ХХ ғ. 20 – 30 жылдарындағы ландшафттану.
ХХ ғ. 20-ші жылдарында экономиканың қайта құруына байланысты, жаңа экономикалық аудандардың пайда болуы, ҚСРО-ң жаңа саяси-әкімшілік қүрылуы физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстарына күшті себепші болды.
Осы жылдарындағы аудандастыру ландшафттық теорияға қосқан үлесі – провинцияльдық принципі. Зоналылық принципімен қатар бұл принцип аймақтық физикалық-географиялық дифференциациялау заңдылықтары туралы ілімнің дамуында маңызды қадам болып табылады. С.С. Неуструевтың, В.Л. Комаровтың еңбектерінде климаттың, топырақ пен өсімдіктің ендік бойынша өзгеруіден басқа бойлық бойынша да өзгеретіні анықталды, оның негізгі себептердің бірі құрлық пен мұхиттың қарым-қатынасы, және территорияның геологиялық даму тарихы. Сонымен, әртүрлі геологиялық тарихымен, жер бедерімен, климат континенттігінің әртүрлі дәрежесімен сипатталатын облыстарға зоналы-климаттық факторлар үстінен басылады.
Осы кездегі ландшафтты-географиялық идеялардың екінші бағыты – ландшафттық принцип – игеруге жарамды жерлерді анықтау және бағалау мақсатта жүргізілген жете дала зерттеулермен тікелей байланысты. Ландшафттық кескіндеу жұмыстары барысында табиғат кешендерінің көп түрлілігі анықталды, оларды бірнеше деңгейлерге (градацияларға) бөлу қажет болды. Зерттеу жұмыстарының маңызды қорытындысы ландшафттық бөлінудегі элементарлық сатысы анықталды, оны Б.Б. Полынов элементарлық ландшафт, И.В. Ларин микроландшафт деп атады, екеуіде Р.И. Аболиннің эпиморфасына сәйкес. Ландшафттық ізденістердің тағы бір аса маңызды нәтижесі ландшафттың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы.
Сонымен, осы кезеңдегі география ғалымдары ландшафт туралы ілімнің дамуына екі түрғыдан келді «жоғарыдан» - теорияны дамыта отырып аймақтық (региональдық) схеманы «меридианальдық зона», «провинция» т.с.с. ажыратты және «төменнен»- ландшафттық кескіндеулер арқылы элементарлық физикалық-географиялық бірліктерді орнатты.
1930 ж. шыққан Л.С. Бергтің «ҚСРО-ның ландшафттық зоналары» деген еңбегі ландшафттанудағы теориялық ізденістер мен дискуссияларға ітермелеуші себеп болып келді. Сол кездегі көптеген географтар сияқты, Л.С. Бергте ландшафттың көлемін шектемеді. Оның түсінігі бойынша ландшафтқа жер бетіндегі қайталанып отыратын батпақтар, төбелік құмдар, т.с. сиықты элементарлық табиғи кешендердің классификациялық бірліктері болып табылады. Сонымен қатар ландшафт деген түсінікке аймақтық деңгейдегі қайталанбайтын бірліктерде жатады, мысалы, Валдай қыраты, Орта Сібір тау жазығы. Сонымен ландшафт туралы үғымды талықылауда екі түсінік туды. Біріншіден, Л.С. Берг ландшафт анықтамасында оның жер бетіндегі зоналарда қайталанып келетіндігін айтса, екіншіден, ол, ландшафт «географиялық индивид» не кеңістікте, не уақыт бойынша қайталанбайды деді. Бергтің еңбегіндегі осындай қарама-қайшылыққа бірінші болып 1932 ж. М.А. Первухин назар аударды. М.А. Первухин қосқан үлесі: ландшафттану ғылымының негізгі әдісі аудандастыру мен территорияға типологиялық талдау жасау және аудан дегеніміз белгілі территория типтерінің жинағы. Бірақ ол, типологиялық әдіске шешуші роль үсынды, сондықтан ландшафт деген түсінігін біртекті территориялар бірлестігі емес, бір-біріне үқсас территория типі деп түсінді. Сонымен, М.А. Первухиннің түсінігі бойынша ландшафт белгілі территория емес, ол классификациялық түсінік. Осылай ландшафт туралы екі – типологиялық және аймақтық үғым пайда болды.
Ландшафттың аймақтық түсінік туралы Л.Г. Раменскийдің (1884-1953) еңбектерінде терең негіз салыңған. Л.Г. Раменский бойынша ландшафт деген эпифация деп аталатын біркелкі емес элементарлық табиғи кешендерден құрылған күрделі территориялық жүйе. Эпифация, ландшафттың ішінде жер бедерінің біркелкі элементтерінде қалыптасады және біркелкі экологиялық режимімен (жылу, су, тұздық) тағы бір биоценозбен сипатталады. Раменский ландшафттың мынадай жалпы белгілерін көрсетті: 1). Беттің мекен-жайларға заңдылықты біркелкі тілімденуі және осыған лайықты болатын эпифациялар; 2). Кешеннің шығу тегі мен дамуындағы жалпылық; 3). Эпифациялар арасындағы түрақты өзара әрекеттесу, терең өзара сәйкестілігі (глубокая сопряженность); 4). Барлық кешенге тиісті жалпы негізгі заңдылықтар.
Сонымен, ХХ ғ. 30-шы жылдары ландшафт туралы үғым жаңа идеялармен толықтырылды, бірақ біркелкі теориялық жүйе қалыптаспады.
Достарыңызбен бөлісу: |