Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет31/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)

Қолданылған әдебиеттер:
1. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
2. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
3. Проведение занятий по начальной военной подготовке. М. П. Брысин, П. М. Калинин. 1990
4.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
Лекция №15. Радиобайланысты ұйымдастыру.
Сұрақтар:
Радиобайланысты ұйымдастыру түрлері, тәсілдері. Радиобайланыс құралдарының жалпы сипаты. Радиокедергілерден қорғану.
Жауап: 1. Радиобайланысты ұйымдастыру түрлері, тәсілдері.
Байланысты ұйымдастыру (организация связи) - әскери байланыс командирдің шешімімен, штаб бастығының нұсқауымен, штабтың байланыс жөніндегі жарлығымен бөлімдердің алдына қойылған мақсаттарға байланысты ұрыстың ақырына деиін үйымдастырылады. Әскери байланыста ультрақысқа толқынды, ұзын толқынды радиостанциялар және көп арналы радио, радиорелелік, жер астынан жүргізілген кабельдер қолданылады(4).
Байланыс жүйесі (Система связи; communications system) — жиынтық импульстерін, үндік сигналдарды және пернетақта белгілерін аныктап, сондай-ақ жүйе шегіндегі және жүйеден тыс қажетті аралық қосылыстарды қамтамасыз ететін, бағдарламамен басқарылатын процессорлы комплекс. Байланыс жүйесі сандық компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ететін еске сақтаушы құрылғыны және нақты қосылыстарды орындауға арналған арнайы аппараттық құрал-жабдықтары бар сөрелі плата ұстағышты қосады. Байланыс жүйесі көсіпорындағы тұтынушыларға деректер терминалдары мен телефон аппараттарын жалпы пайдалану және деректерді тарату үшін байланыс қызметін ұсынады.
Радиобағыт — әскердегі радиобайланысты ұйымдастыру әдісі. Мұнда екі командир немесе штаб арасындағы байланыс әрқайсысына бөлінген радиостанциялар мен белгіленген жалпы радиомәліметтер көмегімен жүзеге асады. Радиобағыт ақпаратты жіберудің үлкен өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ететін және радиожелі жүйесіндегі байланысты ұйымдастыру кезінде жұмыста жақсы амал қолдануға болатындай радиобайланысты ұйымдастырудың неғұрлым тиімді және оңтайлы тәсілі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет