Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Қазақ хандығы дәуірінің XV-XVII ғасырлардағы әдебиеттің



бет4/109
Дата02.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#453482
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Хандық дәуір әдебиеті. Лекциялар мәтіні

2. Қазақ хандығы дәуірінің XV-XVII ғасырлардағы әдебиеттің зерттелуі.

Бұл дәуір әдебиетінің сез шеберлері, олардьң мұралары туралы алғашкы деректерді беретін XIX ғасырдың 2-жартысындагы орыс зерттеушілері мен Ш.Уәлихановтың жазбалары. XX ғасыр басындагы енбектерде де деректер аз емес. Кеңес дәуірінің 20-30-жылдарындағы С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедовтердің сол дәуір әдебиетіне байланысты еңбектерінң мәні жоғары болып табылады. 40-жылдардағы ВКП (б) Орталык комитеті қаулысының - "Әдебиеттегі ескішілдікке, феодалшылдыққа карсы күрестің" хандық деуірдегі әдеби мұраларды зерттеуге тигізген кepi ecepi аз болмады.

1950-1960 жылдары қазақ әдебиеті тарихына байланысты қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдар арасындағы әр түрлі көзқарастар, пікірталастар болды. Қ.Жұмалиев бастаған ғалымдардың қазақ әдебиеті тарихын қай кезден бастау керектігі туралы көзкарастарында кейбір басқа ғалымдардан елеулі айырмашылықтар болды. Бұл ретте Б.Кенжебаевтың әдебиет тарихын терендей зерттеудегі атқарған еселі еңбегі ерекше болған еді.

Хандық дәуір әдебиеті жөніндегі М.Әуезовтің, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайыловтардын құнды ойларының мәні үлкен. Осы кезең әдебиетін ғылымда қалыптастырудағы М.Мағауиннің үлесі зор болды. Кеңес дәуірінде арнайы еңбек жазған, оқулыққа ендірген де осы ғалым болғанын айрықша атап өтуге тиіспіз. Осы кезде жарық көрген еңбектердің, жинақтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Хандык; дәуірдегі әдебиет үлгілері алғаш рет жинақталып «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (Құрастырушылар: Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов. 1967), «Үш ғасыр жырлайды», т.б. еңбектерде жарияланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет