Абай әлеуметтік тыныс-тіршілікке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол әлеуметтік ақиқатты іздеді, бірақ бүгінге дейін шыңына шыққан әділетті әлеуметтік-қоғам болған емес. Сонда да болса ел арасынан шыққан біртуар тұлғалар Аристотель, Әл-Фарабиден бастап сол әділетті қоғамға барар жолды көрсеткенмен әлеуметтік теңсіздіктің ізін жоғалта алмай келді. Абай «сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп айта отырып, тыңдаушы мен оқырман қауымының көркемдік-идеялық, эстетикалық талғамы өсуін талап етті, мұны өмірдің де, өнердің де қажеттілігі деп санады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдардағы қазақ арасына патшаның ендірген сайлау тәсілі, жағымпаздық пен екіжүзділіктің түр-түрін көрсетті. Ақын бүкіл дәуірдің болмысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Абайдың барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескін-бейнесін айқын көре аламыз.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық» көбінесе «ел», «жұрт», «бұқара» деген сөздерді қолданады. Осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі мағынада ақын шебер қолданады. Ел, жұрт деген ұғымдарды қалың ел, қазақ жұрты, халық деген кең мағынасында алып, бүкіл халықты тұтас алып мінездеу үшін де қолданады. Мысалы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», - деп басталатын өлеңді еске түсірсек жеткілікті. Ақын бейнесінің өзгешелігі алдымен оның халықтың өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты. Ақын өзі жеке басын айтқан болып ел жайын толғайды, бүкіл халық, адамзат тағдырын ойлап толғанады.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы ұстанымы, қазақ топырағындағы қазіргі тілмен айтқанда жаңа инновацияның алғашқы қадымы еді. Абай адамды қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, өмір сүру деңгейін, адамгершілік келбетін әлеуметтік тұрмыспен байланыстырады.
Еңбек ету, өнер үйренуді уағыздайтын пікірлерімен ұштастыра, жар сүю, үй болу мәселесін қоғамшыл болуды әсіресе «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңінде көбірек толғайды. Ақынның әлеуметтік-қоғам өкілдерін сипаттаудағы сыншылдық пікірлері де, жастарға айтқан ғибратты ойлары, ақыл-кеңестері үлкен адамгершілік мақсат-мұратқа жетуге ынталандыру ниетінен туған. Олардың жағымсыз мінез, жаман әдеттерін ажуалайтын Абай адалдық, жігерлілік, еңбек сүйгіштік, әділеттілік сезімі, ой тереңдігі секілді қасиеттерді үлгі етуге үндейді. Өскелең ұрпақ тәрбиесі мен білім беру мәселесіндегі адамзаттық сана адамның тәрбиесіндегі негізгі ұстыны «парасатты қоғам өзінің мұратына сай адам тәрбиелеуді басты мәселе ретінде қарайды» (Әл-Фараби) десек халықтың жетілу деңгейіне қарай мемлекет те қоғам да әлемдегі өз орнына лайық бола алады.
Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген Абай: «Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабырталап,
Бұлардыкерекқылмасешкімқалап…
Тереңой, тереңғылыміздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қаттысынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде, мәселен: «Жігіттер, ойынарзан, күлкіқымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» айқын білдіреді. Ол халықтың арттақалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмететуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқы наздырып бара жатқанын жасұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылық пен қарау, еңбексүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан. – деп, Абайды шошытқан нәрсе осы қоғамның өз ұрпақтарына беретін ғибрат-өнегесінің болмауы. «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде Абай қоғамдық сананың айнасын, педагогика-психологиялық ахуалын айнытпай мүсірген. Осы сана әлі күнге дейін қоғамдық болмысымыздың кескінін өзгертпей келеді. Жалпы адамзат тарихында адамның санасы сол қалпында қалып, тек миы жетіліп, техникасы дамыды. Ақын шығармаларын туғызған заман, қоғамдық орта, әлеуметтік жағдаймен байланыстыра қарау, бүгінгі заман талабы. Абай мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызды әсері қаншалықты күшейе түскенін, озық ойлы мұраттарымен сәйкес айқынырақ танимыз. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты сөз етсе де, ол оның қоғамдык-әлеуметтік тамырын, маңызын айқындап, адам үшін, қоғам үшін пайдалы немесе зиянды жақтарын ашып айтады. Абайдың білімін тереңдетіп, ғылымды игеруге, орыс зиялыларының шығармаларын жүйелі түрде оқып, тереңірек білуге кіріскен уақыты жасы отыздан асқан кезі болатын. Осы кезде ол Семейге жер аударылып келген орыстың қоғам қайраткерлері Е.П.Михаэлиспен танысады. Михаэлис Петербургте патшаға қарсы 1860 жылдары студенттердің қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Тұтастай алып қарағанда Абайдың қоғамдық-әлеуметтік және саяси көзқарастары орыс халқы арқылы түйгені көп екені анық. «Орысша оқу керек ...тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» (25-қара сөз) дегені де содан. Шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас та көбеймесе азайған жоқ. Алайда Шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса да, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа кұбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейдің тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын:
Орыс сияз қылдырса,
Болыс елін қармайды.
Қу старшын, аш билер
Аз жүрегін қармайды.
ол саясатты жүзеге асырып отырған ұлықтардың озбырлық іс-әрекеттерін ашып салады. Параның күшімен болыстыққа сайланғандарды, оның шашбауын көтеруші жағымпаздарды, ел берекетін кетіргіш пысықайларды:
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұл тек сайлау кезінде емес, басқа кезде де «Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып» күндеп, бірінің үстінен жоғарғы жаққа шағым, арыз жазып жүрген шенқұмарларды:
Атаны бала аңдиды, ағаны іні,Ит қорлық немене екен сүйткен күні – деген, ұлы ақын
өзінің қазағының мінездерін сын тұзағына іліп, келемеж тізесімен илеп, ажуамен түйреп сықақ дейтін найзасымен шаншиды.
Абай шығармашылығы әр түрлі адамдардың мінез-құлқы мен ішкі дүниесін ашып көрсетуге шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалары аз емес «Бөтен елде бар болса», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» т.б. өлеңдеін атауға болар еді. Кедейлік қазаққа үстем болып тұрғанын күйіне айтып, кәсіптің түр-түрін игеруге келгенде енжарлық танытатыны;