Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл


I бөлім - үйымдастыру, Бүл оқушыларды сабақтың қиын тапсырмаларын орындауға дайындау, яғни кіріспе бөлім. II



бет38/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Axmetov.Gimnast

I бөлім - үйымдастыру, Бүл оқушыларды сабақтың қиын тапсырмаларын орындауға дайындау, яғни кіріспе бөлім.

II бөлім - негізгі бөлім, Бүл сабақтың негізгі міндеттерін орындауға бағытталған.

III бөлім - қорытынды бөлімі. Сабақ ұйымдастырылған түрде аяқталады. Оның бар бөлімі бір-бірімен тығыз байланысты.

Кіріспе бөлім 5-10 минуттан, негізгі бөлім 25-30 минуттан, қорытынды бөлім 3-5 минуттан түрады.

Кіріспе бөлімде сапқа тұру элементтері, гимнастикалық сап түзеу, жалпы дамытатын би жаттығулары, ойындар ойналады.

Негізгі бөлімде құрал-жабдықтармен және жабдықтарсыз жалпы дамытатын жаттығулар, би жаттығулары: жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, асылу, акробатикалық жаттығулар, тепе-теңдік, үлкен қозғалыспен айналатын ойындар,сонымен бірге, сол кластың бағдарламасынан кез-келген материал енгізілуі мүмкін.

Қорытынды бөлімде организмді бірте-бірте тыныштық қалыпқа өткізу. Сапқа тұру, сабақты қорытындылау, \Үйге тапсырма беру, ұйымдасқан түрде залдан шығу жұмыстары жүргізіледі.

Мүғалім сабақтың барысында оқушылардың көңіл-күйі сергек болуын қадағалау керек және оларды жаттығуларды жаксы орындауға қалыптастырған мақұл.

Мүғалімнің сабаққа жақсы дайындығы оны жақсы өткізудің кепілі. Ол мүғалім бағдарлама материалымен толық таныс болуы тиіс. Методикалық әдебиеттерді қолдану, өз пәнін жетік меңгеру" басқа педагогтармен тәжірибе алмасып отыруы керек. Әрбір сабақтың жоспары болуы қажет. Сабақтағы денеге түсетін күш әр түрлі болады. Оқушыларға шамадан тыс артық күш түсіруге болмайды. Бүл олардың шаршауына, әлсіреуіне_ алып келеді, сондай-ақ жүктеме өте нашар, аз болмауы керек: Себебі ол кезде дене шынықтыру жаттығуларының әсері жеткіліксіз болады.

Біздің айналамызда дене тәрбиесінің орасан бай көздері бар. Оларды терең ойланып пайдалану керек. Бүған үлкендердің тәжірибесі мен мамандардың кеңесі көмектесе алады.

Дене тәрбиесі - жас адамның жалпы тәрбиенің бір бөлігі.

Мектеп жасындағы кезеңдер 3 топка бөлінеді:

1) төменгі 2) орта 3) жоғарғы.

Дене тәрбиесінің мақсаты: спорт жағынан жетілген, дене тәрбиесі саласында жоғарғы көрсеткіштер көрсете алатын адамды тәрбиелеу. Өз отанын қорғауда, еңбекте жоғарғы нәтиже, жететін түлғаны даярлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет