Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл


Лекция № 9 Шұғылдану кезінде жарақаттанудың себептері



бет18/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Axmetov.Gimnast

Лекция № 9

Шұғылдану кезінде жарақаттанудың себептері

Жоспар

1. Қозғалыстың түрлері: аяқ ұшы мен жүру

Жалпыдамытушы жаттығулар сыныптамасының негізі ретінде анатомиялық белгі алынған. Жаттығулар оларды адам денесінің жекелеген бөліктеріне тигізетін ыкпалы бойынша топтарға бөлінген;

  1. Қол және иық белдеуінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

  2. Дене және мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

  3. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

  4. Денедегі барлық бұлшық еттерге арналған жаттығулар.

Бұл келтірілген сыныптама шартты түрде болуы мүмкін, себебі бұлшық ет жұмыстарын нақты түрде бөлуге болмайды. Мұнда тек қандайда бір бұлшық ет топтарынын басым көпшілігі жұмыс істейтіндігі көрсетіледі. Әрбір бұлшық ет тобылын жұмыс істеу сипатына қарай жаттығулар күшті, икемділікті қозғалыс жылдамдығын, үйлесімділік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталады, ал төртінші топ жаттығуларына дұрыс дене тұрқын сезінуге және тыныс алуға арналған жаттығулар қосылады. Ең жоғары жылдамдықпен орындалатын күштік жаттығулар жылдамдық күштік жаттығулар деп аталады.

Жалпы дамытушы жаттығулар оқытушының санап тұруы мен немесе әрбір жаттығушының өзіндік қарқынымен орындалады. Мысалы; күреске тартып алуға байланысты қарсылық көрсету жаттығулары, немесе барынша күш салуды, дербес жылдамдықты талап ететін жаттығулар дербес ырғақпен орындалады.

Гимнастика сабағында жалпы дамытушы жаттығуларды өткізудің басты шарты жаттығуларды музыкалық әуенмен орындалатын жаттығулар болып табылады. Музыканың көмегімен гимнастика сабақтары өте мықты эстетикалық құралына айналады. Жаттығушылар сабақ барысында музыкалық іліммен танысады, музыканың жанры мен формасы, метр мен тактының құрылымы, ырғақпен метро ырғақ туралы түсініктерге ие болады. Сонымен қатар музыка қимыл сұлулығы сезімін тәрбиелеу секілді міндеттерді шешуге де ықпал етеді, сондықтан ол көптеген өнер түрлерінде, еңбек процесінде, спорт түрлерінде пайдаланылады.

Дегенмен гимнастика сабақтарында музыка текқана жаттығушылардың эмоционалдылығын, көтеріңкі көңіл күйін, өзін-өзі жақсы сезінуін қалыптастыратын қимылдарды орындалып жатқан шығарманың ырғағына, қарқынына, сипатына сәйкес орындай білуін қалыптастыру құралы болып табылады.

Тәжірибеден байқалғандай қолданудың дұрыс әдістемесі жаттығушылардың жалпы үлгерімін арттыруға және оардың қимыл әрекетін тез игеріп алуына көмектеседі. Гимнастика сабақтарында пайдаланылатын музыка ырғағы нақты әрі анық болуга тиіс. Сонымен қатар жаттығушылардың сана сезіміне әсер етіп олардың эмоционалдық жағдайына кері ықпалын тигізбес үшін тақырыбы, сипаты жағынан дерексіз болғаны жөн, өйткені мұндай жағдай негізгі жұмысқа кері әсерін келтіруі мүмкін. Осылайша негізінен қимыл мен музыка байланысының метро ырғақтық жағы игеріледі.

Жалпы дамыту жаттығуларын жүргізу барысында музыкалық сүйемелдеу, мүғалімді жаттығу орындаудың қажетті ырғағы мен қарқынын сақтап түру үшін үнемі есеп жүргізіп тұрудан басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет