Пәннің міндеттері:
|
Логикалық алгебра, дискреттік функциялар, графтар, басқару жүйелерін синтездеуге қатысты негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдарын пайдалана білуге үйрету.
|
Күтілетін оқу нәтижелері
|
1. Математикалық логика және дискреттік математиканың негізгі ұғымдары мен оларды қолдану арқылы есептерді шешу әдістері жайлы білімін көрсетеді;
2. Дискретті математика мен математикалық логиканың әртүрлі бөлімдерінен теориялық және қолданбалы сипаттағы есептерді шешу білігін көрсетеді;
3. Логикалық аппаратты (пікірлерді, тұжырымдарды, логикалық амалдар мен функцияларды, графтарды және құпиялау теорияларының заңдарын) зерттеу жұмыстарында қолданады;
4. Мектеп және жоо оқу жоспарларының көлемінде кездесетін логикалық есептерді логика мен дискреттік математиканың заңдылықтары арқылы талдайды;
5. Пәнді қолдану саласын, оны оқу процесінде пайдалану мүмкіндіктері мен нұсқаларын тиімді бағалайды;
6. Логикалық тұжырымдар жасайды және оларды негіздейді.
|
Оқыту әдістері мен технологиялары
|
Студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
Интерактивті әдістер;
3. Біліктілікке бағытталған оқыту;
4. Әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
5. Кейс-стади(нақты жағдаяттарды сараптау);
6. Жобалар әдісі.
|
Құзыреттілігі
|
- ойлау мәдениетін игеру, жалпылау, талдау, ақпараттарды қабылдау
және мақсат қойып оған жету жолдарын таңдай алу қабілеттері;
- математика ғылымының классикалық бөлімдерінің негізгі ережелерін,
математикалық базалық идеясымен әдістерін, негізгі математикалық
құрылым мен аксиоматикалық әдістер жүйесін меңгереді;
- оқу-тәрбие қызметінде негізгі ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану
қабылетінің болуы ;
- математикалық мәселелерді ұйымдастыру мен қою дағдыларын
меңгереді ;
- логикалық алгебра, математикалық логика, дискреттік математика
және оларға аралас облыстардағы фундаменталь білімдерді иеленеді
және қолданады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |