Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл



бет70/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80
Axmetov.Gimnast

Сабақты ұйымдастыру

Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау,, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ үзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақта бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады жэпс қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

Дене тәрбиесі сабақтары - оқу-тәрбие жұмыстарының. ең негізгі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Ол төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен түрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінді жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлім негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жүмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның үзақтығы 5-10 мин., Дайындық тобында 12 - 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері),, негізгі (негізгі бұлшық ет бөлімдерін дамыту жаттығулары),, қорытынды (қарапайым жүру).

Дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалык, сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жүмысын арттыруға қолданады. Ол шаршаудан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарында 45-50 минуттан өтеді. Демалыс балалардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған. Ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта және дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренгсн спорт ойындарын,, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат. Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күндізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет