Лекция 1 Кіріспе. Жоспар



бет16/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83
Лекция гимнастика

Психоқозғалысты қасиет. Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің барлығы жоғала бастайды, сондықтан өздері оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.


2. Гимнастика маманы дайындығын ұйымдастыру ерекшелігі.

Дене тәрбиесі мұғалімінің білімі.

Білім – мұғалімнің педагогикалық қызметінің мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дене тәрбиесі мұғалімнің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады.


Жалпы білім – мұғалімнің жалпы мәдениетін көрсететін саяси-қоғамдық білімдарлығы, көркем әдебиеттерді көп оқығандығы, көркем өнер саласында т.б. көптеген салалардағы білімдарлығы.
Кәсіптік қызметке өте қажет арнайы білімді екі топқа бөлуге болады:
- бірінші топқа психо-педагогикалық, медико-биологиялық және спорттық-педагогикалық білімдер жатады:

- екінші топқа жататындар: А. Теориялық білімдер. Бұлар дене мәдениеті тарихы, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, гигиена, валеология саласындағы т.б. Арнайы пәндерден алынған білімдер. Ә. Іс-тәжірибелік білімдер. Ол оқу бағдарламасында берілген спорттың түрлі жаттығуларын орындау шеберлігі. Б. Әдістемелік білімдер. Үйрету және дене қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру білімділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет