Лекция №18
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі
Лекция жоспары:
1. Әлеуметтік патронаж және қадағалау әдістемесі.
2. Отбасына әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру әдістемесі.
Лекция мәтіні:
1. Әлеуметтік патронаж және қадағалау әдістемесі.
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасылар қажет етеді.
Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:
диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);
қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);
әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);
ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);
прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);
координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаменттерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).
Достарыңызбен бөлісу: |