Омонимдес аффикстер. Бiр түбiрден кемiнде екi сөз тудыратын айтылуы бiрдей, мағынасы мен қызметi бөлек-бөлек аффикстердi омонимдiк аффикстер деймiз. Оларға мыналар жатады:
-т, -ыт, -iт – 1. құмарт, сейiлт, қарауыт, кеңiт (етiстiк)
2. бөгет, шабыт, iркiт, сарқыт (зат есiм)
3. сұрат, тарылт, қуант (өзгелiк етiс)
-н, -ын, -iн –1. тегiн, талпын;
2. жиын, толқын, киiн;
3. сырғы, қырғы.
-ғыш, -гiш 1. сүзгiш, ескiш, iлгiш, сорғыш.
-қыш, -кiш 2. жазғыш, тапқыш т.б.
Дара және көп мағыналы аффикстер.Олар мыналар :
1. –ға, -ге 1. барыс септiгi.
2. –қ, -к – 1. жақтық мағына;
2. көптiк мағына.
3. –ымыз, -iмiз 1. жақтық мағына;
2. тәуелдiлiк мағына;
4. - ы - 1. тәуелдiлiк мағына;
2. жақтық мағына.
Синонимдес аффикстер: а) –шақ, -шек, -қақ, -кек, -қыш, -ғыш, -қыр, -ғыр, -кiр, -гiр. –ұрыншақ, сүрiншек, ұялшақ дегендер ұрынғыш, сүрiншек, ерiнгiш, сөздерiн ұрысқақ сөзi ұрысқыш сөзiмен синонимдес.
-кер, -гер аффиксi –шы, -шi аффикстерiмен синоним-дес. Мысалы: жұмыскер, жұмысы, қызметкер, қызметшi.
Антонимдес аффикстер: -лы, -лi, -сыз, -сiз –таулы, -таусыз, сулы, сусыз т.б.
Тiлдегi сөздердiң морфологиялық құрылымы өзгерiп отырады. Оған әсер етiп отыратын грамматикалық процес-тер бар. Олар: сiңiсу, жылысу, күрделену, декорреляция, диффузия құбылысы.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, кiрiгу нәтижесiнде сөздiң морфологиялық жiгi-нiң күңгiрттенiп, морфемаға мүшеленбеуiне әкелiп соғатын процестi сiңiсу құбылысы деймiз. Мысалы: сексен, тоқсан, бiлезiк, қарлығаш тiмтiн, тiмiскiле т.б..
Сөз құрамындағы мрофемалардың бiрiнiң элементi екiншiсiне ауысып отыру құбылысын жылысу құбылысы деймiз. Мысалы: Iлiк септiгiнiң алғашқы формасы - ың, -iң түрiнде болған. Кейiн келе түбiр құрамындағы н дыбысының келесi буынға жылысуы себептi - ның, - нiң, түрiнде қолданылатын болған. Мен-iң ,се-нiң; Сарғай >сарығ+ай >сарығай >сарғай. Қазақ тiлiндегi -шылық, -шiлiк, -лас, -лес, -ңқы, -ыңқы, -нды, -ынды, -қылықты, -ғылықты деген қосымшалар сiңiсу және жылысу негiзiнде пайда болған.
Негiздiң туынды негiзге айналуын күрделену құбылысы деймiз. Мысалы: басмач+и-басмачи, лекция > лект+uj (лектор)
Сөздiң морфологиялық құрамы, саны, орны өзгермей, тек сипаты мен мағынасының өзгеруiн декорреляция процесi деймiз. Мысалы: басқа, текте, бiрге, кешке сөздерiнiң құрамындағы –қа, -ге қосымшасы барыс септiгi жалғауы қызметiнен айрылып, үстеуге айналған немесе кенеттен, төтесiнше, шалқасынан дегендердiң құрамындағы шығыс септiгiнiң жалғауы консервацияланып, өз қызметiнен айры-лып, үстеуге айналған; жабу, көсеу, егеу, жайлау дегендердiң құрамындағы – у қосым-шасы да етiстiк мағынасынан зат есiм мағынасына көшкен т.б.
Сөз құрамындағы морфологияның арасындағы бiркелкi дауыстының немесе дауссыздың өзгерiп, тұтасуы нәтижесiнде ажыралу мүмкiндiгi қиындайтын құбылысты диффузия құбылысы деймiз. Мысалы: при+иду > приду.
Достарыңызбен бөлісу: |