Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет79/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
S
к 
S
б 


126 
Жонумен өңдеу әдісінің сипаттамасы
және оның технологиялық мүмкіндіктері 
 
Жоғарыда айтылғандай, жону (қыру) кезінде жону тобының барлық станоктарында басты 
қозғалыс – дайындаманың айналуы, ал ілгерілемелі қозғалыс кескіш құралдың қозғалысы 
(беріс) болып табылады. Сонымен бірге басты кесу қозғалысының айналу осі горизонталь да
вертикаль да болуы мүмкін (станоктың конструкциясына байланысты). Беріс қозғалысы 
дайындаманың айналу осіне параллель немесе перпендикуляр (бойлық және көлденең 
берістер), сондай-ақ дайындаманың айналу осіне бұрышпен (көлбеу беріс) болуы мүмкін.
6.24-суретте дайындамаларды типтік болып табылатын жону станоктарында өңдеудің 
негізгі әдістерінің сұлбалары берілген, өйткені оларды СПБ бар станоктарды қосқанда, барлық 
жону станоктарында іске асыруға болады. Цилиндрлік беттерді түзу (6.24-сурет, а) немесе 
қайырылған өтпелі кескіштермен сыртынан қырады. Қатты емес біліктерді өңдеу үшін өтпелі 
кескіштерді пайдалану ұсынылады, оларда көріністегі басты бұрыш φ = 90
о
. Біліктерді мұндай 
кескіштермен өңдеу кезінде кесу күшінің радиал құраушысы нөлге тең болады, бұл дайында-
маларды өңдеу процесінде олардың деформациялануын төмендетеді. 
Сыртқы (6.24-сурет, б) және ішкі бұрандаларды бұрандалы кескіштермен орындайды, 
олардың кесу жиектерінің пішіні кесілетін бұрандалардың пішінін анықтайды. Берілген 
қадамды бұранданы кесу үшін станокты жөнге келтіру берістер қорабының көмегімен 
жүргізіледі. СПБ бар станоктарда кесілетін бұранда қадамын басқару жүйесі анықтайды. 
 
 
а – сыртынан жону; б – сыртқы бұранданы кесу; сәйкесінше ұзын (в), орташа
ұзындықты (е) және қысқа (и) сыртқы конустық беттерді өңдеу; г, д – өтпелі және
тұйық тесіктерді өңдеу; қарапайым (ж) және фасондық (з) сақиналы бунақтарды алу; 
к – кесуіп алу; л – тесіктерді бұрғылау және өңдеу; м – шет жақты тіліктеу
н – конустық тесікті кеулей жону 
6.24-сурет – Жону станоктарында дайындамаларды өңдеудің 
негізгі әдістерінің сұлбалары 


127 
Ұзын көлбеу конустық беттерді артқы тұғыр корпусының көлденең бағытында оның 
негізіне ығыстыру кезінде (6.24-сурет, в) немесе арнайы құрылғы – конустық сызғышты 
пайдалану арқылы өңдейді. СПБ бар станоктарда конустық беттерді жонуды бойлық және 
көлденең берістер жылдамдықтарын автоматтық іріктеу арқылы жүзеге асырады. 
Дайындамалардағы өтпелі тесіктерді – өтпелі кеулей жону кескіштерімен (6.24-сурет, г), 
ал тұйық тесіктерді тіреуіш кескіштермен (6.24-сурет, д) кеулей жонады. Сыртқы беттерді және 
орташа ұзындықты ішкі конустық беттерді (6.24-сурет, ен) суппорт айналғанда кескіштердің 
көлбеу қозғалысымен кеулей жонады. Дайындамалар бетіндегі сақиналық бунақтарды – қиғыш 
кескіштердің (6.24-сурет, ж) көмегімен көлденең беріс кезінде, фасондық беттерді (6.24-сурет, 
з) – фасондық кескіштермен, қысқа конустық беттерді (фаскаларды) кең кескіштермен (6.24-
сурет, и) алады. 
Тетіктерді дайындамадан қиюды (6.24-сурет, к) көлбеу кесу жиегі бар қиғыш 
кескіштермен жүзеге асырады, бұл нәтижесінде тетіктің өзінде таза шет жақтың алынуын 
қамтамасыз етеді. Шет жақтарын (6.24-сурет, м) кесу үшін арнайы тілімдейтін кескіштерді 
пайдаланады. 
Дайындамада тесіктерді орындау мен өңдеуді бұрғылармен (6.24-сурет, л), үңгілермен 
және ұңғылағыштармен жүргізеді. Бұл жағдайда артқы тұғырда орнатылған кескіш құралды 
бойлық беріс кезінде өңдеу жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет