орталардың сипаттамасы. Микроорганизмдердің қорек көзіне қажеттілігі.
7
Су – арзан болса да масса жағынан ең маңызды шикізат түрі.
Биотехнология өнімдерінің көптеген түрлері су сапасымен анықталады. Су
биологиялық жағынан таза болуы қажет (1 мл суды микроорганизмдер саны
100-ден аспау керек), түссіз, дəмсіз жəне иіссіз болуы керек жəне ол тұнбауы
керек. Судың буланғаннан кейінгі қалдығы 1 г/л-ден аспау керек, жалпы
кермектігі 7 мг-экв/л-ден аспау керек. Аса кермек су ферментация процесіне
кері əсерінен тигізеді. Су құрамындағы зиянды заттарға шектеулер қойылған:
қорғасын – 0,1 мг/л-ге дейін, мышьяк – 0,05 мг/л-ге дейін, фтор – 1,5 мг/л-ге
дейін, цинк – 0,5 мг/л-ге дейін, мыс – 3,0 мг/л-ге дейін.
Көміртектің қорек көздері.
Көмірсулар – ферментация процесінде жиірек қолданатын заттар. Оларға
төменде келтірілген қоспалар жатады:
Глюкоза С
6
Н
12
О
6
; ылғалдылығы 9%- ға дейін; күл мөлшері – 0,07%-ға
дейін, соның ішінде темір – 0,03%-ға дейін.
Сахароза С
12
Н
22
О
11
; ылғалдылығы 0,15%- ға дейін; күл мөлшері –
0,03%-ға дейін.
Меласса – қант өндірісінің қалдығы (қант кристалдарын бөліп алғаннан
соң қалған буланған сұйық). Оның түсі қара-қоңыр болып келеді, тығыздығы
1,35-1,4 г/мл, құрамында 40-55% сахароза, 0,5-2% инвертті қант бар. Сонымен
қатар құрамына аминоқышқылдар мен В тобындағы витаминдер (биотин – 80
мг/т) кіреді. Күлінде калий, магний, темір көп. Меласса маусымдық өнім, оны
сақтау кезінде микроорганизмдердің əсерінен қант азаюы мүмкін.
Жүгері ұны. Құрамында 67% крахмал, 10% басқа көмірсулар, 12%
белоктар болады. Ылғалдылығы 15%-ға дейін; күл мөлшері – 0,9%-ға дейін.
Күлінде калий, магний, фосфор көп. Ағаш гидролизаты. Ағаштың өзі
микроорганизмдер үшін «дəмді» шикізат емес, бірақ алдын ала өңдесе –
жоғарғы температурада қышқылдық гидролиздесе – гидролизатқа айналады.
Целлюлоза мен пентозандар глюкозаға жəне басқа қанттарға дейін
гидролизденеді. Құрамындағы қанттың мөлшері ағаш табиғатына жəне
гидролиз технологиясына байланысты 4-8% болады.
Көміртектің көмірсулардан басқа көздері.
Көмірсутек газдар – метан, этан, пропан, бутан – ас белоктарын жəне
биомассаны қайта өндіру өнімдерін алу үшін пайдаланылған.
Достарыңызбен бөлісу: