Лекция № Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. Геожүйе туралы түсінік


Ландшафттану ғылымының ХХ ғасырдағы дамуы



бет3/5
Дата06.04.2024
өлшемі55.67 Kb.
#497846
түріЛекция
1   2   3   4   5
2 лекция

Ландшафттану ғылымының ХХ ғасырдағы дамуы.

ХХ ғасырда Докучаевтің табиғи зоналылық концепциясы географияның теориясы мен практикасына енді. Г.Н. Высоцкий өзінің мақалалыранда (1899, 1905) өте маңызды қосымшаларды еңгізді, соның ішінде жылдық жауын-шашынның буланушылыққа қатынасы түріндегі атмосфералық көрсеткішін ландшафттық зоналарды шектеу үшін бірінші сандық критерийін ұсынды. Осы кезден бастап география ғылымына физикалық-географиялық аудандастыру деген термин енеді. Мұндай салалық схемадан кешенді аудандастыруға өтуді, яғни физикалық-географиялық аудандастырудың бірінші тәжірибесін 1897 ж. Г.И. Танфильев жүргізді. Ол, Еуропалық Ресейді физикалық-географиялық облыстарға, белдеулерге (зоналарға) және округтерге бөліп шықты. Кейін осы территория үшін 1904 ж. П.И. Броуновтың, 1907 ж. А.А. Крубердің, 1915 ж. В.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің аудандастыру схемалары жарық көрді. Бұл схемаларда зоналдық принцип сәулеленген, сонымен қатар басқада факторлар есепке алынған.
Ресей империясының түгелдей территориясына бірінші зоналдық аудандастыру 1913 ж. Л.С. Берг ұсынды, мұнда зоналар бірінші рет ландшафттық деп аталды.

Осы кезде, Ресейдің кейбір аймақтарына жете (подробные) физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстары жүргізілген, мысалы, 1910 ж. С.С. Неуструевтің «Самара губерниясының табиғи аудандары» деген еңбегі жарияланды, 1916 ж. И.В. Фигуров Кавказ тауларының физикалық-географиялық аудандастыруын ұсынды. Бұл еңбектерде геологиялық тарихына байланысты жер бедері мен ана жыныстарының дифференцияциялау ролін қатар зоналдық принцип есепке алынған, ал индикатор ретінде топырақтың тұрін пайдаланған.
Аудандастыру бойынша тәжірибелік зерттеулер жер бетінің физикалық-географиялық бөліну заңдылықтары мен себептерін іздестіруге алып келді. Өз кезінде В.В. Докучаев қаратопырақты зонада климаттың өзгеруіне тәуелді табиғаттың провинциялық айырмашылқтарын көрсетті. Кейін, провинциялық заңдылықтарын Г.Н. Высоцкий, Л.И. Прасолов зерттеді. Осы кезде, Г.Ф. Морозов, Г.Н. Высоцкий, И.М. Крашенинников т.б. физикалық-географиялық дифференциацияның бас факторы жер бедері және геологиялық түзілісі деп есептеген.
Кешендік зерттеулердің жиналған тәжірибелер табиғат компоненттердің заңдылықты өзара себепші территориялық үйлесімдердің объективті бар екені деген ойға келтіреді. Мұндай үйлесімдерді А.Н. Краснов географиялық кешен деп атаған, ол, Докучаевтің зоналырына жақын еді. Осы идея ХХ ғ. басында ландшафт туралы түсінікте іске асты.
Л.С. Берг ландшафтқа мынадай анықтама береді: «Жердің белгілі бір зонасы бойынша типтік қайталанатын жер бедерінің, климаттың, өсімдік және топырақ жамылғысының сипаты бірыңғай гармониялық біртұтастыққа қосылатын облыс».
Ландшафт туралы түсінікпен қатар басқа да физикалық-географиялық концепция пайда болды. Бұл концепция бойынша физикалық географияның зерттеу объектісі литосфера, атмосфера, гидросфера және биосферадан құрылған Жердің сыртқы қабығы, мұнда қабықтар бір-біріне сіңіп (проникают друг в друга) түрақты өзара әрекетте болады. Осы көз қарасты бірінші болып 1910 ж. П.И. Броунов ұсынды. Бірақ, мұндай ойды ғалымдар қолдамады. Ландшафттық-географиялық және жалпы жертанулық концепциялар арасында ажыратылу (айырылыс) болған. Сол кездегі географттардың басым көпшілігі география жер бетіндегі жеке территориялармен шүғылдануы тиіс деп есептеді, яғни Жердің аймақтық және локальдық айырмашылықтармен.
Жалпы және жергілікті географиялық заңдылықтарды бірыңғай дүрыс түсінікке 1914 ж. Р.И. Аболин (1886-1939) жақын келді. Ол, «эпигенема» деп аталатын жер шарының кешенді ландшафттық қабық туралы түсінік еңгізді. Ендікті зоналылыққа сәйкес бұл қабық «эпизоналарға» бөлінеді, ал тау жыныстардың сипатына, тектоникалық түзілісіне және орографиясына, яғни геологиялық тарихына сәйкес «эпиоблыстарға» бөлінеді. Әрбір эпиоблыстағы арнайы жергілікті факторлардың үйлесіміне тәуелді әртүрлі «эпитиптер» пайда болады, олар элементарлық, бөлінбейтін «эпиморфаларға» бөлінеді.
Аболин, бірінші болып физикалық-географиялық бірліктердің жоғарыдан төмен қарай, яғни ландшафттық қабықтан қарапайым географиялық кешенге дейін (қазіргі түсінік бойнша – фацияға сәйкес) ізбе-іздік жүйесін көрсетті.
ХХ ғасырдың басында Жер бетінің физикалық-географиялық бөліну проблемасы шетелдік географияда, әсіресе Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та талқыланған. 1905 жылы ағлышын географы Э. Дж. Гербертсон Жер құрлығының аудандастыруын үсынды. Оның схемасы бойынша Жер беті алдымен ендік бойынша белдеулерге бөлінеді, полярлық, орташа-суық, орташа жылы, тропиктік және экваторлық. Ал белдеулер ішінде қазіргі түсінікпен айтқанда секторларға бөледі, мысалы, муссондық, ішкі материкті, батыс мұхит бойы.
Осы кездегі орыс географттардың көз қарасына, неміс географы З. Пассарге (1867-1958) жақын болған. 1908 жылы шыққан Африканың ландшафттарына арналған еңбектерінде, географтың басты мәселесі табиғи ландшафттарды зерттеу. 1913 жылы оның, ландшафттық географияға арналған теориялық еңбегі жарияланды, мұнда, ландшафт деген табиғи компоненттердің барлық қатынаста бір-біріне сәйкес болатын облысы деп анықтама берген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет