124
1 – тұғырық; 2 – бұранда; 3 – планшайба; 4 – саусақ; 5 – қамыт; 6 – люнет;
7 – таяныш; 8 – тетік; 9 – гайка; 10 – тақтайша
6.20-сурет – Қозғалмайтын люнеті бар центрлердегі жону сұлбасы
Патрондарды (6.21-сурет) тетіктің бос ұшын артқы тұғырдың центрімен ұстап тұрмай
L/
D
≤ 4 ара қатысы бар дайындамаларды өңдеу кезінде жону, жону-бұранда кесу, револьверлі және
басқа станоктарда айтарлықтай кеңінен қолданады. Патрондар
жетектеме,
үш жұдырықшалы,
төрт жұдырықшалы,
цангалы және т.б. болады. Патрондар
жұдырықшаларының жетегі
механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электрлік болуы мүмкін және негізінде
станокты автоматтандыру деңгейіне байланысты болады. Үш жұдырықшалы өздігінен
центрленетін патронды (6.21-сурет,
а) симметриялы тетіктерді бекіту үшін пайдаланады. Бұл
патронда жұдырықшалар
1 радиал жылжиды. Осы мақсатта
шет жағында кесілген жазық
спираль ойымы бар үлкен тісті конустық доңғалақ 2, сондай-ақ онымен байланысты патронның
корпусына
4 жинақталған, үш шағын конустық тісті доңғалақ
3 қызмет атқарады.
Жұдырықшалар шығыңқылықтары үлкен доңғалақтың спираль ойымына кіреді және соңғысы
айналғанда жұдырықшалармен бірге патрон корпусының радиал ойықтарында жылжиды.
Төрт жұдырықшалы патронда (6.21-сурет, б) патрон корпусының 4 радиал ойықтарында
бекітілген жұдырықшалардың 1 әрқайсысы тәуелсіз орын ауыстырады.
Бұл патрондарды
күрделі және симметриялық емес пішінді тетіктерді орнату және бекіту үшін қолданады.
Тілімшелер жазықтықтарын және басқа жазық тетіктерді өңдеуді тұрақты магнитпен
жабдықталған патрондарда жүргізу ыңғайлы.
а – үш жұдырықшалы өздігінен центрленетін патрон;
б – төрт жұдырықшалы патрон;
1 – жұдырықша;
2 – конустық доңғалақ;
3 – тісті доңғалақ;
4 – патрон корпусы
6.21-сурет – Жону патрондарының типтері
125
Планшайбаны симметриялы емес тетіктерді және оларды жұдырықшалы патрондарда
бекіту ыңғайсыз немесе мүмкін
емес болатын, күрделі пішінді тетіктерді өңдеу кезінде
қолданады. Планшайба 1 (6.22-сурет) станоктың айналдырығына бұралады және радиал ойық-
тары бар дискіні білдіреді.
Өңделетін тетікті (келте құбырды)
3 планшайбада болттармен бекітеді. Егер мұндай
бекіту қиынға соқса,
онда алдымен бұрыштықты 2 қояды, сонан соң оған өңделетін тетікті
бекітеді. Бекітілген тетік тең салмақпен
4 теңестіріледі. Планшайбадағы тетікті жону кезінде
кескіштерді орындалатын жұмыстың түріне байланысты қолданады.
Келте құбыр ернемегін
өңдеу кезінде тілімдейтін кескішті пайдаланады.
1 – планшайба;
2 – бұрыштық;
3 – өңделетін тетік;
4 – тең салмақ
6.22-сурет – Тетікті планшайбаға бекіту
Құрал білікті төлкелер, сақиналар, стакандар және т.с.с. типті дайындамаларды станокта
өңдеу кезінде қолданады. Конструкциялық орындалуы бойынша құрал біліктер
конустық,
цангалық,
гидроқабаттық және т.б. болады. 6.23-суретте цангалық құрал білік кескінделген,
онда гайканың
3 және шайбаның
4 көмегімен тетік
1 бекітілген. Құралдарды
орнату және бекіту
үшін қолданылатын құрылғылар
аспаптық блоктар деп аталады
. Револьверлі станоктарға және
сандық-программалық басқарылатын (СПБ) станоктарға аспаптық блоктарды қолдану тән
болады.
1 – тетік;
2 – құрал білік;
3 – гайка;
4 – шайба
6.23-сурет – Тетікті цангалық құрал біліктің көмегімен бекіту
Достарыңызбен бөлісу: