 
Тағайындалуы бойынша кескіштер айналу денелерінің сыртқы беттерін өңдеу кезінде 
қолданылатын өтпелі – 4, 7, 8 және 9, шет жақ беттерін өңдеу үшін пайдаланылатын 
тілімдейтін – 11, 12, дайын тетікті дайындамадан кесіп алуға арналған қиғыш – 3, 5 деп 
бөлінеді. Егер қиғыш кескіш жылжуы кезінде тетіктің осіне дейін жеткізілмесе, онда бунақ 
түзілетін болады. 
Кеулей жонылатын кескіштер – 13 (өтпелі) және 14 (таянышты) дайындамадағы 
тесіктерді кеулей жону үшін қолданылады. Фасонды кескіштердің 16 арнайы пішінделген кесу 
жиегі бар, оның пішіні өңделетін дайындамада көшіріледі. Фасонды кескіштердің алуан 
түрлерінің бірі ретінде сыртқы 10 және ішкі 15 бұрандаларды кесуге арналған бұрандалы 
кескіштерді немесе пішінді бунақтарды 6 алуға арналған кескіштерді атауға болады. 
Орындалатын жұмыстардың сапасына байланысты кескіштер қаралтым және таза болып 
бөлінеді. Таза кескіштердің кескіш ұшы жұмырлануының үлкен радиусы 7, тазартатын кесу 
жиегі немесе кең кескіш жүзі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық кескіштердің 80…85 %-
ы қатты қорытпалардан жасалған тілімшелермен жасақталған (6.2.8-бөлімді қараңыз), олар 
кескіш құралдың бастиегінде әр түрлі тәсілдермен бекітіледі. Қайта жонылмайтын көп қырлы 


123 
тілімшелері 17 бар кескіштер аса кең таралған. Кезекті жиегі мұқалған соң тілімшені келесі 
қырымен айналдырып қояды, ал барлық қырлары мұқалған соң қайта өңдеуге жібереді. 
Дайындамаларды жону станоктарында өңдеу үшін оларды орнату және бекіту әмбебап 
және арнайы деп бөлінетін әр түрлі құрылғылардың көмегімен жүргізіледі. Сол немесе басқа 
құрылғыны таңдау ең алдымен дайындаманың конструкциясына және өңделетін беттің түріне, 
станоктың типі мен моделіне, қабылданған базалау сұлбасына, өңдеудің талап етілетін 
сапасына және өндірістің қабылданған типіне байланысты болады. 
Аса кең таралған және әмбебап құрылғылар: центрлер, люнеттер, патрондар, 
планшайбалар және құрал біліктер болып табылады. 
Центрлер (6.19-сурет) біліктерді L/D > 4 ара қатысымен өңдеу кезінде қолданылады. 
Дайындаманы центрлерде орнату үшін біліктің шет жақтарында центрлік тесіктердің бар болуы 
болып табылады. Біріншісі – айналдырықта, ал екіншісі артқы тұғырда орнатылады. 
Конструкциясы бойынша центрлер қозғалмайтын және айналмалы деп бөлінеді. 
 
 
а-г – қозғалмайтын центрлер; д – айналмалы центр 
6.19-сурет – Центрлер конструкциялары 
Жылжымайтын таяныш центрі (6.19-сурет, а-г) конустан тұрады, оған өңделетін тетіктің 
және артқы тұғырдың сүйеу төлкесіне орнатылатын конус сағасының шет жағы тіреледі. 
Жоғары жылдамдықтарда немесе тетікке түсетін үлкен жүктемелерде жону кезінде 
ұштары қатты қорытпалардан жасалған центрлерді қолданады немесе айналмалы центрлерді 
(6.19-сурет, д) пайдаланады. Ұштықтың түрі бойынша центрлерді тіреуіш, кесілген, шарикті 
және кері деп бөлуге болады. Кәдімгі тіреуіш ұштық 6.19-суретте, а көрсетілген. Центрлерде 
бекітілген тетіктердегі шет жағын тілімдеу қажеттілігіне қарай кесілген қозғалмайтын 
центрлерді (6.19-сурет, б) қолданады. Шариктері бар центрлерді (6.19-сурет, в) конустарды 
артқы тұғырды ығыстыру әдісімен өңдеу кезінде пайдаланады. Кері центрді (6.19-сурет, г
диаметрі кіші дайындамаларды өңдеу кезінде қолданады. 
Шыбықты тетіктердің сыртқы цилиндрлік беттерін (біліктерді, осьтерді) әдетте өтпелі 
кескіштерді пайдалану кезінде қозғалмайтын люнеті (6.20-сурет) бар центрлерде бойлық 
жонуға ұшыратады. Ол үшін жетектеме планшайбаны 3 станок айналдырығына бұрайды. Шет 
жақтарында осьтік тесіктері бұрғыланған және қамыты кигізілген тетікті алдыңғы және артқы 
тұғырлардың центрлері арасында қысады. Қамытты тетіктің ұшында бұранданың 2 көмегімен 
оның саусағы 4 планшайбаның кертігіне кіретіндей етіп бекітеді. 
Планшайбаның орнына қауіпсіз қамыты бар жетектеме патронды жиі қолданады. 
Станоктың алдыңғы тұғырындағы центр және қамыт жетектеме патрон корпусымен қорғалған, 
онда қамытты тетікпен айналдыратын жетектеме саусақ орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет