Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Лекция 29-30. Қателер және кемітулердің классификациясы



бет77/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Лекция гимнастика

Лекция 29-30. Қателер және кемітулердің классификациясы

Жоспар:

1. Жаттығулардың қиындығы.

2. Оқыту қозғалыс шеберлігін қалыптастыру үрдісі ретінде

3. Спортшының дайындалғандық жағдайын бақылау


1. Жаттығулардың қиындығы.

Спортпен айналысу көп жылдық үрдіс. Мектептік жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар. Мектепте өткізілетін жарыстарға қойылатын жалпы талаптар мынадай: а) жоспарлылық; ә) барлық қатысушылар үшін міндетті және қатаң түрде шектелген ережелердің тұтастығы; б) жарыстар үшін арнайы жабдықталған алаңның және орынның болуы; в) төрешілер және жарыстын өтуі кезінде қатысушыларды бақылаудың болуы. г) стандартты құрал-жабдықтардың болуы; ғ) қатысушыларды жынысы, жасы және техникалық жетістігі бойынша топтарға дәл бөлу; д) қатысушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізу; е) жоғары тұрған орындардың (білім беру бөлімдері, дене шынықтыру және спорт комитеттері) жарыс қорытындысын бекітуі.

Жарыс секциясындағы оқу-педагогикалық процеспен табиғи байланыста болуы үшін, ол мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

1. Кез келген спорттық жарыс оқу-машықтану жұмысының қорытындысы болуы керек. Осы жарыстың қатысушыларын алдын ала даярламай жарыс өткізуге болмайды.

Сондықтан да спорттық жарыстар оқу-спорт жұмыстарының жоспарында қарастырылуы керек. Барлық уақытта да жоспардан тыс кенеттен болатын жарыстардан аулақ болған жөн.

  1. Спорттық жарыстар, осы жарыстың ережелерімен; бағдарламалары қатысушыларға күні бұрын белгілі болсағана өткізілуі керек.

3. Спорттық жарыстардың бағдарламасы сол секция немесе сыныптық оқу-спорт бағдарламасынан алынуы қажет, ал өзінің көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың жасы мен жынысына сәйкестендіріліп алынуы керек.

4. Кез келген жарыста мынадай негізгі жағдайлар жүзеге асырылуы керек жарыстың педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы және оның саяси бағыттылығы, қатысушылардың бағдарламаны орындауға шамасы келуі; бағдарламаның қатысушыларға арналған мақсаты көпшілікті қамтуы, ұжымшылдығы командалардың, топтардың, ұжымдардың қатысуы және осыған байланысты жекелеген қатысушылардың жеке жетістіктерін бір мезгілде анықтай отырып ұжымдық сынақ алу, сол жарыстың Президент сынамаларының нормативтерін және спорттық разряд нормасын тапсырумен байланысы, маманданған төрешілік етумен қамтылуы және жарысқа даярлық барысында насихат жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, жарысты өткізу және қорытындысын бекіту, жарыстың барлық кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың болуы.

Жұмыстың түрлері. Ресми ережелер бойынша мектеп жарыстарының мынадай түрлері белгіленген: мектепішілік, мектепаралық (жолдастық кездесулер), барынша көп аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың бұл аталған түрлерінің әрқайсысы жарысқа қатысушылардың даярлығына көптеген талаптар қоятын баспалдақ болып есептеледі.

Мектепішілік жарыстар секция ішіндегі, сыныптар арасындағы, қосарланған және аралас сыныптар (7-8, 9-10) арасындағы жарыстарға, Президент сынамалары бойынша жарыстарға бөлінуі мүмкін. Әдетте, жоғары сыныптарда өткізілетін «Дене даярлығының байқауы» ерекше орын алады. Сынақтық сипатына қарай бұл аталған жарыстар командалық, жекелей-командалық, жекелей және классификациялық түрде болуы мүмкін.

Мектептегі спорттық жарыстарды өткізу тәсілдері бойынша қатысушылардың бәрі бірге, бір уақытта, бір алаңда қатысатын жүзбе-жүз өткізілетін жарыстарға, жарысқа қатысушылар әр басқа жерде, бірақ сол жарыстың «Ережесі» бойынша қатысатын сырттай өткізілетін жарыстарға бөлінеді. Секция мен сынып ішілік жарыстарға мұғалімдер байқау, жолдастық матчтар мен кездесулер, секция мүшелерінің арасындағы жабық жарыстар, іріктеу жарыстары секілді жарыс түрлерін қолданады.

Секциядағы сабақты өткізу барысында мұғалім ойын, эстафета, жарыстың қарапайым элементтері бар ойындар («Кім биікке секіреді?», «Кім шапшаң?», «Кім дәл көздеп лақтырады») бойынша жарысуды кең түрде пайдаланады. Тіпті кіші топтардың өзіне спорттың сол түрімен таныстыруға мұғалім бұрын үйретілген спорттық жаттығуларды жақсы орындау сапасын анықтау мақсатында жарыс элементтерін: аз қадам жасап 10-15 м-ді жүгіріп өтуді, таудан шаңғымен түсіп, таяқпен жасалынған қақпаға енуді, орындау сапасы бағаланатын дайындық жаттығуларынан немесе қосалқы гимнастикалық жаттығулар жиынтығынан сынақ тапсыруды, белгілі бір әрекеттер жасап шығыршыққа доп лақтыру және т. б. енгізе алады.

Жарыстардың әр түрлілігінің өзі олардың әдеттен тыс көп екендігін көрсетеді, нәтижесінде барынша көп түрлі ұжыммен және барынша көп жағдайларда жарыс әдістерін пайдалану нәтижесінде қолма-қол жүзеге асырылатын үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіледі. Сонымен бірге жарыстардың әдістері ең төменгі жастағы оқушыларға да қолданылатындығы өзінен-өзі түсінікті: барлығы да жарыстар қалай ұйымдастырылды, онда нелер қолданылды - бәрін көріп-білетін болады.

Спортты үйрену немесе меңгерудің үш сатысын қарастырсақ, онда осы сатылардың әрқайсысына сәйкес келетін жарыстарды өткізу түрлерін (жолдарын) табуға болады. Бірінші кезең үшін бұл - тапсырма түріндегі жаттығулар, ол - алғашқы үйренген қимылды бар мүмкіндігінше күрделендіру түріндегі жарыс элементтері. Бұдан әрі осы спорттың жаттығулардың меңгерілген техникасын орындау сапасын анықтау мақсатындағы жарыстар, белгіленген нормалар мен сынақтық. талаптарды және басқаларды тапсыру жарыстары жалғасады. Ақырында, Қазақстан Республикасы Спорт және туризм агенттігі жасөспірімдер жа-рыстары үшін белгілеген ережелер бойынша өткізілетін жарыстар басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет