Саяси ғылымның қалыптасу мен дамуының негізгі кезендері.
Қай заман болмасын оның ойшылдарын ойландыратын мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл заман талаптарына сай өзінше пайымдап, өзінше шешті. Канцлер Бисмарк кезінде Германия Рейхстагына: «Саясат – ғылым емес, ... өнер» деген екен. Бисмарктың өнер деп отырғаны – мемлекетті басқару өнері, яғни ұжымдық негізде шешім қабылдау және оны жүзеге асыру арқылы қоғамға бақылау жасау. Саясаттың ежелгі Грекиядағы түп мәнінен бастау алған классикалық анықтамасы осы тәрізді. Ежелгі грек қоғамы тәуелсіз қала-мемлекеттер-ден құралған, олардың әрқайсысының жеке басқару жүйесі болған. Қала мемлекеттердің ішіндегі ең ірісі және ең ықпалдысы – Афина демократиялық мемлекеттің тал бесігі ретінде жиі айтылады. Саясатты зерттеу мемлекетті зерттеу немесе, кең ауқымда қарағанда, билікті зерттеу. Бұл көзқарас америкалық ықпалды саясаттанушы Дэвид Истонның (1979,1981) еңбектерінде кеңінен қамтылды. Ол саясатты «құндылықтарды беделдің көмегімен бөлісу» деп сипаттады. Оның пікірінше, саясат қалың бұқараның талабына жауап беруі арқылы үкімет жүзеге асыратын процестерден тұрады, дәлірек айтсақ, үкімет жеңілдік пен марапатты және айыппұлды үлестіреді. Сондықтан «беделді құндылықтар» қоғамда кеңінен қабылданған және барлық азаматтар үшін міндетті саналатын құндылықтар. Саясатқа деген осы көзқарас әйгілі грек философы Аристотельдің еңбектерінен бастау алады. Грек философы – Аристотель платонның шәкірті және Ұлы Александрдың жас күніндегі ұстазы болған. Оның саяси еңбектерінің арасындағы ең танымалы – «Саясат». Аристотель онда қала мемлекетті ізгілік пен ауқаттылық негізі ретінде сипаттап, демократияға қарағанда олигархияға басымдық берген. Аристотель «Саясат» атты еңбегінде «адам табиғатынан саяси жануар» деп тұжырымдағанда, адамдардың саяси қауымдастықта ғана лайықты деңгейде өмір сүре алатынын айтқан. Осы тұрғыдан алғанда, «Саясат» – «әділ қоғам» құруды мақсат ететін этикалық қызмет. Аристотель оны «ғылымдардың патшасы» деп атаған. Саясатты «қоғамдық» іс-әрекет ретінде түсіну нәтижесінде позитивті де, негативті де образдар пайда болды. Аристотельден бастау алатын дәстүр бойынша саясат өзінің «қоғамдық» сипатына байланысты ізгі және ағартушылық ісәрекет болып танылады. Дәл осы ұстанымды кейінірек Ханна Арендт табанды түрде қолдады, ол «Адамзаттың өмір сүру шарттары» атты еңбегінде «саясат – адамзат әрекетінің аса маңызды түрі, себебі ол еркін және тең құқылы азаматтар арасындағы қарым-қатынасты қамтиды» деп тұжырымдайды. Осылайша ол өмірдің мәнін түсіндіреді және әрбір адамды қайталанбас тұлға ретінде қарастырады. Саяси қатысуды, негізінен, ізгі іс деп қарастырған Жан-Жак Руссо және Джон Стюарт Милль тәрізді теоретиктер де осыған ұқсас тұжырымға келген. Руссоның тұжырымы бойынша барлық азаматтардың саяси өмірге тікелей және үздіксіз қатысуының нәтижесінде ғана мемлекет ортақ игілікпен немесе, өзі айтқандай, «ортақ ерікпен» байланысты бола алады. Ал Милльдің пікірін-ше, «қоғамдық» істермен айналысудың тәрбиелік мәні бар, себебі ол жеке индивидтің тұлғалық, моральдық және интеллектуалдық дамуына ықпал етеді. Алайда бұған қайшы келетін, саясатты қоғамдық іс ретінде қажетсіз арала-судың бір түрі ретінде сипаттайтын пікір де бар. Әсіресе либералтеоретиктер «жеке» өмір – таңдаудың, жеке бастың еркіндігі мен тұлғалық жауапкершіліктің саласы деп негіздей отырып, азаматтық қоғамды мемлекеттен жоғары қояды. Бұл бизнес, спорт және отбасылық өмір сияқты жеке салалардан «саясатты оқшаулауды» қалайтын, «саяси» саланың аясын тарылтуға деген талпыныстардан барынша айқын байқалады. Сол себепті адамдардың өз қалауымен әрекет етуіне кедергі жасауына байланысты саясат зиян деген пікір қалыптасады. Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі – орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды (1225-1274 жж.). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті: біріншісі – V ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең; екінші кезең – гүлдену дәуірі, ХI ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал феодализмнің құлдырау дәуірі ХV ғасырдың соңынан ХVI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды. Марксистер болса «саясат» ұғымына екі түрлі мағына береді. Бір жағынан, Маркс «саясатты» мемлекеттің басқару аппаратымен байланыстыратын дәстүрлі мағынада қолданады. «Коммунистік Манифесте» ол саяси билікке «бір таптың екінші тапты қанауы үшін ұйымдастырылған билік» деген сипаттама береді. Маркс үшін саясат, заң және мәдениетпен бірге, әлеуметтік өмірдің шынайы негізін құрайтын экономикалық «базистен» ерекшеленетін «қондырманың» бір бөлігі болып табылады. Алайда ол экономикалық «базис» пен құқықтық және саяси «қондырманы» бір-бірінен бөліп, жеке дара қарастырған жоқ. Оның пікірінше, «қондырма» экономикалық «базистен» шығады және соның көрінісін береді. Осы көзқарасқа сәйкес, саяси биліктің тамыры әлдеқайда тереңде жатыр және таптық жүйеден бастау алады. Лениннің айтуы бойынша, «саясат – экономиканың анағұрлым шоғырланған түрі». Саясат мемлекетпен және белгілі бір қоғамдық саламен шектелуі ықтимал деген сенімге қарсы, марксизм іліміне сай, «экономиканың өзі – саясат». Яғни таптық күреспен сипатталатын азаматтық қоғам саясаттың басты алаңы болып табылады. саясат пен мемлекеттік істер арасындағы байланыс саясатқа та-ңылатын пікірлердің неліктен жағымсыз және кемсітушілік сипатта болаты-нын түсіндіруге де көмектеседі. Мұның себебі қалың жұртшылықтың саясат пен саясаткерлердің іс-әрекетін тығыз байланысты деп қабылдауында жатыр. Қарабайыр тілмен айтқанда, саясаткерлер көбінесе жеке басының мансаптық мүдделерін мемлекеттік қызметтің риторикасы мен идеологиялық сенімінің түбіне жасыратын, билікке ұмтылған екіжүзділер ретінде қарастырылады. Шындығында, осылайша қабылдау қазіргі кезде кеңінен таралған көзқарас болып отыр, себебі медиа сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздіктің нақты мысалдарын оңтайлы келтіре отырып, антисаясат құбылысын тудырды. Үйреншікті саяси өмірдің қызметкерлері мен механизмінен бас тарту саясатты «жеке басының мүддесін көздейтін, екіжүзді және принципсіз қызмет» дейтін көзқарастарда терең тамыр жайған, мұны «кеңселік саясат» және «саясатшылдар» деген кемсіту-шілік фразалардан айқын көруге болады. Саясатты осылай бейнелеу кейде Никколо Макиавеллидің еңбектерінде ұшырасады. Ол «Билеуші» (1532,1961) атты шығармасында өз заманындағы саяси көшбасшылардың қулыққа, қатыгездік пен айла шарғыға жүгінетініне назар аударып, саясатқа деген қатаң реалистік көзқарас қалыптастырған.
Орта ғасырлар мың жылдан артық дәуірді қамтиды. Ол дәуірді үш кезеңге бөлуге болады.
1.Бірінші кезең ерте феодалдық.
Феодализмнің әлеуметтік – экономикалық формация ретінде қалыптасуы, ірі мемлекеттік ұйымдар пайда бола бастауы.
2. Европа елдеріндегі мен Мұсылман мемлекеттеріндегі саяси көзқарастар.
Екінші кезең – феодализмнің өркендеп, сословиелік монархияның пайда болуы.
Үшінші кезең – феодализмнің құлдырауы, капиталистік элементтердің қалыптаса бастауы. Орта ғасырларда шіркеу - адамдардың саяси, рухани өмірінде шексіз билігін орнатты. Орта ғасырдағы христиан діні феодалдық қоғамның өміртанымдық негізі саналды, барлық ғылым жүйелері дін қызметінің қолында болды. Әйтсе де Европаның саяси тарихына көз жүгіртсек, онда шіркеу мен светтік феодалдар арасындағы қоғамдағы билік үшін таусылмас тартысты байқаймыз.
Саясаттың төртінші анықтамасы – ең ауқымды және ең радикалдық анықта-ма. Саясатты белгілі бір саламен (үкімет, мемлекет не «қоғамдық» сала) шек-теудің орнына, бұл көзқарас саясатты адамзат тіршілігінің барлық қоғамдық салалары мен әрбір бұрышынан табылады деп есептейді. Адриан Лефтвич «Саясат дегеніміз не? Саяси қызмет және оны зерттеу» атты еңбегінде: «Саясат ұжымдық әлеуметтік іс-әрекеттің түп тамырында жатыр: ол ресми және бейресми қоғамдық және жеке салаларда, барлық қоғамдық топтарда, институттар мен қоғамдарда бар», – деп түйіндейді. Саясат қоғамдық қарым-қатынастың әрбір деңгейінде бар. Ол отбасыларда және достардың шағын топтарында, ұлттар арасында және ғаламдық деңгейде де орын алады. Кең тұрғыда қарағанда, саясат қоғамдық өмірді қамтамасыз ету барысында ресурстарды өндіру, бөлу және қолданумен айналысады. Саясат, шын мәнінде, билікті білдіреді, яғни қалаған нәтижеге кез келген амал-әдістермен жету қабілеті. Бұл идея Гарольд Лассуэллдің «Саясат: Кім нені, қашан және қалай иеленеді?» атты еңбегінің атауында нақты түйінделген. Бұл көзқарас бойынша саясат әралуандық пен конфликт деген мағына береді, алайда оның ең маңызды құрамы – тапшылықтың болуы: адамдардың қажеттіліктері мен қалауы шексіз, ал оларды қанағаттандыратын қолжетімді ресурстар әрдайым шектеулі. Сол себепті саясатты осы тапшы ресурстар үшін күрес десек, ал билікті осы күресті жүргізу құралдары деп түсінуге болады. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Соның бірі Аристотель және Платон. Платон (б.з.б. 427-347жж.) Шын есімі-Аристокл. 200 жуық еңбектері бар. Сократ мектебінен өткен. Платнның айтуынша адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіруі және үй салуы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Себебі қоғамдағы қарама-қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деген уәжді айтты. Мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді.Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Қазақ даласындағы саяси ойшылдар : «қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ойпікірлерге бай» дей келе,мемлекетті адамдар өз қажетіне жақсы жолмен құруы керектігін, бірлесу арқылы қоғамдық жолмен жақсылап өмірді қанағаттандыруы адамзаттың өзінде. Мұндай айтылғандарды Батыстың кейінгі саясат зерттеушілері орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады. Кез-келген қазақ даласының ғұламасын алмайық олардың саясат және халықтың саяси өмірі мен саяси билік туралы айтпағы қазақ халқының рухани мұрасында. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» , - деп ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды Өз халқының мүддесі үшін күресте достық, татуластық бірлік керектігіне назар аударды. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғ.аяғы-ХХғ. Басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. ХХ ғасырдағы саяси ілімде – ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. ХХғ. Батыс елдерінде «солидаризм» ілімі өріс алды. Ондай ілімінің негізін салушы Л.Дюги (1859-1928 жж) әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі керек. Келесі бір ұғым «элитаризм». Элита деген сөз ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағына береді. Ол ұғымдарды енгізген италяндық саясаттанушылар Г.Моска, В.Парето. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды. Оған қабілеті жетпейді. Сондықтан олар үшін таңдаулы адамдар тобы керек. ХХ ғасырдағы тағы бір саясат мәселесімен айналысушы Макс Вебер. Ол плюрализм идеясын енгізді. Қоғамның барлық саласындағы идеологиялық мүдделер мен діни сананың араларындағы қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Сонымен саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының тарихы-адамзат тарихының бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы үшін қажет. Оны оқып, білу, қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуының септігін тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |